Қазақтың даңқты батыры Б.Момышұлы туралы телесериал түсірілуде

28 Тамыз 2013, 08:24

Алматы облысында қазақтың даңқты батыры Бауыржан Момышұлы туралы телесериал түсіріліп жатыр. Телехикаяда батырдың жеке өмірі, генерал Панфиловпен алғаш кездесуі, әйгілі 316-шы атқыштар дивизиясының құрылуы жан-жақты суреттелген. Тарихи туындыны «Жау жүрек мың бала» фильімінің режиссері Ақан Сатаев түсіруде. Бауыржан Момышұлының рөлін сомадау жас актер Еркебұлан Дайыровқа бұйырыпты. Еркебұлан Дайыров, актер: - Әлі көзін көрген халқы бар, елі бар, жұрты бар батырды, әрине, халықтың алдына сол бұрынғы Бауыржан қылып алып шығу, әрине, қиын. Мен документалдық фильмде ол кісінің көз қарасын, тіпті, қай қолымен темекі шекті, қалай жүрді, көзінің өткірлігіне дейін зерттеп, қолымнан келгенше соны жасап бағуға, істеуге тырыстым. Ал батырдың жары Жамалды – Әсел Сағатова ойнап шықпақ. Сериал желісі бойынша ол жүкті. Ішінде жеті айлық нәрестесі бар. Басты кейіпкердің бірі – генерал-майор Панфилов. Ол өзінің әйгілі автокөлігінің жанында Бауыржанға сөйлейтін сөзін жаттап жүр. Сериал қарапайым ауыл мектебінде түсірілуде. Қазір мұнда даңқты қолбасшы жауынгерлерін соғысқа дайындап жатыр. Тозығы жеткен мектеп 41-ші жылғы соғыс коммисариатына ұқсап-ақ тұр. Терезе, есігі барлығы қисайған. Ал ұстаздары мен оқушыларын киногерлер әртістерге айналдырыпты. 1 айдан соң түсірілім тобы Мәскеуге аттанады. Онда батыр Бауыржан Волоколам тас жолын қорғайды. Сценарий бойынша жауды жағадан алуға Еркебұлан да дайын. Тұңғыш тарихи телесериалды көрермен осы жылы көре бастайды. Ақан Сатаев туындыны қазақтың тәуелсіздік күніне арнаймын деп отыр. Ақан Сатаев, режиссер: - Бұл киноны желтоқсанда қазақтың тәуелсіздік күні көрсетуді жоспарлап отырмыз. Енді көрерменнің көңілінен шыға ма, шықпай ма? Әрине, біз бұл киномызды көрерменнің көңілінен шығуы үшін бар күшімізді саламыз. Baq.kz

Алматы облысында қазақтың даңқты батыры Бауыржан Момышұлы туралы телесериал түсіріліп жатыр. Телехикаяда батырдың жеке өмірі, генерал Панфиловпен алғаш кездесуі, әйгілі 316-шы атқыштар дивизиясының құрылуы жан-жақты суреттелген. Тарихи туындыны «Жау жүрек мың бала» фильімінің режиссері Ақан Сатаев түсіруде.

Бауыржан Момышұлының рөлін сомадау жас актер Еркебұлан Дайыровқа бұйырыпты.

Еркебұлан Дайыров, актер:

- Әлі көзін көрген халқы бар, елі бар, жұрты бар батырды, әрине, халықтың алдына сол бұрынғы Бауыржан қылып алып шығу, әрине, қиын. Мен документалдық фильмде ол кісінің көз қарасын, тіпті, қай қолымен темекі шекті, қалай жүрді, көзінің өткірлігіне дейін зерттеп, қолымнан келгенше соны жасап бағуға, істеуге тырыстым.

Ал батырдың жары Жамалды – Әсел Сағатова ойнап шықпақ. Сериал желісі бойынша ол жүкті. Ішінде жеті айлық нәрестесі бар. Басты кейіпкердің бірі – генерал-майор Панфилов. Ол өзінің әйгілі автокөлігінің жанында Бауыржанға сөйлейтін сөзін жаттап жүр.

Сериал қарапайым ауыл мектебінде түсірілуде. Қазір мұнда даңқты қолбасшы жауынгерлерін соғысқа дайындап жатыр. Тозығы жеткен мектеп 41-ші жылғы соғыс коммисариатына ұқсап-ақ тұр. Терезе, есігі барлығы қисайған. Ал ұстаздары мен оқушыларын киногерлер әртістерге айналдырыпты.

1 айдан соң түсірілім тобы Мәскеуге аттанады. Онда батыр Бауыржан Волоколам тас жолын қорғайды. Сценарий бойынша жауды жағадан алуға Еркебұлан да дайын. Тұңғыш тарихи телесериалды көрермен осы жылы көре бастайды. Ақан Сатаев туындыны қазақтың тәуелсіздік күніне арнаймын деп отыр.

Ақан Сатаев, режиссер:
- Бұл киноны желтоқсанда қазақтың тәуелсіздік күні көрсетуді жоспарлап отырмыз. Енді көрерменнің көңілінен шыға ма, шықпай ма? Әрине, біз бұл киномызды көрерменнің көңілінен шығуы үшін бар күшімізді саламыз.

Baq.kz

Бөлісу: