19-желтоқсан

26 Тамыз 2013, 12:51

Жарлы-жақыбайларға көмек көрсетудің халықаралық күні. Айналасындағы тұрмысы нашар жандарға ат үсті қарамайтын барлық адамдар осы міндетті атқарады. БҰҰ-ның «Оңтүстік-Оңтүстік» ынтымақтастық күні. 2003 жылғы желтоқсанның 23-інде  Бас Ассамблея желтоқсанның 19-ын Біріккен Ұлттар Ұйымының «Оңтүстік-Оңтүстік» ынтымақтастық күні деп тану шешімімен қарар қабылдады. Бұл күні Бас Ассамблея дамушы елдер арасындағы техникалық ынтымақтастықты дамыту мен жүзеге асыру жөніндегі Буэнос-Айресс іс-әрекет жоспарын мақұлдады. Энергетик күні. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы қарашаның 20-дағы Жарлығына сәйкес атап өтіледі. 1991 жылы  алғашқы пунктінде «КСРО одақтық-республикалық органы Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің республикамыздағы құқықтық мирасқоры болып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті деп танылсын» деп көрсетілген Министрлер Кабинетінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті туралы» Қаулысына қол қойылды. Бұл егеменді мемлекеттің қауіпсіздік органдары жүйесінің құрылуының алғашқы қадамы болды. 2011 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан На­зарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің сапа са­ла­сындағы «Алтын сапа», бизнестің әлеу­меттік жауапкершілігі саласындағы «Парыз» байқаулары бойынша сыйлық­тарының және Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы сыйлығының лау­реаттарын марапаттау рәсіміне қатысты. 2012 жылы «Жетінші арна» жаңа телемаусымда өмір жайлы сыр-шертетін «Шынайы өмір» жобасын көрермен назарына ұсынды. «Жетінші арнаның» «Шынайы өмір» жобасында қарапайым адамдар тағдырын өзгерткен өмір, махаббат, жанұя құндылықтары жайындағы оқиғалар көрермен назарына ұсынылды. «Шынайы өмір» - «ВайТ Медиа» компаниясы тобының форматы бойынша докудрама жанрында түсірілген отандық өнім. Жоба жиырма сериядан тұрады, әр сериясы бір немесе бірнеше кейіпкер өмірінен алынған шынайы оқиғалар жайында өз кейіпкерінің басынан кешкендерінен, олардың қуаныш-қайғыларынан сыр шертеді. Хикаялар желісі көрген кісіні бей-жай қалдырмасы анық, өйткені ондағы оқиғалар қарапайым күнделікті тірліктен алынған. Фильм кейіпкерінің камера алдында сыр шертуі жобаға өзгеше ерекшелік береді. Ал, көрерменге материалды ұсынудың бұл әдісі экран алдындағы жанды бейнеленіп отырған қымқуат оқиғаларымен өзіне баурап алатыны анық. Әр фильм Бақытжан Әлпейісовтың қатысуымен басталады. Ол оқиғаны және оның кейіпкерлерін таныстырып, көтеріліп отырған мәселенің қиындықтары мен салдарын түсіндіреді. Оқиға желісінің кейбір тұстары жүргізушінің кадрдан тыс баяндауымен жеткізілмек. Ал, фильм соңында жүргізуші оқиғаны қорытындылай келе, түйін сөзді көрермен саралауына қалдырады.

Жарлы-жақыбайларға көмек көрсетудің халықаралық күні. Айналасындағы тұрмысы нашар жандарға ат үсті қарамайтын барлық адамдар осы міндетті атқарады.

БҰҰ-ның «Оңтүстік-Оңтүстік» ынтымақтастық күні. 2003 жылғы желтоқсанның 23-інде  Бас Ассамблея желтоқсанның 19-ын Біріккен Ұлттар Ұйымының «Оңтүстік-Оңтүстік» ынтымақтастық күні деп тану шешімімен қарар қабылдады. Бұл күні Бас Ассамблея дамушы елдер арасындағы техникалық ынтымақтастықты дамыту мен жүзеге асыру жөніндегі Буэнос-Айресс іс-әрекет жоспарын мақұлдады.

Энергетик күні. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы қарашаның 20-дағы Жарлығына сәйкес атап өтіледі.

1991 жылы  алғашқы пунктінде «КСРО одақтық-республикалық органы Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің республикамыздағы құқықтық мирасқоры болып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті деп танылсын» деп көрсетілген Министрлер Кабинетінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті туралы» Қаулысына қол қойылды. Бұл егеменді мемлекеттің қауіпсіздік органдары жүйесінің құрылуының алғашқы қадамы болды.

2011 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан На­зарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің сапа са­ла­сындағы «Алтын сапа», бизнестің әлеу­меттік жауапкершілігі саласындағы «Парыз» байқаулары бойынша сыйлық­тарының және Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы сыйлығының лау­реаттарын марапаттау рәсіміне қатысты.

2012 жылы «Жетінші арна» жаңа телемаусымда өмір жайлы сыр-шертетін «Шынайы өмір» жобасын көрермен назарына ұсынды.

«Жетінші арнаның» «Шынайы өмір» жобасында қарапайым адамдар тағдырын өзгерткен өмір, махаббат, жанұя құндылықтары жайындағы оқиғалар көрермен назарына ұсынылды. «Шынайы өмір» - «ВайТ Медиа» компаниясы тобының форматы бойынша докудрама жанрында түсірілген отандық өнім. Жоба жиырма сериядан тұрады, әр сериясы бір немесе бірнеше кейіпкер өмірінен алынған шынайы оқиғалар жайында өз кейіпкерінің басынан кешкендерінен, олардың қуаныш-қайғыларынан сыр шертеді. Хикаялар желісі көрген кісіні бей-жай қалдырмасы анық, өйткені ондағы оқиғалар қарапайым күнделікті тірліктен алынған.
Фильм кейіпкерінің камера алдында сыр шертуі жобаға өзгеше ерекшелік береді. Ал, көрерменге материалды ұсынудың бұл әдісі экран алдындағы жанды бейнеленіп отырған қымқуат оқиғаларымен өзіне баурап алатыны анық.
Әр фильм Бақытжан Әлпейісовтың қатысуымен басталады. Ол оқиғаны және оның кейіпкерлерін таныстырып, көтеріліп отырған мәселенің қиындықтары мен салдарын түсіндіреді. Оқиға желісінің кейбір тұстары жүргізушінің кадрдан тыс баяндауымен жеткізілмек. Ал, фильм соңында жүргізуші оқиғаны қорытындылай келе, түйін сөзді көрермен саралауына қалдырады.

Бөлісу: