26 Тамыз 2013, 12:40
Дүниежүзілік футбол күні Футбол күні жер-жаһанда аталып өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымымен белгіленген мейрам. Бұл ойын өмірге нақты қашан келгені белгісіз, зерттеушілердің айтуынша «ермекті» Сақтар (саксондықтар) 8-ші ғасырда ойлап тапқан.
Былғары доптың алғашқы чемпионаты 1930-ы жылы Уругвайда өтті. Миллиондаған адамға тек ойын ғана емес, өмір стиліне айналған спорттың бұл түріне халықаралық қоғамдастық ерекше құрмет көрсетуде. Футбол ойыны туралы алғашқы ескертпені тарихшылар біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдықтағы қытай деректерінен тапқан. Ол Цу Чю деп аталған, «аяқпен итеру» деген мағынаны білдіреді. Футбол ойыны қытай жауынгерлеріне дене формасын қалыпты сақтауға септігін тигізген. Ал кейбіреулер футболдың ізашары деп 8-ші ғасырда Англияда өмір сүрген саксондардың жабайы ойынын таниды. Олар ұрыстан кейін шайқас даласында дұшпанының шабылған басын тепкілеп ойнаған. Футболды біздің заманымызға дейінгі екі жарым мыңжылдықта Ежелгі Грекияда, Римде де ойнаған. Грекияда бұл ойын жауынгерлік қимылдардың барлық мүмкіншілігін пайдалана отырып ойналып, «доп үшін шайқас» деп аталған.
Нобель сыйлығын тапсыру күні. Белгілі ғалым А.Нобельдің туған күніне байланысты, жыл сайын Норвегия королінің қатысуымен Осло университетінің үлкен залында және Швецияның Стокгольм қаласында Нобель сыйлығын тапсыру салтанаты өтеді. 1900 жылы құрылған Нобель қорының бастапқы капталы 31 миллион швед кронасы болды. Алғашқы Нобель сыйлығы 1901 жылғы желтоқсанның 10-ында табыс етілді. Физика, химия, физиология және медицина бойынша сыйлықтар Стокгольмде, ал бейбітшілік сыйлығы Осло қаласында беріледі. 2004 және 2005 жылдардағы ақшалай сыйлықтың көлемі 10 миллион швед кронасын құрады.
Адам құқықтарының халықаралық күні. 1948 жылғы желтоқсанның 10-ында БҰҰ Бас Ассамблеясы Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясын қабылдады. Барлық елде 1950 жылдан бастап атап өтіледі.
Таиланд корольдігінің Ұлттық мейрамы - Конституция күні. Бүгінде Таиланд - конституциялық монархия. 1932 жылдан бастап, бүгінгі монарх - Ұлы мәртебелі король - Пумипон Адулядетқа (1946 жылдан бері басқарып отыр, 9-шы Рама) өз билігін Ұлттық Ассамблея, атқарушы билікті Министрлер Кабинеті, сот билігін - сот арқылы жүзеге асырады.
1991 жылы Алматыда ашылған Жоғарғы Кеңестің жетінші сессиясында Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп атауға шешім қабылдады.
1991 жылы Алматыдағы Республика сарайында бүкіл халық сайлаған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қызметіне кірісуіне арналған Республика Жоғарғы Кеңесінің салтанатты мәжілісі болып өтті. Президент ата-баба салтымен ақ киіздің үстіне көтеріліп, абыз ақын Шәкір Әбеновтен бата алып, халық алдында ант берді.
2012 жылы "Балдаурен" Республикалық оқу-сауықтыру орталығының
10-жылдығына арналған «Балалар демалысының әлеуметтік-педагогикалық үлгісі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.