Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті дегеніміз – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.
Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды:
тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы);
этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері);
коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).
Сөйлеу мәдениеті орфоэпиялық нормаға негізделеді. Орфоэпиялық норма – сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма – сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан норма саналады. Сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл күйге әсер ететін шынайылығы (ол қарапайым сөзден немесе бейнелі образды сөздерден құралуына қарамастан), көркемдігі маңызды рөл атқарады.
Сөз мәдениетін қалыптастыруға қажетті лингвистикалық орталықтар қатарына лингвистикалық болжау орталығы жатады. Лингвистикалық алдын ала болжау орталығы дәстүрлі тіл жүйесінің сапалық және сандық бағыттарын кешенді түрде зерттеу міндеттерін, сөз, сөйлеу қызметінің дәстүрін қалыптастыру мәселесін қарастырады. Сөз мәдениетіне қатысты лингвистикалық экология тіл және сөз мәдениетінің экологиясы деп аталады. Сөз мәдениетінің экологиясына тілдік ситуация, тілдік сана, тілдік орта, тілдік ортаның тазалығы, сөз қызметіндегі стилистикалық қатынастардың бұзылуы, сөйлеу этикасы мәселелері, сөз мәдениеті және мониторинг, т.б. мәселелер жатады.
Тіл мәдениетіне тілдің құрылымдық жүйесіндегі орфоэпикалық, пунктуациялық, лексикалық-грамматикалық, синтаксистік нормалар қамтылып, олардың коммуникативтік эстетикалық қызметі толық айқындалған жағдайда стилистикалық норма жүзеге асады. Стилистикалық норма сөйлеушінің тілдік сөйлеу тәртібін қалыптастырады. Сөз мәдениеті көркем сөйлеуде, ғылыми-көпшілік немесе ресми ортада, тіпті ауызекі сөйлеу стилінде тілдің барлық салаларымен тамырлас келеді. Сөйлеу мәдениеті топ алдында мәдениетті сөйлеу, оның алғышарттарын, әдіс-тәсілін танып білу, озық үлгілерін меңгерудің жолдарын, нақты қасиеттерін ұғыну сияқты мәселелермен тығыз байланысты.
Қазіргі уақыт талабына сай әлемдік тіл білімінде Тіл мәдениеті «сөйлеудің тиімділік теориясы» деп аталып, әсер ету мен әрекеттестік бағытында зерттелуде.
Қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру – ұлттық мүдде талаптарының бірі. Қазақ Тіл мәдениетінің үлкен бір саласы – сөйлеу мәдениеті, оны жоғары деңгейге көтерудің басты заңдылығы – дұрыс айту нормасы. Жазу және сөйлеу мәдениетінің қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы орны және оның орфографиялық ережелерді жүйелеу мәселелерімен байланысы қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттеліп келеді. Сөйлеу мәдениетін ұлттық мүдде ретінде тану; сөз мәдениетіне әлеуметтік көзқарасты қалыптастыру, сөз мәдениетін әлеуметтік ғылымдар мен ұлттық мәдениеттің ең басты тірегі ретінде бағалау, сөз мәдениетін ұлт мәдениетімен қатар насихаттау, лингвистикалық болжау орталықтарын ашу, сөз мәдениетіне қарама-қарсы құбылыс - лингвистикалық экологияны жеке сала ретінде қарастыру, «әсем жеткізу» ұстанымдары негізінде сөз мәдениетін жетілдіру, т.б. мәселелерді дұрыс жолға қою негізінде Тіл мәдениеті дамиды.
ХҮІІІ ғасырдағы ағылшынның атақты теңізшісі. Ол оңтүстік материк (Австралия) жағалауын, Үнді мұхитын зерттеп, көптеген аралдар ашты. Кук 1728 жылы Йоркшир ауданында туған. 17 жасында Кук балық аулайтын кемеде шәкірт болып қызмет істейді. , онда қожайынымен келісе алмай, тас көмір таситын Ағалшындардың кемесіне қызметке орналасады. Екі жылда ол белгілі көмірші болды. Кукке Голландиядан, Норвегиядан шәкірттер келіп, одан білім алатын болған. Бұдан кейін Кук Балтық теңізіне жүзіп, Петербургке барады. Оны бұрынғы кеме иесі шақырып алып, кеме командирінің орынбасары етіп тағайындайды. Жеті жылға созылған ағылшын-француз соғысы кезінде Кук өзі сұранып, бір әскери кмеге матрос болып орналасады, бұл кеме командирі Хью Паллиесер еді. Ол білгір матросқа назар аударып, кейіннен оған офицер шенін береді де, она Канаданың Лаврентий өзені бойында француздарға қарсы жүріп жатқан Соғыстарға жібереді. Ол бұл өзеннің тереңдігін өлшеп, кеме жүзуге болатындығын дәлелдейді. Бұл соғыста ағылшындар жеңіп шығады да Кук кемесі 1759-1760 жылдары жағада тұрады. Бұл кезде Кук геометрия, астрономия ғылымдарын үйренеді. 1762 жылы Куктың Ньюфаундленд аралының оңтүстік-шығысын зерттеуге жібереді. Ол бұл жұмысты ойдағыдай орындайды. Сөйтіп, 1764 жылы Ньюфаундленд аралының бас гидрографы болып, мұнда 1767 жылға дейін жұмыс істеді. 1768 жылы Британия империясы оңтүстік материкті зерттеуге экспедиция ұйымдастырды. Жеті жылдық соғыстан кейін Англияның Атлант мұхиты мен Үнді мұхитында үстемдігі басым болды. Ал француз кемелері үлкен экспедиция жіберді. Бұл кезде Тынық мұхитта испан кемелері де жүзе бастаған, өйткені олар жеті жылдық соғыста француздар жағында болып, ағылшындарға қарсы соғысқан болатын.
1768 жылы 20 ақпанда Кук тынық мұхитқа шығып, оны зерттей бастайды. Кук экспедициясында – географ, гидрограф, астроном тағы басқа ғалымдар бар еді. Кук жаңа Зеландия, Австралия жағалауларын тағы да басқа көптеген аралдарды ғылыми тұрғыдан жан жақты зертттеді. Ол ашқандарын картаға түсіріп отырды. Оның кемесі 1771 жылы 12шілдеде Англия жағалауына келіп тоқтайды.
1772 жылы Кук жер шарын айналып шығуға екінші рет аттанады. 1773 жылы 17 ақпанда Кук тұңғыш рет 3935’шығыс бойлықтағы Оңтүстік поляр шеңберінен өтті. Оңтүстік жарты шар суын зерттеп 58 – 60 градус оңтүстік ендік бойымен 97 – 147 градус шығыс бойлыққа жетті, содан кейін Жаңа Зеландияға келді.
Кук тағы да үшінші рет оңтүстік экспедицияға аттанды. 1773 жылы 18 желтоқсанда Ол Антарктида материгіне қарай екінші рет, Оңтүстік поляр шеңберінен өтті. 67 21′ Оңтүстік ендікте болды. 1774жылы 26 ақпанда Оңтүстік поляр шеңберінен үшінші рет өтіп барып Антарктидаға жақындады. 30 ақпанда ол Антарктидаға жақындап барды, бірақ Д.Кук оны жер шарының алтыншы материгі екенін білмеді, «бұдан әрі жер жоқ, онда адам тұра алмайды» деген оймен Англияға оралды.

-