1910-1982 жылдары даңқты қолбасшы, әскери қайраткер, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бауыржан Момышұлы дүниеге келді.
1920-1984 жылдары фтизиатр-хирург, медицина ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылыми қызметкері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген дәрігері Әйкен Терлікбаев дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1998 жылдары «Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы» Заңы жарияланды.
2009 жылы Ақтауда Иран Ислам Республикасының елшілігі ашылды.
"Астана" президенттік кәсіби спорт клубы құрылды.
Клубтың құрамына барлық имидждік спорттық жобалар қарайды. Оның ішінде, «Астана» велокомандасы, «Барыс» хоккей клубы, «Астана Арланс» бокс клубы, автоспорт командасы, «Астана Дакар Тим» ралли-командасы, судағы поло, ат спортындағы құрама, тағы басқа командалар болады. Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильинді қаржыландыру жеке жоба ретінде қарастырылады. Клубтың мақсаты - әлемдік аренада Қазақстанның имиджін қалыптастыру.
"Астана" президенттік кәсіби спорт клубының қатарына қабылдау барысында "Самұрық-Қазына" АҚ мен спорт клубының жетекшілері арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Мәскеу метрополитенінде "Алма-Атинская" бекеті ашылады.
Сочельник (католиктік мейрам). Батыс елінде Сочельник мерекесін Әулие Иса пайғамбардың туған күні қарсаңында тойлайды. Дәстүрге сай, әрдайым осы күні, Иса туылған жер - Вифлеемде мерекелік шеру өтеді. Түн ортасы ауғанда шіркеуде месса басталады. Месса - Ватиканда өтетін ең салтанатты қызмет түрі.
Албания Республикасының Ұлттық мейрамы - Республика күні (1924). Бұл ел 1912 жылғы қыркүйектің 28-де тәуелсіздігін алды. 1946 жылғы қаңтардың 11-де Албания халықтық республика болып жарияланды. 1976 жылғы Конституцияға сәйкес, Албания Халықтық Социалистік Республика деп атын өзгертті. Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы қыркүйектің 21-де орнатылды.
1928-2001 жылдары драматург, аудармашы, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Қалтай Мұхамеджанов дүниеге келді.
Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында туған. Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтының театртану факультетін бітірген. Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында, Жазушылар одағында істеген. 1970-1999 жылдары Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитеттің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының 2-ші хатшысы, Кинематографистер одағы басқармасының 1-ші хатшысы, «Ара-Шмель» журналының, «Түркістан», «Заман Қазақстан» газеттерінің бас редакторы болған. Мұхамеджановтың шығармашылық жолы сахна өнері жайлы проблемалық, шолу мақалалар мен спектакльдер туралы рецензия жазудан басталды. Тұңғыш пьесасы «Бөлтірік бөрік астында» 1959 жылы жарық көрді. Осыдан кейін өмірдегі келеңсіздікті шынайы көрсеткен «Құдағи келіпті», «Қуырдақ дайын», «Жат елде», «Өзіме де сол керек», «Көктөбедегі кездесу» (Ш.Айтматовпен бірге), «Біз періште емеспіз» атты пьесалары жарияланды. «Сиқырлы шымылдық», «Дар доброты» жинақтары жарық көрді. Мұхамеджанов - комедия жанрының шебері, оның пьесаларындағы күлкі ауызекі тіл пародиясы арқылы жасалған. Ол драмалық шығармаларында диалогты, диалогтың даралану заңдылықтарын, диалогтар даралығы бәсекелестігін шебер пайдаланды. Оның комедиялық және драмалық туындыларының қай-қайсысында да қазақ қоғамында рухани дерттің белең ала бастауы кеңінен қамтылып, қазақ халқының Кеңес дәуіріндегі алмағайып тағдыры, ұлы тұлғалардың трагедиялық бейнесі айқын көрініс тапты. Мұхамеджанов қоғам қайраткері ретінде күрескерлік қабілетімен, жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеудегі азаматтық болмысымен көрінді. Қаламгердің шығармалары көптеген шет тілдерге аударылып, АҚШ, Ұлыбритания, Болгария, Венгрия, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан, тағы басқа елдердің театрларында қойылды. Ол «Шыңдағы шынар», «Айман-Шолпан» киносценарийлерінің авторы. Көркем аударма саласында «Құлдар» (С.Айни), «Киелі қан» (Айбек) романдарын, «Тоғышарлар» (М.Горкий), «Жүрек сырлары» ( Б.Рахмонов), «Ауру тістер» (А.Қаһар), «Ана-Жер-Ана», «Арманым», «Ақ кеме» (Ш.Айтматов) пьеса, повестерін тәржімалаған. Шығыс классиктері әдебиетінің «Мың бір түн» хикаяларын орыс тілінен аударып, 5 томдығын шығарды. 1998 жылы қаламгердің 3 томдық шығармалар жинағы жарық көрді.