26 Тамыз 2013, 05:09
Шығыстың қос шынарының бірі, қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 88 жыл толды.
Мажарстан, Республика күні. Eуропаның орталығында oрналасқан ел. Мажарстан Альпі, Карпат және Динар тауларының аралығында орналасқан. Жерінің тең жартысын Үлкен Орта Дунай ойпаты алып жатыр. Мажарстанның басты өзені - Дунай елді қақ ортасынан басып өтеді. Балатон атты үлкен де әдемі көлдің жағасында көптеген санаторийлер, қонақүйлер, туристік орындар бар. Мажарстан – Еуропаның Аустрия, Словакия, Украина, Румыния, Хорватия мемелекеттерімен шекаралас жатқан ел.
Комикстердің негізінде кино түсіретін Marvel компаниясы өздерінің суперхит болған киносының жалғасы Темір адам 3 киносының трейлерін көпшілікке таныстырылды. Алдын Marvel компаниясының Кекшілер киносы ең кассалық қаражатты жинап алып, осы кезге дейінгі ең көп пайда түсірген үш кино туындының қатарына енген болатын. Сол киноның Лондондағы Кекшілдердің Blu-Ray шығарылымы құрметіне орай откен жиында Темір адам 3 трейлері таныстырылған болатын. Ал көпшілік қауымға былайша айтқанда Ютубқа 23-ші қазан күні салынатын болады.
Венгрияның Мемлекеттік мейрамы - Республика күні. Қазақстан Республикасы мен Венгрия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы наурыздың 24-де орнатылды.
Венгрия, Хунгария, Мажар Республикасы – Еуропаның орталығында орналасқан мемлекет. Жер аумағы 93 мың км2. Халқы 10,1 млн. адам (2007). Астанасы – Будапешт. Халқының 90%-дан астамы венгрлер. Қалғандары неміс, серб, хорват, румын, еврей, т.б. халық өкілдері. Мемлекеттік тілі – венгр (мадьяр) тілі.