19-қазан

26 Тамыз 2013, 05:02

Арменияның зымырандық-артиллерия әскерлері күні. 1992 жылдан бастап, Армения Қарулы Күштерінің зымырандық-артиллериялық бөлімшелерін құру аяқталған күннен атап өтіледі. Аталмыш күн бүгінге дейін өз деңгейін жоғалтқан жоқ. Ямайкадағы батырлардың ұлттық күні. 1928 жылы Қарағанды облысындағы Қарсақбай елді-мекенінде Жезқазған тау-кен металлургиялық комбинаты («Жезқазғантүстімет» акционерлік қоғамы) құрылды. 1997 жылы шілдеде «Жазқазғантүстімет» акционерлік қоғамы негізінде «Қазақмыс» корпорациясы құрылды. Корпорация мыс және күміс өндіруден қазақстанда бірінші орында болса, мыс өндіруден әлем бойынша алғашқы ондыққа кіреді. Жезқазған аймағының дамуына,  тау-кен металлургия кешенінің құрылуына қазақ ғалымы Қаныш Сәтбаев көп еңбек сіңірді. 1957 жылы  Петропавл қаласында алғаш рет облыстық ақындар айтысы болып өтті. 2005 жылы  Тараз қаласында «ҚазТрансГаз» АҚ қаржысына салынатын «Тараз қаласының спорт сарайы» спорт кешені құрылысының орнына алғашқы қада қағу салтанаты өтті. 2005 жылы  «Қазпошта» АҚ Эстония поштасымен бірігіп, екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайту мақсатында «Аңшы иттер» тақырыбына арналған жаңа пошта маркасын шығарды. Жаңа маркада қазақ тазысы мен эстон тазысының суреті бейнеленген. 1989 жылы  Семей полигонында соңғы (221-ші) ядролық жер асты жарылысы жүргізілді. 1990 жылы  Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің және Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Алматыдағы Республикалық мәдениет орталығын құру туралы қаулысы жарық көрді. 2007 жылы  Сәтбаев қаласының кен өнеркәсібінің шебері Шәміл Садықов «Ресейдің алтын қаламы» атты ұлттық әдеби сыйлығының күміс лауреаты атанды. Қазылар алқасы әскери-патриоттық аталымына оның «Пошташы қыздың ажалы» атты әңгімесін лайықты деп тапқан. 2007 жылы  Ресей Ғылым Академиясының Сібір бөлімінің Ядролық физика институты /ЯФИ/ және Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы ілеспе сәулелену генераторын ортақ құрылысы туралы келісіміне қол қойды. Қондырғыштың құрылысына бес жылдай уақыт кетеді. Ілеспе сәулелену генератордың қолдану саласы өте кең. Ол осы күнге дейін болмаған әуеғарыштық өндіріске қажет материалдарды шығаруға мүмкіндік береді. Медицинада ілеспе сәулелену аурулардың ерте диагностикасында көмектеседі, ал ем қабылдаған уақытта - дәрілерді тура сол ағза мүшесіне жеткізу үшін қолданылады. Ең жаңа препараттарды шығару, аурудын ерте анықталуы мен емдеуі, тамырлы аурулардың диагностикасы үшін синхротрон ауыстырғысыз болып табылады. Бүгінгі күні бірде-бір дәрі-дәрмек синхротронда нақты саралауынан өтпейінше, өндіріске жіберілмейді.  

Арменияның зымырандық-артиллерия әскерлері күні. 1992 жылдан бастап, Армения Қарулы Күштерінің зымырандық-артиллериялық бөлімшелерін құру аяқталған күннен атап өтіледі. Аталмыш күн бүгінге дейін өз деңгейін жоғалтқан жоқ.

Ямайкадағы батырлардың ұлттық күні.

1928 жылы Қарағанды облысындағы Қарсақбай елді-мекенінде Жезқазған тау-кен металлургиялық комбинаты («Жезқазғантүстімет» акционерлік қоғамы) құрылды. 1997 жылы шілдеде «Жазқазғантүстімет» акционерлік қоғамы негізінде «Қазақмыс» корпорациясы құрылды. Корпорация мыс және күміс өндіруден қазақстанда бірінші орында болса, мыс өндіруден әлем бойынша алғашқы ондыққа кіреді. Жезқазған аймағының дамуына,  тау-кен металлургия кешенінің құрылуына қазақ ғалымы Қаныш Сәтбаев көп еңбек сіңірді.

1957 жылы  Петропавл қаласында алғаш рет облыстық ақындар айтысы болып өтті.

2005 жылы  Тараз қаласында «ҚазТрансГаз» АҚ қаржысына салынатын «Тараз қаласының спорт сарайы» спорт кешені құрылысының орнына алғашқы қада қағу салтанаты өтті.

2005 жылы  «Қазпошта» АҚ Эстония поштасымен бірігіп, екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайту мақсатында «Аңшы иттер» тақырыбына арналған жаңа пошта маркасын шығарды. Жаңа маркада қазақ тазысы мен эстон тазысының суреті бейнеленген.

1989 жылы  Семей полигонында соңғы (221-ші) ядролық жер асты жарылысы жүргізілді.

1990 жылы  Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің және Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Алматыдағы Республикалық мәдениет орталығын құру туралы қаулысы жарық көрді.

2007 жылы  Сәтбаев қаласының кен өнеркәсібінің шебері Шәміл Садықов «Ресейдің алтын қаламы» атты ұлттық әдеби сыйлығының күміс лауреаты атанды. Қазылар алқасы әскери-патриоттық аталымына оның «Пошташы қыздың ажалы» атты әңгімесін лайықты деп тапқан.

2007 жылы  Ресей Ғылым Академиясының Сібір бөлімінің Ядролық физика институты /ЯФИ/ және Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы ілеспе сәулелену генераторын ортақ құрылысы туралы келісіміне қол қойды. Қондырғыштың құрылысына бес жылдай уақыт кетеді. Ілеспе сәулелену генератордың қолдану саласы өте кең. Ол осы күнге дейін болмаған әуеғарыштық өндіріске қажет материалдарды шығаруға мүмкіндік береді. Медицинада ілеспе сәулелену аурулардың ерте диагностикасында көмектеседі, ал ем қабылдаған уақытта - дәрілерді тура сол ағза мүшесіне жеткізу үшін қолданылады. Ең жаңа препараттарды шығару, аурудын ерте анықталуы мен емдеуі, тамырлы аурулардың диагностикасы үшін синхротрон ауыстырғысыз болып табылады. Бүгінгі күні бірде-бір дәрі-дәрмек синхротронда нақты саралауынан өтпейінше, өндіріске жіберілмейді.

 

Бөлісу: