15-желтоқсан

26 Тамыз 2013, 12:41

1995 жылы Қазақстан халқы ассамблеясы құрылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.[1] Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Он жеті жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік страте­гиясы бекітілді. 2007 жылы  Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбеде тәжік-ауған шекарасында қаза болған қазақстандық жауынгерлерге арналған монумент ашылды. Душанбенің орталығында орналасқан монументте 35 қазақстандық жауынгер есімі қашап жазылған. Украин сот қызметкерлерінің күні. 2000 жылғы 8-ші желтоқсандағы Украин Президентінің Қаулысымен бекітілген. 1995 жылы  баспасөз беттерінде Елбасы Н.Назарбаев қол қойған «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» және «Қазақстан Республикасы Президенті мен жергілікті әкімшілік басшыларына уақытша қосымша өкілеттіліктер беру туралы» Заңдар жарияланды. 2012 жылы Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Үкімет отырысын өткізді. Онда Мемлекет басшысының 2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан халқына жасаған Жолдауын іске асыру жөніндегі Іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарының жобасы қаралды. Жаңажылдық жиынтықтың фототүсірілімі Кира Пластининаның Мәскеудегі лофтында өтті.

1995 жылы Қазақстан халқы ассамблеясы құрылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.[1] Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Он жеті жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.

1999 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік страте­гиясы бекітілді.

2007 жылы  Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбеде тәжік-ауған шекарасында қаза болған қазақстандық жауынгерлерге арналған монумент ашылды. Душанбенің орталығында орналасқан монументте 35 қазақстандық жауынгер есімі қашап жазылған.

Украин сот қызметкерлерінің күні. 2000 жылғы 8-ші желтоқсандағы Украин Президентінің Қаулысымен бекітілген.

1995 жылы  баспасөз беттерінде Елбасы Н.Назарбаев қол қойған «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» және «Қазақстан Республикасы Президенті мен жергілікті әкімшілік басшыларына уақытша қосымша өкілеттіліктер беру туралы» Заңдар жарияланды.

2012 жылы Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Үкімет отырысын өткізді. Онда Мемлекет басшысының 2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан халқына жасаған Жолдауын іске асыру жөніндегі Іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарының жобасы қаралды.

Жаңажылдық жиынтықтың фототүсірілімі Кира Пластининаның Мәскеудегі лофтында өтті.

Бөлісу: