Қазақстанның ғылым саласына Samsung-тың озық технологияларын ұсыну мен енгізуге мүмкіндік жасалуда.Бұл туралы бүгін «Samsung Electronics Kazakhstan and Central Asia» компаниясының президенті Сын Сик Чой мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Біздің компания жоғары технологиялар саласындағы үздіктердің көш басында келеді, сондай-ақ біз өзіміздің көшбасшылығымызды индустрия саласында да қолдануды жоспарлап отырмыз. Samsung өзі тұрып жатқан елдердің салалық және кадрлық әлеуетін дамытуға ерекше көңіл бөледі. Сондықтан Назарбаев Университеті сияқты озық мекемемен орнатқан әріптестік Қазақстанның ғылым саласына Samsung-тың озық технологияларын ұсыну мен енгізуге мүмкіндік жасап қана қоймай, сонымен қатар қазақстандық әзірлеушілердің зерттеушілік әлеуетін ашуға және жетілдіруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Samsung Electronics Kazakhstan and Central Asia» компаниясының президенті Сын Сик Чой.
Сондай-ақ, оның айтуынша Назарбаев Университетімен бірге жүзеге асырылатын ағымдағы және болашақтағы барлық жобалар бизнестегі әріптестіктің есебінен білімге қолдау көрсетудің 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын дамыту, сондай-ақ «e-learning» оқыту жүйесін алға жылжыту мақсатында әзірленіп отыр.
«Samsung компаниясымен орнатылған әріптестік орнатқанымызға өз басым қуаныштымын. Осы әріптестік Назарбаев Университетінің қоғамдастығы үшін жаңа технологиялар мен заманауи техникалық шешімдерге жол ашады, - деп атап өтті Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу. – Біздің әріптестігіміз университет қызметінің түрлі аспектілерін – ғылым мен зерттеулерді, академиялық процестер мен студенттік өмірді қамтиды.
Еске сала кетсек, Назарбаев Университетінде «Samsung Smart Lab» зертханасы ашылады, ол толығымен компанияның құрал-жабдықтарымен және мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталатын болады. Осы орайда «Samsung Smart Lab» Назарбаев Университеті мен «Samsung Еlectronics» компаниясы арасындағы өзара түсіністік меморандумына қол қойылды.
Samsung Electronics Co., Ltd. тұтынушылық электрониканың және оны шығаруға қажетті негізгі құрамдас бөліктердің әлемге әйгілі өнім берушісі болып табылады. Зерттеулер мен инновацияларға елеулі көңіл бөле отырып, компания теледидарлардың, смартфондардың, дербес компьютерлердің, принтерлердің, камералардың, тұрмыстық аспаптардың, медициналық құрылғылардың, сымдар мен жарық диодты шамдардың алуан түрін шығарады. Компанияның әлемнің 79 елінде жұмыс істейтін 219 бөлімшесі бар. Компанияда 236 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді.
Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ