Созақ ауданы

29 Тамыз 2013, 06:20

Созақ ауданы –Оңтүстік Қазақстан облысының  солтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 41,0 мың км² (облыс жерінің 35,0%-ын қамтиды). Тұрғыны 52,1 мың адам. Аудан аумағындағы 36 елді мекен 2 кенттік (Қыземшек, Таукент), 10 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы - Шолаққорған ауылы. Аудан 1928 жылы қаңтар айыңда мекеңдеген 6 болыс ел мен Жылыбұлақ болысы негізінде құрылды. Аудан жерінің көпшілік бөлігін тасты-құмды шөлді жазық (Бетпақдала, Мойынқұм) алып жатыр. Оңтүстік және оңтүстік-батысын ала Қаратау жотасы орналасқан. Солтүстік-батысында Ащыкөл ойысы, Тамғалы соры, орталық бөлігінде Тамғалынұра қонысы, шығысында Сүмбешетарал қонысы мен сор жерлер орналасқан. Созақ ауданының ең биік жері - Бессаз (Мыңжылқы) (2176 м). Климаты тым континенттіқ. Қысы солтүстігінде суық, оңтүстігінде біршама жылы. Жазы ыстық, қуаң, аңызақты. Қаңтар айының орташа жылдық температурасы -7-12°С, шілдеде 24-27°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150-250 мм. Қаратаудан Үшбас, Үштөбе, Торлан, Балдысу, Жылыбұлақ, тағы басқа шағын өзендер басын алады. Қызылкөл, Ақжайқын, Айдын, т.б. көлдері бар. Ауданда уран кентасы, таскөмір өндіріледі. Жерінің басым бөлігі сұр топырақты, сор, сортаңды, құмды. Өсімдіктерден жусан, бұйырғын, көкпек, жыңғыл, сексеуіл; таулы өңірде киік оты, тобылғы, қызылқайың өседі. Жануарлардан қасқыр, қарсақ, түлкі, қоян, жабайы шошқа, киік, күзен, борсық, бауырымен жорғалаушылар мекендейді. Созақ ауданының тұрғындарының құрамы көп ұлтты. Халқының 90% астамы - қазақтар, қалғаны - өзбектер, орыстар және басқа ұлт өкілдері. Аудандағы ірі елді мекендер: Шолаққорған, Созақ, Теріскей, Таукент, Қыземшек, Шақырық, Қарақұр, Құмкент ауылдары. Ауылда қаракөл қойын, түйе, жылқы, биязы жүнді қой, етті-сүтті ірі қара, астық өндіруге маманданған 10 кеңшар болған. Олардың негізінде 329 шаруашылық нысаны құрылды: 8 өнеркәсіп нысаны, 321 агроқұрылым. Өнеркәсіп кәсіпорындары облыстағы тау-кен өндірісінің негізгі (87,5%) өндірушілері. Ауыл шаруашылығының жетекші саласы - ет, сүт өндіру болып табылады. Ақбикеш мұнарасы Созақ жеріндегі қарт Қаратаудың батыс сілемдерінде орналасқан Ақсүмбе елді мекені - кезінде әйгілі қала болған. Қала орнынан 500 метрдей жерде қаламен бірге ХІІ ғасырда салынған Ақбикеш мұнарасы орналасқан. Тарихи деректерде Ақбикеш мұнарасы Әмір Темірдің Тоқтамысқа қарсы жорықтарында Дешті қыпшақ даласын бақылап отыру үшін қарауыл мұнарасы ретінде пайдаланылғаны айтылады. Сондай-ақ әртүрлі аңыздарда мұнараны Ақбикеш есімді арудың атымен байланыстырады. Ақбикеш мұнарасының әдепкі көлемі - ені 14 метр, биіктігі 25 метр болса, бүгінде ені 7 метр, биіктігі 11 метрге жуықтайды. Бүгінгі күні мұнараның сыртқы және ішкі кейіпі толық сақталғанымен, архитектуралық талаптарға сәйкес реставрация жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.

Созақ ауданы –Оңтүстік Қазақстан облысының  солтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 41,0 мың км² (облыс жерінің 35,0%-ын қамтиды). Тұрғыны 52,1 мың адам. Аудан аумағындағы 36 елді мекен 2 кенттік (Қыземшек, Таукент), 10 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы - Шолаққорған ауылы.

Аудан 1928 жылы қаңтар айыңда мекеңдеген 6 болыс ел мен Жылыбұлақ болысы негізінде құрылды. Аудан жерінің көпшілік бөлігін тасты-құмды шөлді жазық (Бетпақдала, Мойынқұм) алып жатыр. Оңтүстік және оңтүстік-батысын ала Қаратау жотасы орналасқан. Солтүстік-батысында Ащыкөл ойысы, Тамғалы соры, орталық бөлігінде Тамғалынұра қонысы, шығысында Сүмбешетарал қонысы мен сор жерлер орналасқан. Созақ ауданының ең биік жері - Бессаз (Мыңжылқы) (2176 м). Климаты тым континенттіқ. Қысы солтүстігінде суық, оңтүстігінде біршама жылы. Жазы ыстық, қуаң, аңызақты. Қаңтар айының орташа жылдық температурасы -7-12°С, шілдеде 24-27°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150-250 мм. Қаратаудан Үшбас, Үштөбе, Торлан, Балдысу, Жылыбұлақ, тағы басқа шағын өзендер басын алады. Қызылкөл, Ақжайқын, Айдын, т.б. көлдері бар. Ауданда уран кентасы, таскөмір өндіріледі. Жерінің басым бөлігі сұр топырақты, сор, сортаңды, құмды. Өсімдіктерден жусан, бұйырғын, көкпек, жыңғыл, сексеуіл; таулы өңірде киік оты, тобылғы, қызылқайың өседі. Жануарлардан қасқыр, қарсақ, түлкі, қоян, жабайы шошқа, киік, күзен, борсық, бауырымен жорғалаушылар мекендейді. Созақ ауданының тұрғындарының құрамы көп ұлтты. Халқының 90% астамы - қазақтар, қалғаны - өзбектер, орыстар және басқа ұлт өкілдері. Аудандағы ірі елді мекендер: Шолаққорған, Созақ, Теріскей, Таукент, Қыземшек, Шақырық, Қарақұр, Құмкент ауылдары. Ауылда қаракөл қойын, түйе, жылқы, биязы жүнді қой, етті-сүтті ірі қара, астық өндіруге маманданған 10 кеңшар болған. Олардың негізінде 329 шаруашылық нысаны құрылды: 8 өнеркәсіп нысаны, 321 агроқұрылым. Өнеркәсіп кәсіпорындары облыстағы тау-кен өндірісінің негізгі (87,5%) өндірушілері. Ауыл шаруашылығының жетекші саласы - ет, сүт өндіру болып табылады. Ақбикеш мұнарасы

Созақ жеріндегі қарт Қаратаудың батыс сілемдерінде орналасқан Ақсүмбе елді мекені - кезінде әйгілі қала болған. Қала орнынан 500 метрдей жерде қаламен бірге ХІІ ғасырда салынған Ақбикеш мұнарасы орналасқан. Тарихи деректерде Ақбикеш мұнарасы Әмір Темірдің Тоқтамысқа қарсы жорықтарында Дешті қыпшақ даласын бақылап отыру үшін қарауыл мұнарасы ретінде пайдаланылғаны айтылады. Сондай-ақ әртүрлі аңыздарда мұнараны Ақбикеш есімді арудың атымен байланыстырады.

Ақбикеш мұнарасының әдепкі көлемі - ені 14 метр, биіктігі 25 метр болса, бүгінде ені 7 метр, биіктігі 11 метрге жуықтайды. Бүгінгі күні мұнараның сыртқы және ішкі кейіпі толық сақталғанымен, архитектуралық талаптарға сәйкес реставрация жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.

Бөлісу: