Бір мектеп 73 білім грантын жеңіп алды

27 Тамыз 2013, 05:50

Сайрам ауданында мұғалімдердің тамыз кеңесінің кезекті отырысы өтті. Айтулы шараны №1 Юсуф Сареми гимназиясының ұжымы ұйымдастырып отыр. Аталған мектептен биыл мемлекеттік сынақ тапсырған 86 шәкірттің 73-і білім грантын жеңіп алыпты. 3-еуі «Алтын белгіні» ақтаса, 2 оқушы үздіктер қатарынан көрініпті. Осылайша мектеп ұжымы облыс көлеміндегі үздік 20-лықтан орын алған. Ал мектеп басшылығы мұндай үздік көрсеткішке жетудің құпиясы қарапайым деп отыр.  Бахадыр Нұралиев, №1 Ю.Сареми атындағы гимназияның директоры: «5 жыл алдын 100 грант бергенбіз. Сол үшін әлі де жұмыс жасау керек деген ой келіп отыр. Арнайы ата-аналарға тренингтер өткізу, олардың функционалдық сауаттылығын арттыру бойынша, ата-аналар мектепті тек қана материалдық базасын нығайтуды емес, оқушылардың оқу ісіне белсенді қатысуы басталды. Бұл бізге үлкен көмек болды деп ойлаймын». Осылайша аталған мектептің түлектері ұстаздар мен ата-аналарының үмітін ақтапты. Солардың бірі Жұлдыз Сүлейменова. «Алтын белгіні» абыроймен ақтаған бойжеткен білім грантын жеңетініне де сенімді болыпты. Енді Жұлдыз ОҚМПИ-дың студенті атанып отыр. Жұлдыз Сүлейменова: «Мен білім грантын жеңетініме о баста-ақ сенімді болдым. Тек «Алтын белгіге» деген күдігім басым болды. Ақтау үшін барымды салып оқыдым. Менің таңдау пәнім — физика. Кішкентайымнан математика пәнінің ұстазы болсам деп армандаған едім. Енді арманыма жақындай түскендеймін. Қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Ұстаздарыма алғысым шексіз. Ал ҰБТ-ға күніне 5 сағат дайындалдық. Қиын әрине, бірақ мақсатқа жету үшін бұл түк те емес деп ойлаймын». Жетістікпен қоса, өткен оқу жылының бағдарламасын жіліктеп талдаған ұстаздар жаңа тиімді әдістерді үйренудің жолын іздеді. Бүгінге дейін білім ұясы жоғары сыныптың оқушыларын күніне 5 сағаттан мелекеттік сынаққа дайындап келсе, енді халықаралық стандартпен санасатынын айтты. Айта кетейік, биыл Сайрам ауданындағы ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеу тапсырған талапкерлердің 973-і ЖОО-да ақысыз білім алу мүмкіндігіне ие болыпты.  otyrar.kz

Сайрам ауданында мұғалімдердің тамыз кеңесінің кезекті отырысы өтті. Айтулы шараны №1 Юсуф Сареми гимназиясының ұжымы ұйымдастырып отыр. Аталған мектептен биыл мемлекеттік сынақ тапсырған 86 шәкірттің 73-і білім грантын жеңіп алыпты. 3-еуі «Алтын белгіні» ақтаса, 2 оқушы үздіктер қатарынан көрініпті. Осылайша мектеп ұжымы облыс көлеміндегі үздік 20-лықтан орын алған. Ал мектеп басшылығы мұндай үздік көрсеткішке жетудің құпиясы қарапайым деп отыр. 

Бахадыр Нұралиев, №1 Ю.Сареми атындағы гимназияның директоры: «5 жыл алдын 100 грант бергенбіз. Сол үшін әлі де жұмыс жасау керек деген ой келіп отыр. Арнайы ата-аналарға тренингтер өткізу, олардың функционалдық сауаттылығын арттыру бойынша, ата-аналар мектепті тек қана материалдық базасын нығайтуды емес, оқушылардың оқу ісіне белсенді қатысуы басталды. Бұл бізге үлкен көмек болды деп ойлаймын».

Осылайша аталған мектептің түлектері ұстаздар мен ата-аналарының үмітін ақтапты. Солардың бірі Жұлдыз Сүлейменова. «Алтын белгіні» абыроймен ақтаған бойжеткен білім грантын жеңетініне де сенімді болыпты. Енді Жұлдыз ОҚМПИ-дың студенті атанып отыр.
Жұлдыз Сүлейменова: «Мен білім грантын жеңетініме о баста-ақ сенімді болдым. Тек «Алтын белгіге» деген күдігім басым болды. Ақтау үшін барымды салып оқыдым. Менің таңдау пәнім — физика. Кішкентайымнан математика пәнінің ұстазы болсам деп армандаған едім. Енді арманыма жақындай түскендеймін. Қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Ұстаздарыма алғысым шексіз. Ал ҰБТ-ға күніне 5 сағат дайындалдық. Қиын әрине, бірақ мақсатқа жету үшін бұл түк те емес деп ойлаймын».

Жетістікпен қоса, өткен оқу жылының бағдарламасын жіліктеп талдаған ұстаздар жаңа тиімді әдістерді үйренудің жолын іздеді. Бүгінге дейін білім ұясы жоғары сыныптың оқушыларын күніне 5 сағаттан мелекеттік сынаққа дайындап келсе, енді халықаралық стандартпен санасатынын айтты. Айта кетейік, биыл Сайрам ауданындағы ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеу тапсырған талапкерлердің 973-і ЖОО-да ақысыз білім алу мүмкіндігіне ие болыпты. 

otyrar.kz
Бөлісу: