«АЗИЯ АВТО» - Škoda Superb-ның жаңа нұсқасын шығаратын әлемдегі үшінші зауыт

28 Тамыз 2013, 10:46

Қазақстанның «АЗИЯ АВТО» АҚ автоқұрастырушы зауыты Škoda Superb-ның жаңа нұсқасын шығаруды қолға алды. Әлемде Чехия мен Үндістаннан кейін үшінші болып «АЗИЯ АВТО» Škoda-ның басты моделінің жаңа нұсқасының өндірісін іске қосты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «АЗИЯ АВТО» АҚ зауытында  Škoda Superb-ның жаңа нұсқасының лифтбэк пен универсалын шығару ресми түрде басталды. Еліміздегі ең танымал D санатындағы моделі Өскеменде 7 жылдан бері шығарылып келеді. Škoda Superb моделінің екі буыны елімізде шығарылған болатын. Биыл сәуір айында флагмандық моделдің жаңа нұсқасы Шанхайдағы автошоуда көпшілік назарына ұсынылды. Әлемде Чехия мен Үндістаннан кейін үшінші болып «АЗИЯ АВТО» Škoda-ның басты моделінің жаңа нұсқасының өндірісін іске қосты. Еуропада сатылымға түсе салысымен қазақстандықтарға да жаңартылған нұсқаны сатып алуына мүмкіндік туып отыр», — деп хабарлайды «АЗИЯ АВТО» АҚ-ы.

Қазақстанның «АЗИЯ АВТО» АҚ автоқұрастырушы зауыты Škoda Superb-ның жаңа нұсқасын шығаруды қолға алды. Әлемде Чехия мен Үндістаннан кейін үшінші болып «АЗИЯ АВТО» Škoda-ның басты моделінің жаңа нұсқасының өндірісін іске қосты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«АЗИЯ АВТО» АҚ зауытында  Škoda Superb-ның жаңа нұсқасының лифтбэк пен универсалын шығару ресми түрде басталды. Еліміздегі ең танымал D санатындағы моделі Өскеменде 7 жылдан бері шығарылып келеді. Škoda Superb моделінің екі буыны елімізде шығарылған болатын.

Биыл сәуір айында флагмандық моделдің жаңа нұсқасы Шанхайдағы автошоуда көпшілік назарына ұсынылды. Әлемде Чехия мен Үндістаннан кейін үшінші болып «АЗИЯ АВТО» Škoda-ның басты моделінің жаңа нұсқасының өндірісін іске қосты. Еуропада сатылымға түсе салысымен қазақстандықтарға да жаңартылған нұсқаны сатып алуына мүмкіндік туып отыр», — деп хабарлайды «АЗИЯ АВТО» АҚ-ы.

Бөлісу: