29-желтоқсан

27 Тамыз 2013, 08:24

2010 жылы ОҚО-да 160 мектепке дейінгі тәрбие орындары ашылды. Соның нәтижесінде 11 мыңнан астам бүлдіршін балабақша табалдырығын аттады. Мұндай игіліктен Түркістан қаласына қарасты Ихан ауылының балалары да шет қалмады. Олар Жаңа жыл мерекесін жаңадан тұрғызылған балабақшада қарсы алды. Шаһардың жұртшылығына қуаныш сыйлаған тәрбие ошағында енді 100-ден астам бүлдіршін ұлттық тәрбиені бойларына сіңіріп өспек. Биологиялық әралуандылықтың халықаралық күні. БҰҰ Бас Ассамблеясы 49-сессиясының (1995) шешімі бойынша биологиялық әралуандылық (Жердің флорасы мен фаунасы, 1993) туралы халықаралық конвенцияның күшіне енген күнінен бастап тойланады. 2005 жылы  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлыққа қол қойды. 2005 жылы  Семейде «Шәкәрім» ғылыми-педагогикалық журналы жарық көрді. Ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылып шығады. Басылымның басты мақсаты - Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы арқылы ұлттық құндылықтарымызды зерттеу мен жариялау. Басылым 1 мың дана таралыммен жылына 4 рет шығады. 2010 жылы Орал қаласында жаңа балалар ауруханасы ашылды. Оның ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, Елбасы саясаты арқасында тек соңғы екі-үш жылда еліміздің түкпір-түкпірінде көптеген өнеркәсіптік, әлеуметтік нысандар іске қосылды және күрделі жөнделді. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы шеңберінде өңірде биыл бес денсаулық нысаны пайдалануға берілді. Соның бірі - 200 кереуеттік балалар ауруханасы. Ол Батыс Қазақстандағы ең үлкен ғимаратта орналасқан. Барлық қажетті медициналық құралдармен жабдықталған. Облыс басшысы ауруханаға жаңа автокөліктің кілтін табыс етті. Құрылыс мердігері - «АлТим» ЖШС-нің директоры Геннадий Стародубцев кешен басшылығына бейнелік кілт тапсырып, лента қиылғаннан кейін келушілер аурухана ішін аралап көрді. 2011 жылы Анкарада қазақтың ақиық ақыны Қасым Аманжоловтың 100 жылдығы аталып өтілді Халықаралық Түркі мәдениет ұйымы (ТҮРКІСОЙ) «Қазақ ақыны Қасым Аманжоловтың 100 жылдық еске алу кешін» ұйымдастырды.  Бұл жиын Анкарадағы ТҮРКІСОЙ Бас Хатшылығында өткізілді. Осылайша Қ.Аманжолов жылы болып аталған 2011 жыл тағы бір іс-шарамен толықты. 2009 жылы  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің және мемлекеттік емес ұйымдардың қатысуымен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды пайдалану үлесін арттыруды қамтамасыз ететін шараларды анықтауға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақстандық қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

2010 жылы ОҚО-да 160 мектепке дейінгі тәрбие орындары ашылды. Соның нәтижесінде 11 мыңнан астам бүлдіршін балабақша табалдырығын аттады. Мұндай игіліктен Түркістан қаласына қарасты Ихан ауылының балалары да шет қалмады. Олар Жаңа жыл мерекесін жаңадан тұрғызылған балабақшада қарсы алды. Шаһардың жұртшылығына қуаныш сыйлаған тәрбие ошағында енді 100-ден астам бүлдіршін ұлттық тәрбиені бойларына сіңіріп өспек.

Биологиялық әралуандылықтың халықаралық күні. БҰҰ Бас Ассамблеясы 49-сессиясының (1995) шешімі бойынша биологиялық әралуандылық (Жердің флорасы мен фаунасы, 1993) туралы халықаралық конвенцияның күшіне енген күнінен бастап тойланады.

2005 жылы  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлыққа қол қойды.

2005 жылы  Семейде «Шәкәрім» ғылыми-педагогикалық журналы жарық көрді.

Ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылып шығады. Басылымның басты мақсаты - Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы арқылы ұлттық құндылықтарымызды зерттеу мен жариялау. Басылым 1 мың дана таралыммен жылына 4 рет шығады.

2010 жылы Орал қаласында жаңа балалар ауруханасы ашылды. Оның ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, Елбасы саясаты арқасында тек соңғы екі-үш жылда еліміздің түкпір-түкпірінде көптеген өнеркәсіптік, әлеуметтік нысандар іске қосылды және күрделі жөнделді. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы шеңберінде өңірде биыл бес денсаулық нысаны пайдалануға берілді. Соның бірі - 200 кереуеттік балалар ауруханасы. Ол Батыс Қазақстандағы ең үлкен ғимаратта орналасқан. Барлық қажетті медициналық құралдармен жабдықталған. Облыс басшысы ауруханаға жаңа автокөліктің кілтін табыс етті. Құрылыс мердігері - «АлТим» ЖШС-нің директоры Геннадий Стародубцев кешен басшылығына бейнелік кілт тапсырып, лента қиылғаннан кейін келушілер аурухана ішін аралап көрді.

2011 жылы Анкарада қазақтың ақиық ақыны Қасым Аманжоловтың 100 жылдығы аталып өтілді

Халықаралық Түркі мәдениет ұйымы (ТҮРКІСОЙ) «Қазақ ақыны Қасым Аманжоловтың 100 жылдық еске алу кешін» ұйымдастырды.

 Бұл жиын Анкарадағы ТҮРКІСОЙ Бас Хатшылығында өткізілді. Осылайша Қ.Аманжолов жылы болып аталған 2011 жыл тағы бір іс-шарамен толықты.

2009 жылы  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің және мемлекеттік емес ұйымдардың қатысуымен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды пайдалану үлесін арттыруды қамтамасыз ететін шараларды анықтауға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақстандық қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бөлісу: