8-желтоқсан

26 Тамыз 2013, 12:40

1925-2009 жылдары  тарих ғылымының кандидаты, доцент, Халықаралық ақпараттану академиясының академигі, Қазақ КСР Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, КСРО Жоғары мектебінің үздігі Мүштай Батырбеков дүниеге келді. 1994 жылы  Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 60 жыл толуына орай, оқу орнының бас ғимараты алдына әл-Фараби ескерткіші орнатылды. 2000 жылы  Париждегі ЮНЕСКО үйінде Түркістан күндері өткізілді. Болгария мен   Македония, Студент күні. Румыния, Конституция күні. Өзбекстан, Конституция күні. Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Жер аумағы – 442,4 мың км2. Халқы – 24,6 миллион (2000). Негізгі халқы – өзбектер (75,8%), онан басқа орыстар (6%), тәжіктер (4,8%), қазақтар (4,1%), татарлар (2,4%), қарақалпақтар (2,1%), т.б. ұлт өкілдері тұрады. Мемлекеттік тілі – өзбек тілі. Тұрғындары негізінен ислам дінін ұстанады. Астанасы – Ташкент қаласы (2,1 миллион адам). Қырғызстанның радио мен теледидар қызметкерлерінің күні. 1995 жылғы желтоқсанның 23-інде Қырғыз Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген. 2011 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жаңадан салынып жатқан «Хазірет Сұлтан» мешітінің құрылысымен танысты. Жалпы 3 қабаттан тұратын мешітте неке қию залы, асхана, техникалық бөлмелер, имам кабинеті жасақталған. 5000 адамға есептелген мешіттің ауданы 18 мың шаршы метрді құрайды. Нысанның жалпы аумағы 12 гектар жерді алып жатыр. «Мешіттің күмбезі Қазақстан бойынша ең үлкен деп айтуға болады. Оның диаметрі 28 метрден астам. Ал биіктігі 52 метрді құрайды. Сондай-ақ мешіт мұнараларының (төртеу) биіктігі 77 метрге жетеді. 2011 жылы Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай аудандық мәдениет үйінде «Тәуелсіз Қазақстан: бүгіні мен келешегі» тақырыбында І ғылыми-теориялық конференция өтті. Аудандық білім және ішкі саясат бөлімдері мен «Болашақ жолы» жастар ұйымының ұйымдастыруымен өткен конференцияның мақсаты — тәуелсіздік жылдарындағы ел дамуы жолындағы елеулі құбылыстарды  ғылыми тұрғыда зерделеп, жетістіктер мен кемшіліктерді талдау. 2008 жылы  Павлодардың Ертіс жағалауы балалары жазған «Слова, идущие от сердца» атты кітап жарық көрді. Онда облыстың 70 жылдығына арналған «Павлодарское Прииртышье - территория дружбы и согласия» атты байқауына жіберілген ең үздік әңгімелер, өлеңдер мен суреттер жарияланды. Шығармашылық жарыстың ұйымдастырушысы - Қазақстан халқының кіші Ассамблеясы және «Звезда Прииртышья» атты облыстық газеті. Жас прозашы мен ақындар шығармашылық шабыттарымен және сүйіспеншіліктерімен туған ауылы мен ауылдастары туралы айтып берді. Эссе мен ақындық жолдардың авторлары - ауыл мен қала мектептерінің оқушылары, студенттер мен Павлодарлық ұлттық жаңғырту мектебінің оқушылары.

1925-2009 жылдары  тарих ғылымының кандидаты, доцент, Халықаралық ақпараттану академиясының академигі, Қазақ КСР Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, КСРО Жоғары мектебінің үздігі Мүштай Батырбеков дүниеге келді.

1994 жылы  Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 60 жыл толуына орай, оқу орнының бас ғимараты алдына әл-Фараби ескерткіші орнатылды.

2000 жылы  Париждегі ЮНЕСКО үйінде Түркістан күндері өткізілді.

Болгария мен   Македония, Студент күні.

Румыния, Конституция күні.

Өзбекстан, Конституция күні. Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Жер аумағы – 442,4 мың км2. Халқы – 24,6 миллион (2000). Негізгі халқы – өзбектер (75,8%), онан басқа орыстар (6%), тәжіктер (4,8%), қазақтар (4,1%), татарлар (2,4%), қарақалпақтар (2,1%), т.б. ұлт өкілдері тұрады. Мемлекеттік тілі – өзбек тілі. Тұрғындары негізінен ислам дінін ұстанады. Астанасы – Ташкент қаласы (2,1 миллион адам).

Қырғызстанның радио мен теледидар қызметкерлерінің күні. 1995 жылғы желтоқсанның 23-інде Қырғыз Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген.

2011 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жаңадан салынып жатқан «Хазірет Сұлтан» мешітінің құрылысымен танысты.

Жалпы 3 қабаттан тұратын мешітте неке қию залы, асхана, техникалық бөлмелер, имам кабинеті жасақталған. 5000 адамға есептелген мешіттің ауданы 18 мың шаршы метрді құрайды. Нысанның жалпы аумағы 12 гектар жерді алып жатыр. «Мешіттің күмбезі Қазақстан бойынша ең үлкен деп айтуға болады. Оның диаметрі 28 метрден астам. Ал биіктігі 52 метрді құрайды. Сондай-ақ мешіт мұнараларының (төртеу) биіктігі 77 метрге жетеді.

2011 жылы Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай аудандық мәдениет үйінде «Тәуелсіз Қазақстан: бүгіні мен келешегі» тақырыбында І ғылыми-теориялық конференция өтті.

Аудандық білім және ішкі саясат бөлімдері мен «Болашақ жолы» жастар ұйымының ұйымдастыруымен өткен конференцияның мақсаты — тәуелсіздік жылдарындағы ел дамуы жолындағы елеулі құбылыстарды  ғылыми тұрғыда зерделеп, жетістіктер мен кемшіліктерді талдау.

2008 жылы  Павлодардың Ертіс жағалауы балалары жазған «Слова, идущие от сердца» атты кітап жарық көрді. Онда облыстың 70 жылдығына арналған «Павлодарское Прииртышье - территория дружбы и согласия» атты байқауына жіберілген ең үздік әңгімелер, өлеңдер мен суреттер жарияланды. Шығармашылық жарыстың ұйымдастырушысы - Қазақстан халқының кіші Ассамблеясы және «Звезда Прииртышья» атты облыстық газеті. Жас прозашы мен ақындар шығармашылық шабыттарымен және сүйіспеншіліктерімен туған ауылы мен ауылдастары туралы айтып берді. Эссе мен ақындық жолдардың авторлары - ауыл мен қала мектептерінің оқушылары, студенттер мен Павлодарлық ұлттық жаңғырту мектебінің оқушылары.

Бөлісу: