1 қыркүйек қарсаңында тұрмысы нашар және көп балалы отбасыдан шыққан 20-дан астам балаға мектеп жабдықтары берілді. Бұл туралы astana.kz сайтына Балалардың құқығын қорғау басқармасынан хабарлады.
Іс-шара «Мектепке жол» акциясы аясында №52 мектеп-гимназиясының базасында өтті.
«Тұрмысы нашар және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға мектеп формасы, кеңсе тауарлары, аяқ киім, күртешелер мен етік түрінде материалдық көмек көрсетілді»,- деп хабарлады ведомстводан.
Акцияны Балалардың құқығын қорғау басқармасы Дін істері басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.
Айта кетейік, биыл мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпкерлерден басқа, Нұр-Астана мешіті де белсенді қатысуда.
Еске салайық, «Мектепке жол» республикалық акциясы 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында өтеді. Акцияның мақсаты - тұрмысы нашар және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету болып табылады.
ҚазАқпарат.