Режиссер Эмир Байғазиннің «Үндестік сабақтары» атты тырнақалды туындысы биыл бірнеше жүлденің иегері атанды.
Берісі Ресей, арысы Германия, Швецария көрермендерінің көзайымына айналған фильм енді «Край света» атты Халықаралық Сахалин кинофестивалінің жүлдесінен үмітті.
Халықаралық кинофестивальдің конкурстық бағдарламасына ілінген қазақстандық фильм Ресей, Жапония, Филлиппин, Оңтүстік Корея, АҚШ елдерінен келген туындылармен бақ сынасады.
Фестивальге байқауда бақ сынайтын фильмдердің режиссерлері, продюсерлер мен актерлері қатысады. Фестивальдің бас жүлдесі – 30 мың долларға тең. Сондай-ақ фестиваль барысында «Үздік режиссер», «Үздік әйел рөлі», «Үздік ер адам рөлі» және «Көрермендер көзайымы» сияқты жүлделер таратылады. Бұл жөнінде кинофестивальдің ресми сайты мәлімдеп отыр.
Baq.kz