Астанада Білім күні атап өтілуде

1 Қыркүйек 2013, 06:37

Бүгін Қазақстан бойынша Білім күні мерекеленуде. Астананың барлық 83 мектебінде мерекелік іс-шаралар өтеді. Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған 11 мыңнан астам балғын үшін алғашқы қоңырау соғылады. Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Балаева № 15, 36, 61, 21 және 49 мектептерде, лицейлерде болып, оқу мекемелерінің мұғалімдерімен және оқушыларымен кездесті. «Бүгін 92 000 астам оқушы партаға отырады. Соның ішінде 11 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады. Сендердің басты мақсаттарың жақсы білім алып, Қазақстанның лайықты азаматы болу. Бәріміз де өз Отанымыздың патриоттары болуымыз керек, мәдениетімізді мақтан етіп, тарихымызды біліп, мемлекеттік тілді құрметтеп, меңгеруіміз керек. Патриот болу - бәріміз де мақтан ететін өз мектебімізді, ауламызды, қаламызды сүю болып табылады»,- деді А. Балаева, оқушыларды Білім күнімен құттықтай отырып. Оның атап өтуінше, бүгін Астананың барлық мектептері педагогтармен қамтамасыз етілген. Елордада 11 142 мұғалім жұмыс істейді. Мұнымен қоса, биыл 180 жас маман жұмысқа қабылданды. «Алдағы 2013-2014 оқу жылы әрбір педагогикалық ұжымның қызметіндегі негізгі бағыт - мемлекеттік стандарттарға сәйкес білім беру сапасын арттыру болуы тиіс»,- дейді ол. Қазіргі уақытта қалада 83 мектеп жұмыс істейді. Соның ішінде 71 мемлекеттік және 12 жеке меншікті мектеп.  «Бүгін тағы да бір жаңа мектеп ашылды. № 71 мектеп 1200 орынға есептелген. Жыл соңына дейін тағы да 2 мектеп ашу жоспарланған. Бірақ оқу орындарының тапшылығы сақталып отыр. Мұның басты себептерінің бірі - халықтың көші-қоны болып таыблады. жазда көші-қон процестерінің есебінен Астанаға 4 мыңнан астам оқушы келді»,- деді  А.Балаева. Оның сөзіне қарағанда, мектептер 98,4% оқулықтармен қамтамасыз етілген. «Оқу қорының жақсы сақталуының арқасында біз оқушыларды қамтамасыз етуді 100% жақындаттық»,- деді ол. Бұдан басқа, елорданың барлық мектептерінде ыстық тамақ беріледі, бұл баланың ағзасын қалыптастыруда маңызды роль атқарады. «Барлық мектептерде тамақ беру ұйымдастырылды. Асханалар жаңғыртылған техникалық қондырғылармен жабдықталды. Оқушылардың жалпы санының 75,5% ыстық тамақпен, 24,5 % буфеттік тамақтандырумен қамтылған»,- деді қала әкімінің орынбасары. Бүгінгі мерекелік іс-шаралар Білім күніне және Патриотизм күніне арналған сыныптық сағаттармен жалғасты. Бұл сабақтардың мақсаты барша қазақстандықтардың басты құндылықтарын - еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін, еліміздің қалыптасуы мен дамуындағы Тұңғыш Президентіміздің ролін оқушылардың санасына бекіту болып табылады. http://astana.kz

Бүгін Қазақстан бойынша Білім күні мерекеленуде. Астананың барлық 83 мектебінде мерекелік іс-шаралар өтеді. Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған 11 мыңнан астам балғын үшін алғашқы қоңырау соғылады.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Балаева № 15, 36, 61, 21 және 49 мектептерде, лицейлерде болып, оқу мекемелерінің мұғалімдерімен және оқушыларымен кездесті.

«Бүгін 92 000 астам оқушы партаға отырады. Соның ішінде 11 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады. Сендердің басты мақсаттарың жақсы білім алып, Қазақстанның лайықты азаматы болу. Бәріміз де өз Отанымыздың патриоттары болуымыз керек, мәдениетімізді мақтан етіп, тарихымызды біліп, мемлекеттік тілді құрметтеп, меңгеруіміз керек. Патриот болу - бәріміз де мақтан ететін өз мектебімізді, ауламызды, қаламызды сүю болып табылады»,- деді А. Балаева, оқушыларды Білім күнімен құттықтай отырып.

Оның атап өтуінше, бүгін Астананың барлық мектептері педагогтармен қамтамасыз етілген. Елордада 11 142 мұғалім жұмыс істейді. Мұнымен қоса, биыл 180 жас маман жұмысқа қабылданды.

«Алдағы 2013-2014 оқу жылы әрбір педагогикалық ұжымның қызметіндегі негізгі бағыт - мемлекеттік стандарттарға сәйкес білім беру сапасын арттыру болуы тиіс»,- дейді ол.

Қазіргі уақытта қалада 83 мектеп жұмыс істейді. Соның ішінде 71 мемлекеттік және 12 жеке меншікті мектеп. 

«Бүгін тағы да бір жаңа мектеп ашылды. № 71 мектеп 1200 орынға есептелген. Жыл соңына дейін тағы да 2 мектеп ашу жоспарланған. Бірақ оқу орындарының тапшылығы сақталып отыр. Мұның басты себептерінің бірі - халықтың көші-қоны болып таыблады. жазда көші-қон процестерінің есебінен Астанаға 4 мыңнан астам оқушы келді»,- деді  А.Балаева.

Оның сөзіне қарағанда, мектептер 98,4% оқулықтармен қамтамасыз етілген.

«Оқу қорының жақсы сақталуының арқасында біз оқушыларды қамтамасыз етуді 100% жақындаттық»,- деді ол.

Бұдан басқа, елорданың барлық мектептерінде ыстық тамақ беріледі, бұл баланың ағзасын қалыптастыруда маңызды роль атқарады.

«Барлық мектептерде тамақ беру ұйымдастырылды. Асханалар жаңғыртылған техникалық қондырғылармен жабдықталды. Оқушылардың жалпы санының 75,5% ыстық тамақпен, 24,5 % буфеттік тамақтандырумен қамтылған»,- деді қала әкімінің орынбасары.

Бүгінгі мерекелік іс-шаралар Білім күніне және Патриотизм күніне арналған сыныптық сағаттармен жалғасты. Бұл сабақтардың мақсаты барша қазақстандықтардың басты құндылықтарын - еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін, еліміздің қалыптасуы мен дамуындағы Тұңғыш Президентіміздің ролін оқушылардың санасына бекіту болып табылады.

http://astana.kz

Бөлісу: