Ғани Қасымов сенаттағы орнын босатты

27 Тамыз 2013, 04:55

Қазақстан Республиканың жеті сенат депутаты мерзімінің аяқталуына байланысты орындарын босатады. Олардың қатарында Ғани Қасымов, Әділ Ахметов, Ғарифолла Есім, Болат Жылқышиев, Александр Судьин, Оралбай Әбдікәрімов және Юрий Цхай бар. ҚР Конституциясының 50-бабы 2-тармағына сәйкес, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен парламент сенатына жаңа депутаттар сайланды. Олар Бірғаным Әйтімова, Асқар Бейсенбаев, Сергей Громов, Ләззат Қиынов, Георгий Ким, Дулат Құсдәулетов, Серік Нөгербеков, Нұрлан Оразалин. Мемлекет басшысы жаңа жұмыстың қаншалықты жауапты екенін депутаттарға жеткізді. Енгізілетін заң жобаларын егжей-тегжейлі зерделеу, конструктивті пікірталастар жүргізуге қабілетті болу және үнемі ел мүддесін көздеу қажет екендігін тілге тиек етті. Жаңа тағайындалған депутаттар өздеріне сенім артқаны үшін президентке алғыстарын білдіріп, Қазақстан азаматтарының өмірін жақсарту үшін сенаттың заң шығару қызметіне белсенді түрде атсалысатынына уәде етті. Baq.kz

Қазақстан Республиканың жеті сенат депутаты мерзімінің аяқталуына байланысты орындарын босатады. Олардың қатарында Ғани Қасымов, Әділ Ахметов, Ғарифолла Есім, Болат Жылқышиев, Александр Судьин, Оралбай Әбдікәрімов және Юрий Цхай бар.

ҚР Конституциясының 50-бабы 2-тармағына сәйкес, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен парламент сенатына жаңа депутаттар сайланды. Олар Бірғаным Әйтімова, Асқар Бейсенбаев, Сергей Громов, Ләззат Қиынов, Георгий Ким, Дулат Құсдәулетов, Серік Нөгербеков, Нұрлан Оразалин.

Мемлекет басшысы жаңа жұмыстың қаншалықты жауапты екенін депутаттарға жеткізді. Енгізілетін заң жобаларын егжей-тегжейлі зерделеу, конструктивті пікірталастар жүргізуге қабілетті болу және үнемі ел мүддесін көздеу қажет екендігін тілге тиек етті. Жаңа тағайындалған депутаттар өздеріне сенім артқаны үшін президентке алғыстарын білдіріп, Қазақстан азаматтарының өмірін жақсарту үшін сенаттың заң шығару қызметіне белсенді түрде атсалысатынына уәде етті.

Baq.kz

Бөлісу: