20-желтоқсан

26 Тамыз 2013, 12:51

2012 жылы Өзбекстанның ҰҚШҰ-ға мүшелігі тоқтатылды - А.Лукашенко. 2012 жылы «Нұр Отанда» «Халықтық IPO» бағдарламасының алғашқы қорытындысы талқыланды. Талқылау барысында «Халықтық IPO» бағдарламасына қатысу үшін компанияларды таңдаудың критерийлері және акцияларды құнды қағаздар нарығына шығару, компаниялардың құнды қағаздарына бөлшек сұранысты ынталандыру мәселелері, құнды қағаздар нарығының инфрақұрылымын, атап айтқанда Орталық депозитарийді қайта құру, брокерлік компаниялар, «Халықтық IPO» бағдарламасының іске асуының құқықтық, реттеушілік және ақпараттық аспектілері қаралды. 2012 жылы АҚШ-та қазақ мектебі ашылды. 16 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігі күніне орай Техас штаты, Хьюстон қаласында АҚШ-тағы алғашқы қазақ мектебінің ресми ашылуы өтті. Мектеп Хьюстонда тұрып жатқан отандастарымыздың күшімен, ҚР-дың АҚШ-тағы Елшілігінің қолдауымен ашылды. Бүгінгі күні мектепте шамамен 20 оқушы білім алады, олар жас ерекшелігіне қарай екі топқа бөлінген. 3-6 жас аралығындағы балалар «Балапан» тобында, ал 7-12 жас аралығындағылар «Тұлпар» тобында. Сабақтар жексенбі күні толығымен жабдықталған сыныптарда өтеді, онда оқушылар «Әліппе» мен қазақ тіліндегі өлеңдерді, мақал-мәтелдерді оқиды, халық әндерін және билерін үйренеді. 2012 жылы Австралияда алғашқы ислами зейнетақы қоры пайда болды. Crescent Wealth шілде айында 4-6 миллиард австралиялық доллар мөлшерінде активі бар ислам зейнетақы қорын құратынын мәлімдеген болатын. 2012 жылы Алғашқы халал зертханасы Малайзияда ашылды. Ел премьерінің өкілі Датук Сери Жамил Хир Бахар мұндай зертхананың қажеттілігіне, халал сертификатын берудегі маңызына тоқталып, зертхананың халал саласындағы әлемдік талдау орталықтарының біріне айналатынына сенім білдірді. Сондай-ақ, аталмыш зертхананың ашылу салтанатында ол тілшілерге Малайзия экономикасына халал сертификатының тигізер пайдасын айтып берді. Малайзияда халал сертификатына қол жеткізу үшін 30 күн күтуге тура келетін. Зертхана бұл процесті тездетіп, уақыттан ұтуға мүмкіндік береді.  2005 жылы  Шығыс Қытай теңізінің үстіне салынған құрлық пен аралды қосатын әлемдегі ең ұзын көпір құрылысы аяқталды. «Дунхай» деп аталатын көпірдің жалпы ұзындығы Шанхай қаласының шетінен Шэнсы аралы архипелагына дейінгі 32,5 шақырымды алып жатыр.  Көпір құрылысы Шанхай қаласының қаражатына салынған.  Жобалаушылардың айтуынша, көпір 12 балдық тайфун күшіне төтеп береді және автөліктер сағатына 80 шақырымдық жылдамдықпен жүре алады.

2012 жылы Өзбекстанның ҰҚШҰ-ға мүшелігі тоқтатылды - А.Лукашенко.

2012 жылы «Нұр Отанда» «Халықтық IPO» бағдарламасының алғашқы қорытындысы талқыланды. Талқылау барысында «Халықтық IPO» бағдарламасына қатысу үшін компанияларды таңдаудың критерийлері және акцияларды құнды қағаздар нарығына шығару, компаниялардың құнды қағаздарына бөлшек сұранысты ынталандыру мәселелері, құнды қағаздар нарығының инфрақұрылымын, атап айтқанда Орталық депозитарийді қайта құру, брокерлік компаниялар, «Халықтық IPO» бағдарламасының іске асуының құқықтық, реттеушілік және ақпараттық аспектілері қаралды.

2012 жылы АҚШ-та қазақ мектебі ашылды. 16 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігі күніне орай Техас штаты, Хьюстон қаласында АҚШ-тағы алғашқы қазақ мектебінің ресми ашылуы өтті.

Мектеп Хьюстонда тұрып жатқан отандастарымыздың күшімен, ҚР-дың АҚШ-тағы Елшілігінің қолдауымен ашылды. Бүгінгі күні мектепте шамамен 20 оқушы білім алады, олар жас ерекшелігіне қарай екі топқа бөлінген. 3-6 жас аралығындағы балалар «Балапан» тобында, ал 7-12 жас аралығындағылар «Тұлпар» тобында. Сабақтар жексенбі күні толығымен жабдықталған сыныптарда өтеді, онда оқушылар «Әліппе» мен қазақ тіліндегі өлеңдерді, мақал-мәтелдерді оқиды, халық әндерін және билерін үйренеді.

2012 жылы Австралияда алғашқы ислами зейнетақы қоры пайда болды.

Crescent Wealth шілде айында 4-6 миллиард австралиялық доллар мөлшерінде активі бар ислам зейнетақы қорын құратынын мәлімдеген болатын.

2012 жылы Алғашқы халал зертханасы Малайзияда ашылды. Ел премьерінің өкілі Датук Сери Жамил Хир Бахар мұндай зертхананың қажеттілігіне, халал сертификатын берудегі маңызына тоқталып, зертхананың халал саласындағы әлемдік талдау орталықтарының біріне айналатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ, аталмыш зертхананың ашылу салтанатында ол тілшілерге Малайзия экономикасына халал сертификатының тигізер пайдасын айтып берді.

Малайзияда халал сертификатына қол жеткізу үшін 30 күн күтуге тура келетін. Зертхана бұл процесті тездетіп, уақыттан ұтуға мүмкіндік береді. 

2005 жылы  Шығыс Қытай теңізінің үстіне салынған құрлық пен аралды қосатын әлемдегі ең ұзын көпір құрылысы аяқталды. «Дунхай» деп аталатын көпірдің жалпы ұзындығы Шанхай қаласының шетінен Шэнсы аралы архипелагына дейінгі 32,5 шақырымды алып жатыр.  Көпір құрылысы Шанхай қаласының қаражатына салынған.  Жобалаушылардың айтуынша, көпір 12 балдық тайфун күшіне төтеп береді және автөліктер сағатына 80 шақырымдық жылдамдықпен жүре алады.

Бөлісу: