30-қазан

26 Тамыз 2013, 05:10

Ресей Федерациясында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күнде Ресей Федерациясында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні өтеді. Ресей (гр. Ρωσία — Русь; ресми түрде — Ресе́й Федера́циясы орыс. Росси́йская Федера́ция немесе Ресе́й орыс. Россия, қысқартылған атауы — РФ орыс. РФ ) — Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы жағынан дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекет. Ресеймен Қазақстан арасындағы шекара әлемдегі ең ұзын шекара болып табылады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі. Ресейдің экономикасы жылына орташа есеппен 7% жылдамдықпен өсуде, бұл дүние жүзіндегі ең жоғары өсу қарқындарының бірі.   2006 жылы Астанада «Digital Kazakhstan» («Цифровой Казахстан») журналының бірінші саны жарық көрді. Оқырмандар назарына Қазақстандағы және әлемдегі ақпараттық-коммуникациялық байланыс пен технологиялар даму барысы туралы жаңалықтар ұсынылған. 2007 жылы  Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде қазақстандық әскерилерге арналған әскери киімнің жаңа үлгісінің таныстырылымы өтті. Әскери киімнің жазғы, қысқы үлгілері жоғары сапалы «рип стоп» матасынан тігілген. «Бұл мата су өткізбейді, қыртыстанбайды, өңін сақтап тұрады. Оның құрамына 8 миллиметрлік тор түрінде полиэстер жібі әдіптелген, сол арқылы ол жыртылудан сақтайды. Жазғы киімнің матасы дененің дем ала алатындай етіп тігілген. Етіктер түркиялық технологиялар арқылы өңделеді. Оның сапасына 24 ай кепілдік берілген. Біз бұрын киімнің сапасыздығы үшін, сарбаздарға алты ай сайын етік беріп тұрсақ, қазір осы киім үлгілері енгеннен соң бір жылға бір етік қана береміз, деп ойлап отырмыз. Соның негізінде, жаңа киім 20-30 пайызға қымбатырақ болса да, Қорғаныс министрлігінің әскери киімге, киім жабдықтарына жұмсайтын қаржысы үнемделетін болады. 2012 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де кеңейтілген Ғылыми кеңестің отырысы өтті. Ғылыми кеңес мәжілісінде университеттің қызметін баяндайтын бейнематериал көпшілік назарына ұсынылып, ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықовтың 2011-2012 оқу жылындағы университет қызметі мен нәтижелері туралы есебі тыңдалды. Баяндама барысында оқу орда басшысы білім ордамыздың жетістіктері мен әлеуметтік-экономикалық және әлемдік білім беру стандарттарының талаптарына сай білім беру сапасы, оқыту технологиясы мен әдістемесін жақсарту, университеттік ғылымды дамыту жоғары оқу орнының «ұлттық зерттеу университеті» деген мәртебелі санатына жататындығын анықтайтын сарабдал бағыты сынды келелі мәселелерді сөз етті.  

Ресей Федерациясында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күнде Ресей Федерациясында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні өтеді.

Ресей (гр. ΡωσίαРусь; ресми түрде — Ресе́й Федера́циясы орыс. Росси́йская Федера́ция немесе Ресе́й орыс. Россия, қысқартылған атауы — РФ орыс. РФ ) — Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы жағынан дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекет. Ресеймен Қазақстан арасындағы шекара әлемдегі ең ұзын шекара болып табылады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі. Ресейдің экономикасы жылына орташа есеппен 7% жылдамдықпен өсуде, бұл дүние жүзіндегі ең жоғары өсу қарқындарының бірі.

 

2006 жылы Астанада «Digital Kazakhstan» («Цифровой Казахстан») журналының бірінші саны жарық көрді. Оқырмандар назарына Қазақстандағы және әлемдегі ақпараттық-коммуникациялық байланыс пен технологиялар даму барысы туралы жаңалықтар ұсынылған.

2007 жылы  Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде қазақстандық әскерилерге арналған әскери киімнің жаңа үлгісінің таныстырылымы өтті.

Әскери киімнің жазғы, қысқы үлгілері жоғары сапалы «рип стоп» матасынан тігілген. «Бұл мата су өткізбейді, қыртыстанбайды, өңін сақтап тұрады. Оның құрамына 8 миллиметрлік тор түрінде полиэстер жібі әдіптелген, сол арқылы ол жыртылудан сақтайды. Жазғы киімнің матасы дененің дем ала алатындай етіп тігілген. Етіктер түркиялық технологиялар арқылы өңделеді. Оның сапасына 24 ай кепілдік берілген. Біз бұрын киімнің сапасыздығы үшін, сарбаздарға алты ай сайын етік беріп тұрсақ, қазір осы киім үлгілері енгеннен соң бір жылға бір етік қана береміз, деп ойлап отырмыз. Соның негізінде, жаңа киім 20-30 пайызға қымбатырақ болса да, Қорғаныс министрлігінің әскери киімге, киім жабдықтарына жұмсайтын қаржысы үнемделетін болады.

2012 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де кеңейтілген Ғылыми кеңестің отырысы өтті. Ғылыми кеңес мәжілісінде университеттің қызметін баяндайтын бейнематериал көпшілік назарына ұсынылып, ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықовтың 2011-2012 оқу жылындағы университет қызметі мен нәтижелері туралы есебі тыңдалды. Баяндама барысында оқу орда басшысы білім ордамыздың жетістіктері мен әлеуметтік-экономикалық және әлемдік білім беру стандарттарының талаптарына сай білім беру сапасы, оқыту технологиясы мен әдістемесін жақсарту, университеттік ғылымды дамыту жоғары оқу орнының «ұлттық зерттеу университеті» деген мәртебелі санатына жататындығын анықтайтын сарабдал бағыты сынды келелі мәселелерді сөз етті.

 

Бөлісу: