«Шахтер», «Селтик» кім мықты?

26 Тамыз 2013, 08:18

Чемпиондар лигасының топтық тур-нирінде сенімді қадам жасап келе жатқан қарағандылық «Шахтер» шотландық «Селтикті» 2:0 есебімен жеңген болатын. Енді екі команда арасындағы қарымта матч 28 тамызда өтеді. «Шахтердің» бас бапкері В Кумыков өз шәкірттерінің Астанада көрсеткен тамаша өнерлерін Шотландияда өтетін қарымда кездесуде де қайталайтынын айтып отыр.  «Біз Глазгоға жеңіс үшін бара жатырмыз. Жеңіске жету үшін жан алысып, жан берісеміз. Кеше Қарағандыда «Шахтер» футбол клубына арнап, аллея ашылғанын естіп, қатты қуандық. Жанкүйерлеріміздің үкілі үміт ақтау жолында аянып қалмаспыз»-деді бас бапкер.  Ал, «Селтик» командасының бас капитаны Скотт Браун өз алаңдарында «Шахтерді» бес минөттің ішінде жеңе алатындығын мәлімдеген.  «Бұл осы жылдың басты ойыны. Сондықтан Чемпиондар лигасында өнер көрсеткіміз келеді. «Селтик» ауызын айға балаған командалармен ойнауды армандайды. Біз өткен жылы жоғары жетістікке қол жеткізген болатынбыз. Биыл да сол жолымыздан жаңылысқымыз келмейді»-деген Скотт Браун. Қазір екі команда ойыншылары жауапты мачқа қызу дайындық үстінде. Жанкүйерлерде де тақымдарын қысып, жерлестерінің тілеуін тілеп отыр. «Кеншілер» командасы «Астана аренадағы» жарқын жеңісін Глазгода қайталай ала ма, сіз қалай ойлайсыз, ойлы оқырман? Индира БАЙҚОНЫСОВА  

Чемпиондар лигасының топтық тур-нирінде сенімді қадам жасап келе жатқан қарағандылық «Шахтер» шотландық «Селтикті» 2:0 есебімен жеңген болатын. Енді екі команда арасындағы қарымта матч 28 тамызда өтеді.

«Шахтердің» бас бапкері В Кумыков өз шәкірттерінің Астанада көрсеткен тамаша өнерлерін Шотландияда өтетін қарымда кездесуде де қайталайтынын айтып отыр. 
«Біз Глазгоға жеңіс үшін бара жатырмыз. Жеңіске жету үшін жан алысып, жан берісеміз. Кеше Қарағандыда «Шахтер» футбол клубына арнап, аллея ашылғанын естіп, қатты қуандық. Жанкүйерлеріміздің үкілі үміт ақтау жолында аянып қалмаспыз»-деді бас бапкер. 
Ал, «Селтик» командасының бас капитаны Скотт Браун өз алаңдарында «Шахтерді» бес минөттің ішінде жеңе алатындығын мәлімдеген. 
«Бұл осы жылдың басты ойыны. Сондықтан Чемпиондар лигасында өнер көрсеткіміз келеді. «Селтик» ауызын айға балаған командалармен ойнауды армандайды. Біз өткен жылы жоғары жетістікке қол жеткізген болатынбыз. Биыл да сол жолымыздан жаңылысқымыз келмейді»-деген Скотт Браун.

Қазір екі команда ойыншылары жауапты мачқа қызу дайындық үстінде. Жанкүйерлерде де тақымдарын қысып, жерлестерінің тілеуін тілеп отыр. «Кеншілер» командасы «Астана аренадағы» жарқын жеңісін Глазгода қайталай ала ма, сіз қалай ойлайсыз, ойлы оқырман?

Индира БАЙҚОНЫСОВА

 

Бөлісу: