28-қазан

26 Тамыз 2013, 05:09

1972 — Airbus A300 ұшағының бірінші прототипі - A300A1 алғаш рет ұшты. Airbus A300 - жақын- және ортамагистральды көпорынды жолаушы ұшағы. Еуорпалық Airbus Industrie консорциумының алғашқы ұшағы. Сонымен қатар ол әлемдегі ең алғашқы екі қозғалтқышты кеңфюзеляжды ұшақ. 1960-жылдардың басында алғаш рет еуропалық кеңфюзеляжды ұшақ концепциясы талқыланған болатын. Алайда бұл ойға көпшілік сыни көзбен қарады. Әуе саяхатының кең өріс алуы, жаңа қуатты реактивті қозғалтқыштардың пайда болуы және әуе билеттерінің арзандауына байланысты Атлантиканың екі жағындағы өндірушілер ортамагистарльды кеңюзеляжды ұшақтарды жасауды өзіне мақсат етіп алды. Еуропалықтар 200-250 жолаушыға және 1500 км қашықтыққа есептелген ұшақтың жобалануын дұрыс деп шешті. Жаңа ұшаққа алғашында European Airbus деген атау ұсынылды. 1965-1966 жылдары еуропалық авиақұрылыс фирмаларының бірлестіктері жаңа ұшақтардың жобаларын ұсынды. Халықаралық анимация күні. 1892 жылғы қазанның 28-інде Парижде Эмиль Рейно сиқыршысы көрермендерді жаңа, осы күнге дейін ешкім көрмеген - «оптикалық театр» атты көрінісіне шақырды. Онда талантты өнертапқыш алғашқы рет өзінің праксиноскоп аппаратына көпшіліктің назарын аударды, ол қозғалатын картинкаларды көрсетеді. Сонымен осы атаулы күнді анимация киносы дәуірінің басталуы деп санайды. Халықаралық анимация күні Анимация киносының халықаралық одағында (ASIFA - The International Animated Film Association) 2003 жылы бекітілген және қазір дүниежүзінде аталып өтеді. Украина Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Фашист басқыншыларынан азат етілген күн. 1995 жылдан бастап, Закарпатия астанасы Ужгород қаласын басқыншылардан азат еткен күннің құрметіне орай атап өтіледі. Чех Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіз Чехословакияның құрылған күні (1918). Чехия - Орталық Еуропада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Польшамен, шығысында Словакиямен, оңтүстігінде Австриямен, батысында Германиямен шектеседі. Астанасы - Прага қаласы. Мемлекеттік тілі - чех тілі. Ақша бірлігі - чех кронасы. 1893-1920 жылдары  ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыров дүниеге келді. Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында туған. 3 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, 1908 жылы баянауылдық Әбдірахман молданың қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған. 1911 жылы жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. 1912 жылы Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. Осы кезден ақыңдыққа ден қойып, «Оқып жүрген жастарға», «Тәліптерге» («Шәкірттерге»), «Ендігі беталыс», «Оқудағы мақсат не?», «Анау-мынау», «Мағынасыз мешіт», «Жарлау», «Досыма хат», «Шығамын тірі болсам адам болып», «Түсімде», «Жазғы қайғы», «Қымыз», «Кешегі түс пен бүгінгі іс», т.б. өлеңдерін, «Зарландым» атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста «Қамар сұлу» романын жазуды бастады. 1913 жылдың күзінде Троицкіге қайтқан Торайғыров «Айқап» журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, «Өлең һәм айтушылар», «Ауырмай есімнен жаңылғаным», «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «Қазақ ішіңде оқу, оқыту жолы қалай?», т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды. Журналда аз ғана уақыт қызмет еткен ақын 1914 жылы жазда туған елі Баянауылға оралады. Ел ішінде мәдени-ағарту жұмысын жүргізетін «Шоң серіктігі» деген ұйым ашпақ болғанымен, ісі жүзеге аспайды. Осы жылы орысша оқу іздеп Семейге барған Торайғыров діттеген оқуына түсе алмай, біраз дағдарысқа ұшырайды. Осындай көңіл-күй әсерімен «Ләпет бұлты шатырлап», «Алтыаяқ» сияқты өлеңдер жазған. «Ендігі беталыс», «Тұрмысқа», «Бір адамға», «Туған еліме», «Сымбатты сұлуға», «Қыз сүю», «Гүләйім», «Өмірімнің уәдесі», «Жан қалқам», «Гүл», т.б. өлеңдерін, 1915 жылы «Кім жазықты?» атты өлеңмен жазылған романын дүниеге әкелді. Шығыс Қазақстанда жалданып бала оқытқан ол 1916 жылдың күзіне дейін әуелі Қатонқарағайда, кейін Зайсанда болады, орыс тілін үйренеді. 1916-1917 жылдардың қысында Томскіде орысша оқиды. Өмірден көп қағажу көріп қажыған ақын арманына жетіп көңілі көтеріледі. «Шәкірт ойы» өлеңінде «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды», «Мұздаған елдің жүрегін жылытуды» армандайды. Осы тұста әлем әдебиетінің классикалық үлгілерімен, саяси кітаптармен танысты. 1917 жылғы ақпан айындағы төңкерістен кейін Семейде жаңа құрылған Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатынасып, «Алаш ұранын» жариялады. Бірақ ауруы асқынып кеткендіктен оқуды да, жұмысты да тастап, 1918 жылы сәуірде еліне біржола оралады. Онда Колчак үстемдігінен кейін қайта жанданған совдеп жұмысына араласып, ел шаруаларының дау-шарларын әділ шешуге қатынасты. Осы тұста саяси-философиялық әдебиеттерді көп оқып, «Шал мен қызға», «А, дүние», «Жас жүрек», «Сарыарқаның жаңбыры», «Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс», т.б. өлеңдерін жазды.

1972Airbus A300 ұшағының бірінші прототипі - A300A1 алғаш рет ұшты. Airbus A300 - жақын- және ортамагистральды көпорынды жолаушы ұшағы. Еуорпалық Airbus Industrie консорциумының алғашқы ұшағы. Сонымен қатар ол әлемдегі ең алғашқы екі қозғалтқышты кеңфюзеляжды ұшақ.

1960-жылдардың басында алғаш рет еуропалық кеңфюзеляжды ұшақ концепциясы талқыланған болатын. Алайда бұл ойға көпшілік сыни көзбен қарады. Әуе саяхатының кең өріс алуы, жаңа қуатты реактивті қозғалтқыштардың пайда болуы және әуе билеттерінің арзандауына байланысты Атлантиканың екі жағындағы өндірушілер ортамагистарльды кеңюзеляжды ұшақтарды жасауды өзіне мақсат етіп алды. Еуропалықтар 200-250 жолаушыға және 1500 км қашықтыққа есептелген ұшақтың жобалануын дұрыс деп шешті. Жаңа ұшаққа алғашында European Airbus деген атау ұсынылды. 1965-1966 жылдары еуропалық авиақұрылыс фирмаларының бірлестіктері жаңа ұшақтардың жобаларын ұсынды.

Халықаралық анимация күні. 1892 жылғы қазанның 28-інде Парижде Эмиль Рейно сиқыршысы көрермендерді жаңа, осы күнге дейін ешкім көрмеген - «оптикалық театр» атты көрінісіне шақырды. Онда талантты өнертапқыш алғашқы рет өзінің праксиноскоп аппаратына көпшіліктің назарын аударды, ол қозғалатын картинкаларды көрсетеді. Сонымен осы атаулы күнді анимация киносы дәуірінің басталуы деп санайды.
Халықаралық анимация күні Анимация киносының халықаралық одағында (ASIFA - The International Animated Film Association) 2003 жылы бекітілген және қазір дүниежүзінде аталып өтеді.
Украина Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Фашист басқыншыларынан азат етілген күн. 1995 жылдан бастап, Закарпатия астанасы Ужгород қаласын басқыншылардан азат еткен күннің құрметіне орай атап өтіледі.
Чех Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіз Чехословакияның құрылған күні (1918). Чехия - Орталық Еуропада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Польшамен, шығысында Словакиямен, оңтүстігінде Австриямен, батысында Германиямен шектеседі. Астанасы - Прага қаласы. Мемлекеттік тілі - чех тілі. Ақша бірлігі - чех кронасы.

1893-1920 жылдары  ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыров дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында туған. 3 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, 1908 жылы баянауылдық Әбдірахман молданың қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған. 1911 жылы жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. 1912 жылы Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. Осы кезден ақыңдыққа ден қойып, «Оқып жүрген жастарға», «Тәліптерге» («Шәкірттерге»), «Ендігі беталыс», «Оқудағы мақсат не?», «Анау-мынау», «Мағынасыз мешіт», «Жарлау», «Досыма хат», «Шығамын тірі болсам адам болып», «Түсімде», «Жазғы қайғы», «Қымыз», «Кешегі түс пен бүгінгі іс», т.б. өлеңдерін, «Зарландым» атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста «Қамар сұлу» романын жазуды бастады. 1913 жылдың күзінде Троицкіге қайтқан Торайғыров «Айқап» журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, «Өлең һәм айтушылар», «Ауырмай есімнен жаңылғаным», «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «Қазақ ішіңде оқу, оқыту жолы қалай?», т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды. Журналда аз ғана уақыт қызмет еткен ақын 1914 жылы жазда туған елі Баянауылға оралады. Ел ішінде мәдени-ағарту жұмысын жүргізетін «Шоң серіктігі» деген ұйым ашпақ болғанымен, ісі жүзеге аспайды. Осы жылы орысша оқу іздеп Семейге барған Торайғыров діттеген оқуына түсе алмай, біраз дағдарысқа ұшырайды. Осындай көңіл-күй әсерімен «Ләпет бұлты шатырлап», «Алтыаяқ» сияқты өлеңдер жазған. «Ендігі беталыс», «Тұрмысқа», «Бір адамға», «Туған еліме», «Сымбатты сұлуға», «Қыз сүю», «Гүләйім», «Өмірімнің уәдесі», «Жан қалқам», «Гүл», т.б. өлеңдерін, 1915 жылы «Кім жазықты?» атты өлеңмен жазылған романын дүниеге әкелді. Шығыс Қазақстанда жалданып бала оқытқан ол 1916 жылдың күзіне дейін әуелі Қатонқарағайда, кейін Зайсанда болады, орыс тілін үйренеді. 1916-1917 жылдардың қысында Томскіде орысша оқиды. Өмірден көп қағажу көріп қажыған ақын арманына жетіп көңілі көтеріледі. «Шәкірт ойы» өлеңінде «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды», «Мұздаған елдің жүрегін жылытуды» армандайды. Осы тұста әлем әдебиетінің классикалық үлгілерімен, саяси кітаптармен танысты. 1917 жылғы ақпан айындағы төңкерістен кейін Семейде жаңа құрылған Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатынасып, «Алаш ұранын» жариялады. Бірақ ауруы асқынып кеткендіктен оқуды да, жұмысты да тастап, 1918 жылы сәуірде еліне біржола оралады. Онда Колчак үстемдігінен кейін қайта жанданған совдеп жұмысына араласып, ел шаруаларының дау-шарларын әділ шешуге қатынасты. Осы тұста саяси-философиялық әдебиеттерді көп оқып, «Шал мен қызға», «А, дүние», «Жас жүрек», «Сарыарқаның жаңбыры», «Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс», т.б. өлеңдерін жазды.

Бөлісу: