Елордада 6-шы қыркүйекте Отбасы күні мерекесіне орай «Отбасы және ұрпақтық-әлеуметтік әділеттілік» тақырыбында халықаралық конференция өтеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев хабарлады.
«8-ші қыркүйекте Қазақстан тұңғыш рет Отбасы күнін атап өтеді. Биылдан бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен бұл күн жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтіледі.
Мемлекет - отбасынан басталатынын, және біздің қоғамда негізгі отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын тағы да атап өткім келеді. Осы отбасы күніне орай 6-шы қыркүйекте Астанадағы Риксос қонақ үйінде Республикалық әйелдер кеңесі «Отбасы және ұрпақтық-әлеуметтік әділеттілік» тақырыбында халықаралық конференция ұйымдастырады», - деді ресми өкіл.
Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА