Бәйдібек ауданы

29 Тамыз 2013, 07:14

Бәйдібек ауданы – Оңтүстік Қазақстан облысының  орталық бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 7,2 мың км2 (облыс аумағының 6,1%-ын қамтиды). Тұрғыны 54,7 мың адам. Аудан жерінде 52 елді мекен, 11 ауылдық окург бар. Орталығы - Шаян ауылы. Шаян ауылының іргесі 1928 жылы бұрынғы Шаян  болысының негізінде Шаян ауданы болып қаланды. 1965 жылға дейін Шаян, 1996 жылға дейін Алғабас ауданы болып келді. Бәйдібек ауданы жері Қаратау  жотасының оңтүстік-батыс беткейінде, қырқалы жазықта жатыр. Оңтүстік-шығысын Боралдай  жотасы,Үлкентұра тауы (1425 м) алып жатыр. Жер қойнауынан полиметалл кені (Байжансай), әкетас, құрылыс материалдары барланған. Климаты континентті. Қаңтар айындағы жылдық орташа температура -4-6°С, шілде айында 25-28°С. Жылдық жауын-шашынның мөлшері жазық бөлігінде 250-300 мм, таулы өңірде 400-500 мм. Аудан аумағынан Шаян, Аоыстанды,  Бөген, Боралдай, Бестоғай, Сасықөзен өзендері және олардың салалары Үлкен Бөген, Бала Бөген, Қошқарата, Құтырған, тағы басқа ағып етеді. Қазақта Бәйдібек аудан тұсында Шаян өзенінде Қапшағай бөгеті салынған. Аудан жерінде Арыстанды өзенінің бойында әйгілі Арыстан-Қарабас желі соғады. Ауданның батысындағы шөлдің ашық сұр, сұр топырағында боз жусан, баялыш, бидайық, күйреуік, шығысындағы таудың сұр-қоңыр топырағында Қаратау жусаны, нарғия, т.б. шәптесіндер мен бұта аралас долана, тобылғы, жабайы алма, өрік; өзен бойларында тал,терек, жиде, қамыс өседі. Жанурарлар  дүниесінен таудаарқар, елік, қасқыр, жазығында қоян, қарсақ, саршұнақ; құстардан кекілік, бөдене, көкек, тағы басқа мекендейді. Елді мекендер негізінен өзен аңғарларының бойында орналасқан. Халықтың орташа тығыздығы 1 км 27,6 адамнан келеді. Халықтың негізгі бөлігі - қазақтар (53728), орыстар (78), өзбектер (29) тағы басқа 18 ұлт өкілдері тұрады. Тарихи ескерткіштерi Бәйдібек Қарашаұлы кесенесі Бәйдібек бүгіндері қиыр шеті Алтай, Шәуешек, көршілес Қытай халық республикасының Шыңжаң өлкесімен бірге республикамыздың Алматы, Жамбыл облыстары, Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Төлеби, Сайрам, Бәйдібек, Ордабасы аудандарын мекендеген ежелгі Алдан, Суан. Дулат, Сарыүйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақты ру тайпаларының түпкі аталары. Шежіре деректеріне сүйенсек, Бәйдібек қазақ елінің үш ұлы бірлестігін құраған Байшора, Жаншора, Қарашора (басқа бір деректерде Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс деп аталады) болса, үш жүздің Байшорасынан ұрпағы кең тараған Майқы, оның баласы Бақтиярдан, оның баласы Үйсіннен, оның баласы Ақсақалдан туған Қарашабидің үлкен баласы. Бәйдібек баба 1356-1419 жылдары Шығыс Қаратау өлкесінде өмір сүріп, осы ауданның қазіргі Бәйдібек ата елді мекені жерінде дүниеден өткен. Сүйегі Балабөген өзенінің жағасында жерленген. Бәйдібектің өмірі, заманы, өскен ортасы жайлы тарихи деректемелер негізгі Қазақ елінің шежіресі, ел ішінде сақталған аңыз-әңгіме және әйгілі Шығыс зерттеушісі ғалым-этнограф Н.А.Аристов, Ш.Уалиханов  жазбалары арқылы баяндалады. Өз заманында көшпелі елдің басын біріктіріп, елді, жерді сыртқы жау шапқыншылығынан қорғауды ұйымдастырушы және бастаушы, ақылшы, қолбасшы ретінде көрінетін аса ірі тарихи тұлға Бәйдібектің Балабөген өзеннің биік жағасында ежелден сақталған көне мазар күмбезі болған. Ескі мазар күмбез замана толқынымен қаншама рет бұзылып, қайта тұрғызылып келді. Қазіргі Бәйдібек ата күмбезі 1998 жылы облыстың бас сәулетшісі Ғабит Сұлтанғалиұлы Садырбаевтың жобасымен қайтадан тұрғызылды. Домалақ Ана кесенесі Домалақ ана - есімі Нұрила 1378-1456 жылдары өмір сүрген. Түркістандағы Яссы қыстағында туылған. Мақтым Ағзымның жалғыз ұлы ержүрек батыр Ақсақ Темірдің қарамағында әскер басқарған Әли Сланның қызы. Шешесінің есімі Нұрбике - Уәйіс ханның апасы еді. Домалақ ананың әкесі Әли Слан 1388 жылы Ақсақ Темір әскерінің құрамында Алтын Ордаға аттанарда әйелі Нұрбике мен Нұриланы (Домала ана), Түркістандағы әкесі Мақтым Ағзам  қожаның үйінде қалдырады. Бірде Түркістан маңындағы Қарашық өзенінде суға түсіп жатқанда Нұрбикені жылан шағып өлтіреді. Әкесі әскерден келмеген, анасынан тірідей айырылған Нұрила бабасы Мақтым Ағзамның тәрбиесінде өседі. Мақтым Ағзам Қожа Ахмет Яссауидің қызы - Гауһар бибінің ұрпағы еді. Нұрила- арап сөзі, қазақша «Алланың нұры» деген ұғым береді. Нұрила (Домалақ ана) - Бәйдібек бабамыздың үшінші әйелі. Тарихи жазбаларда Домалақ ананың адамгершілігі, әдептілігі, парасаттылығы мен шыншылдығы және аналық қасиетінің арқасында «Домалақ ана» аталуы жайлы көптеген деректер жазылған. Нұрила ана 1456 жылы мамырдың 28 жұлдызында қайтыс болғаннан соң, басына төрт қанатты күмбез орнатылады. 1906-1908 жылдары Ресейден қоныс аударып келген орыстардың тобыры күмбез-ескерткіштерді бұзып талқандап жібереді. 1908 жылдың жазында ақын Орынбай Тайманов (1867-1949) жаңа ескерткіш күмбез салдырады. 1942-1943 жылдары Шошқабұлақтың тұрғын орыстары, кәрістері тағы да бұзып тастайды. 1957 жылы тағы да жаңа күмбез салынады. 1998 жылы Домалақ ана кесенесі жаңартылып, 2000 жылы айналасын көркейту-көгалдандыру жұмыстары аяқталды. Кесененің құрылысын жүргізуші және жобасын жасаушы сәулетшісі - Саин Назарбеков.

Бәйдібек ауданы – Оңтүстік Қазақстан облысының  орталық бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 7,2 мың км2 (облыс аумағының 6,1%-ын қамтиды). Тұрғыны 54,7 мың адам. Аудан жерінде 52 елді мекен, 11 ауылдық окург бар. Орталығы - Шаян ауылы.

Шаян ауылының іргесі 1928 жылы бұрынғы Шаян  болысының негізінде Шаян ауданы болып қаланды. 1965 жылға дейін Шаян, 1996 жылға дейін Алғабас ауданы болып келді. Бәйдібек ауданы жері Қаратау  жотасының оңтүстік-батыс беткейінде, қырқалы жазықта жатыр. Оңтүстік-шығысын Боралдай  жотасы,Үлкентұра тауы (1425 м) алып жатыр. Жер қойнауынан полиметалл кені (Байжансай), әкетас, құрылыс материалдары барланған. Климаты континентті. Қаңтар айындағы жылдық орташа температура -4-6°С, шілде айында 25-28°С. Жылдық жауын-шашынның мөлшері жазық бөлігінде 250-300 мм, таулы өңірде 400-500 мм. Аудан аумағынан Шаян, Аоыстанды,  Бөген, Боралдай, Бестоғай, Сасықөзен өзендері және олардың салалары Үлкен Бөген, Бала Бөген, Қошқарата, Құтырған, тағы басқа ағып етеді. Қазақта Бәйдібек аудан тұсында Шаян өзенінде Қапшағай бөгеті салынған. Аудан жерінде Арыстанды өзенінің бойында әйгілі Арыстан-Қарабас желі соғады. Ауданның батысындағы шөлдің ашық сұр, сұр топырағында боз жусан, баялыш, бидайық, күйреуік, шығысындағы таудың сұр-қоңыр топырағында Қаратау жусаны, нарғия, т.б. шәптесіндер мен бұта аралас долана, тобылғы, жабайы алма, өрік; өзен бойларында тал,терек, жиде, қамыс өседі. Жанурарлар  дүниесінен таудаарқар, елік, қасқыр, жазығында қоян, қарсақ, саршұнақ; құстардан кекілік, бөдене, көкек, тағы басқа мекендейді. Елді мекендер негізінен өзен аңғарларының бойында орналасқан. Халықтың орташа тығыздығы 1 км 27,6 адамнан келеді. Халықтың негізгі бөлігі - қазақтар (53728), орыстар (78), өзбектер (29) тағы басқа 18 ұлт өкілдері тұрады.

Тарихи ескерткіштерi

Бәйдібек Қарашаұлы кесенесі

Бәйдібек бүгіндері қиыр шеті Алтай, Шәуешек, көршілес Қытай халық республикасының Шыңжаң өлкесімен бірге республикамыздың Алматы, Жамбыл облыстары, Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Төлеби, Сайрам, Бәйдібек, Ордабасы аудандарын мекендеген ежелгі Алдан, Суан. Дулат, Сарыүйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақты ру тайпаларының түпкі аталары.

Шежіре деректеріне сүйенсек, Бәйдібек қазақ елінің үш ұлы бірлестігін құраған Байшора, Жаншора, Қарашора (басқа бір деректерде Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс деп аталады) болса, үш жүздің Байшорасынан ұрпағы кең тараған Майқы, оның баласы Бақтиярдан, оның баласы Үйсіннен, оның баласы Ақсақалдан туған Қарашабидің үлкен баласы.

Бәйдібек баба 1356-1419 жылдары Шығыс Қаратау өлкесінде өмір сүріп, осы ауданның қазіргі Бәйдібек ата елді мекені жерінде дүниеден өткен. Сүйегі Балабөген өзенінің жағасында жерленген. Бәйдібектің өмірі, заманы, өскен ортасы жайлы тарихи деректемелер негізгі Қазақ елінің шежіресі, ел ішінде сақталған аңыз-әңгіме және әйгілі Шығыс зерттеушісі ғалым-этнограф Н.А.Аристов, Ш.Уалиханов  жазбалары арқылы баяндалады. Өз заманында көшпелі елдің басын біріктіріп, елді, жерді сыртқы жау шапқыншылығынан қорғауды ұйымдастырушы және бастаушы, ақылшы, қолбасшы ретінде көрінетін аса ірі тарихи тұлға Бәйдібектің Балабөген өзеннің биік жағасында ежелден сақталған көне мазар күмбезі болған. Ескі мазар күмбез замана толқынымен қаншама рет бұзылып, қайта тұрғызылып келді. Қазіргі Бәйдібек ата күмбезі 1998 жылы облыстың бас сәулетшісі Ғабит Сұлтанғалиұлы Садырбаевтың жобасымен қайтадан тұрғызылды.

Домалақ Ана кесенесі

Домалақ ана - есімі Нұрила 1378-1456 жылдары өмір сүрген. Түркістандағы Яссы қыстағында туылған. Мақтым Ағзымның жалғыз ұлы ержүрек батыр Ақсақ Темірдің қарамағында әскер басқарған Әли Сланның қызы. Шешесінің есімі Нұрбике - Уәйіс ханның апасы еді. Домалақ ананың әкесі Әли Слан 1388 жылы Ақсақ Темір әскерінің құрамында Алтын Ордаға аттанарда әйелі Нұрбике мен Нұриланы (Домала ана), Түркістандағы әкесі Мақтым Ағзам  қожаның үйінде қалдырады.

Бірде Түркістан маңындағы Қарашық өзенінде суға түсіп жатқанда Нұрбикені жылан шағып өлтіреді. Әкесі әскерден келмеген, анасынан тірідей айырылған Нұрила бабасы Мақтым Ағзамның тәрбиесінде өседі. Мақтым Ағзам Қожа Ахмет Яссауидің қызы - Гауһар бибінің ұрпағы еді. Нұрила- арап сөзі, қазақша «Алланың нұры» деген ұғым береді. Нұрила (Домалақ ана) - Бәйдібек бабамыздың үшінші әйелі. Тарихи жазбаларда Домалақ ананың адамгершілігі, әдептілігі, парасаттылығы мен шыншылдығы және аналық қасиетінің арқасында «Домалақ ана» аталуы жайлы көптеген деректер жазылған. Нұрила ана 1456 жылы мамырдың 28 жұлдызында қайтыс болғаннан соң, басына төрт қанатты күмбез орнатылады.

1906-1908 жылдары Ресейден қоныс аударып келген орыстардың тобыры күмбез-ескерткіштерді бұзып талқандап жібереді. 1908 жылдың жазында ақын Орынбай Тайманов (1867-1949) жаңа ескерткіш күмбез салдырады. 1942-1943 жылдары Шошқабұлақтың тұрғын орыстары, кәрістері тағы да бұзып тастайды. 1957 жылы тағы да жаңа күмбез салынады. 1998 жылы Домалақ ана кесенесі жаңартылып, 2000 жылы айналасын көркейту-көгалдандыру жұмыстары аяқталды. Кесененің құрылысын жүргізуші және жобасын жасаушы сәулетшісі - Саин Назарбеков.

Бөлісу: