30-31 тамызда Астанада ҚР Конституция күніне орай бұқаралық спорт жарыстары ұйымдастырылады. Оған қаланың барлық тұрғындары мен қонақтары қатыса алады. Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.
Екі күн бойы «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда және «Студенттер саябағында» мәдени-бұқаралық шаралар өтеді, әсіресе, спорттық жарыстарға баса назар аударылады.
30 тамызда әкімдік алдындағы алаңда қазақ күресі, гір көтеру, дартс, тоғызқұмалақтан жарыстар ұйымдастырылады. Ал 31 тамызда армрестлинг, арқан тарту, дойбыдан сайыстар өтіп, дзюдо мен самбо спортшылары өнер көрсетеді.
30 тамызда «Студенттер саябағында» спортшылар академиялық есу, байдаркамен және каноэмен есу, стритбол, бұқа тартыс, гір көтеруден бақ сынасады. 31 тамызда дартс, асық ату, армрестлинг, академиялық есу, байдаркамен және каноэмен есу жарыстары жалғасады.
Бүгін «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда арқан тарту, асық ату, шахмат, армрестлинг жарыстары өтеді. Ертең қатысушылар гір көтеру, бұқа тартыс, тоғызқұмалақ ойнайды.
Барлық спорттық іс-шаралар сағат 10.00-19.00 дейін өтеді.
astana.kz