2009 жылы Астанада халқымыздың көрнекті қаламгері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Құрмет орденінің иегері, профессор-ғалым Ақселеу Сейдімбекке арналған мемориалдық тақта орнатылды. Астанадағы № 54-ші қазақ мектеп-лицейі көрнекті ғалым, белгілі қайраткер, марқұм Ақселеу Сейдімбектің есімімен аталды.
«Байқоңыр» ғарыш айлағында қаза тапқан сынақшыларды еске алу күні. 1955 жылғы ақпанның 12-інде КСРО Үкіметі «Байқоңыр» ғарыш айлағын салу туралы шешім қабылдады.
Замбия, Тәуелсіздік күні. Замбия Республикасы – Орталық Африкада орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 752,6 мың км². Халқы – 9,5 млн адам (1995). Тұрғындарының 99%-і банту тілінде сөйлейтін жергілікті тайпалар (бемба, тонга, лози, лунда, малави, т.б.). Елде 100 мыңға жуық еуропалықтар мен азиялықтар тұрады. Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі.
Біріккен Ұлттар Ұйымы күні. Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық ұйым. 1945 жылы Сан-Францискодағы конференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы.[1] Бас кеңсесі орналасуы — Нью-Йорк, АҚШ. Ағымда БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді. «Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945ж. 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаты:
Бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;
Ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту;
Халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мен адам құқығын құрметтеуді қолдау;
Осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығы болу.
БҰҰ-ның басты мақсаттарының бірі - бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау. Көптеген жылдар бойына ұйым халықаралық дағдарыстардың алдын алу және ұзаққа созылған қақтығыстарды шешуде маңызды рөл атқарып келеді. Бейбітшілікті орнату мен сақтау және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі кешенді операцияларды жүзеге асырды. Сонымен қатар ол өршіп келе жатқан қақтығыстардың алдын алу шараларын қолға алды. Қақтығыс соңынан кейінгі жағдайларда ол зорлықтың түп негізгін жою мен тұрақты бейбітшілік негізін салуға бағытталған ұйымдасқан шараларды жиі қолға алуда.
Бүкіләлемдік ақпараттың даму күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен атап өтіледі.
Қарусыздану апталығы. Бүкіләлемдік бейбітшілік кеңесі мен Қарусыздану жөніндегі БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясының шешімімен қазанның 24-і мен 31-і аралығында жыл сайын атап өтіледі.
Замбия Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік жариялаған күні (1964). Замбия - Орталық Африканың оңтүстігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Конго Демократиялық Республикасымен, Танзаниямен, шығысында Малавимен, оңтүстік-шығысында Мозамбикпен, оңтүстігінде Зимбабве, Ботсвана, Намибеймен, батысында Анголамен шектеседі. Астанасы - Лусака қаласы. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі. Ақша бірлігі - квача.

-