Астанада Конституция күні мерекеленіп жатыр

30 Тамыз 2013, 05:40

Бүгін елімізде Қазақстан Республикасы Конституциясының 18 жылдығы атап өтілуде. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында алтын әріптермен жазылған бұл күні әлеуметтік-экономикалық даму, ішкі саяси тұрақтылық, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және Қазақстанды халықаралық деңгейде мойындатудың құқықтық негіздері көрсетілген еліміздің бас құжаты қабылданды. Бүгін елордада күннің суық болғанына қарамастан барлық алаңдарда концерттік бағдарламалар өтеді, мерекелік сауда қызады. Әкімдік алдындағы орталық алаңда, «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда және «Студенттер саябағында» халықтық серуендер өтуде. Мереке күні елорда тұрғындары мен қонақтары отбасыларымен бірге демалады. Аталған іс-шаралар сағат 10.00 -19.00 өтеді. Жастар үшін сағат 18.00-21.00 әкімдік алдындағы орталық алаңда қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен би кеші өтеді. Бұдан басқа, сағат 11.00 «Көктал» тұрғын үй алабында мерекелік концерт, ал Орталық паркте Жастар саясаты мәселелері басқармасының мұрындық болуымен аула клубтарының фестивалі ұйымдастырылады. Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының қоладуымен спорттық іс-шаралар өтеді. Таңертең әкімдік алдындағы орталық алаңда басталған мектеп жәрмеңкесінде мектеп жабдықтары мен киім-кешектерді төмендетілген бағамен сатып алуға болады. Мерекелік іс-шараларды өткізуге халықтың барлық топтары тартылды. Атап айтқанда, еліміздің және өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан қоғамдық және жастар ұйымдары, этномәдени орталықтар, саяси партиялар мен қала тұрғындары. astana.kz

Бүгін елімізде Қазақстан Республикасы Конституциясының 18 жылдығы атап өтілуде. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында алтын әріптермен жазылған бұл күні әлеуметтік-экономикалық даму, ішкі саяси тұрақтылық, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және Қазақстанды халықаралық деңгейде мойындатудың құқықтық негіздері көрсетілген еліміздің бас құжаты қабылданды.

Бүгін елордада күннің суық болғанына қарамастан барлық алаңдарда концерттік бағдарламалар өтеді, мерекелік сауда қызады.

Әкімдік алдындағы орталық алаңда, «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда және «Студенттер саябағында» халықтық серуендер өтуде. Мереке күні елорда тұрғындары мен қонақтары отбасыларымен бірге демалады. Аталған іс-шаралар сағат 10.00 -19.00 өтеді.

Жастар үшін сағат 18.00-21.00 әкімдік алдындағы орталық алаңда қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен би кеші өтеді.

Бұдан басқа, сағат 11.00 «Көктал» тұрғын үй алабында мерекелік концерт, ал Орталық паркте Жастар саясаты мәселелері басқармасының мұрындық болуымен аула клубтарының фестивалі ұйымдастырылады.

Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының қоладуымен спорттық іс-шаралар өтеді.

Таңертең әкімдік алдындағы орталық алаңда басталған мектеп жәрмеңкесінде мектеп жабдықтары мен киім-кешектерді төмендетілген бағамен сатып алуға болады.

Мерекелік іс-шараларды өткізуге халықтың барлық топтары тартылды. Атап айтқанда, еліміздің және өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан қоғамдық және жастар ұйымдары, этномәдени орталықтар, саяси партиялар мен қала тұрғындары.

astana.kz

Бөлісу: