Қарағандылық «Шахтер» Шотландияға ұшып кетті

26 Тамыз 2013, 08:44

Қарағандылық «Шахтер» «Селтикке» қарсы өткізетін УЕФА Чемпиондар лигасының қарымта кездесуіне Глазгоға ұшып кетті, деп хабарлайды Vesti.kz. «Сарыарқа» халықаралық әуежайында команданы шығарып салуға жанкүйерлермен бірге Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев те келді. «Шахтердің» бас бапкері Виктор Кумыков шәкірттері шотландықтар қақпасына қос гол соғады деп уәде берді. Естеріңізге сала кетейік, Астанада 20 тамыз күні өткен УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матч 2:0 есебімен «Шахтердің» жеңісімен аяқталған болатын. Голдардың авторлары - Сергей Хижниченко мен Андрей Финонченко. Қарымта кездесу Глазгода тамыздың 28-нен 29-на қараған түнде өтеді. Бұл ойынды да КТК телеарнасы көрсетеді. ҚазАқпарат.

Қарағандылық «Шахтер» «Селтикке» қарсы өткізетін УЕФА Чемпиондар лигасының қарымта кездесуіне Глазгоға ұшып кетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Сарыарқа» халықаралық әуежайында команданы шығарып салуға жанкүйерлермен бірге Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев те келді.

«Шахтердің» бас бапкері Виктор Кумыков шәкірттері шотландықтар қақпасына қос гол соғады деп уәде берді.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада 20 тамыз күні өткен УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матч 2:0 есебімен «Шахтердің» жеңісімен аяқталған болатын. Голдардың авторлары - Сергей Хижниченко мен Андрей Финонченко. Қарымта кездесу Глазгода тамыздың 28-нен 29-на қараған түнде өтеді. Бұл ойынды да КТК телеарнасы көрсетеді.

ҚазАқпарат.

Бөлісу: