17-қазан

26 Тамыз 2013, 05:02

Кедейшілікті жою жолындағы халықаралық күрес күні. Бұл күн «АТД-Eourth World» атты француз қайырымдылық қозғалысының және БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Хавьер Перес де Куэльярдың бастамасымен атап өтіледі. АҚШ-тағы негр нәсілділер поэзиясының күні. Америкада қара нәсілділер арасынан шыққан тұңғыш ақын Юпитер Хэммонды еске алу мақсатында жыл сайын атап өтіледі. 1992 жылы  Алматы облысының Күрті ауданында батыр, ғалым, Қазыбек бек Тауасарұлына ескерткіш орнатылды. 1992 жылы  Қызылорда облысының Қазалы ауданында қазақ халқының отаршылдық езгіге қарсы ұлт-азаттық күресінің көшбасшыларының бірі Жанқожа батырға ескерткіш орнатылды. 2005 жылы  Өскеменде «Менің қалам» қоғамдық қоры құрылды. 2004 жылы  17-18 қазанда Душанбеде «Орталық Азия Ынтымақтастығы» (ОАЫ) Ұйымына мүше Мемлекеттер басшыларының отырысы өтті. 2008 жылы  17-нен 19-шы қазан күндері Түркия Республикасы Ризе қаласының университетінде Махмуд Қашқаридың туғанына 1000-жыл толуына арналған «Ата сөздігіміз, рухани кенішіміз» халықаралық симпозиумі болып өтті. 2005 жылы  Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргізу жөніндегі Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң жер қойнауы саласы бойынша мемлекеттік реттеу тетіктерін жетілдіруге бағытталған. 2007 жылы  Қазақстанның футболдан құрама командасының www.sbornaya.kz. атты сайтының тұсаукесері өтті. Жобаның мақсаты - жас қазақстандық команда жайында ақпарат тарату, Қазақстанда футболды жұртшылыққа әйгілеу, жанкүйерлерді біріктіру. Сайт құрама команда жайындағы жаңалықтар және сараптама ақпараттарынан тұрады. Жоба ҚР Футбол федерациясының қолдауымен құрама команда жанкүйерлерінің бастамасы бойынша құрылды. 2007 жылы  ҚХР-ғы ҚР Елшілігі Бейжіңде Қытайдағы Қазақстанның Мәдениет күндерінің аясында шығарылған көркем иллюстрациялық журналдың тұсаукесері өтті. Журналдың 4 бөлімінде Қазақстан тарихын баяндайтын суреттер мен материалдар бар, қазақ және қытай тілінде өзара қарым-қатынастар, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен екі ел арасындағы байланыстардың дамуы, қазақстандық мәдениеттің тарихы мен дәстүрі қамтылған. Арнайы бөлімде ежелгі және қазіргі заманғы қазақ халқының музыка аспаптары көрсетілген. 2009 жылы Қазақстанның Германиядағы жылының аясында Қазақстанның Берлиндегі Елшілігінің және Франкфурттегі Бас консульдықтың қолдауымен, Франкфурт кітап жәрмеңкесінде Олжас Сүлейменовтың «Жер шегіндегі бір минуттық үнсіздік» кітабы неміс басылымының таныстырылымы өтті. «Жер шегіндегі бір минуттық үнсіздік» кітабының таныстырылымында автор Олжас Сүлейменов қауымды өз туындыларымен қысқаша таныстырып өтіп, өлеңдерінен үзінді оқыды. Олжас Сүлейменовтың «Жер шегіндегі бір минуттық үнсіздік» кітабы Қазақстанның Германиядағы Елшілігі немістің «J&D Dagyeli Verlag», «Önel Verlag&Druck» және «Schiler Verlag» басылымдарымен бірлесіп жүзеге асырып отырған «Қазақ кітапханасы» жобасының аясында таныстырылып отыр. Осынау ынтымақтастықтың арқасында бүгінде неміс оқырмандарының кітап сөрелерінде Абай Құнанбаевтың, Мұхтар Әуезовтың, Әбдіжәміл Нұрпейісовтың, Әбіш Кекілбаевтың, Тахауи Ахтановтың неміс тіліне аударылған туындылары тұр. 2009 жылы  Атырауда украинаның ұлы ақыны Тарас Шевченкоға арналған ескерткіш тақта орнатылды. Ескерткіш тақта Шевченко көшесіндегі үйдің алдыңғы жағында орналасқан. Бұл ғимарат Атырау (Гурьев) қаласының ескі орталығында орналасқан, онда 1850 жылы Тарас Шевченко Маңғышлақ түбегіне жер аудару кезінде осы көшеде болған. 1981 жылы  Алматыда Мәскеу және Алатау аудандары құрылды.

Кедейшілікті жою жолындағы халықаралық күрес күні. Бұл күн «АТД-Eourth World» атты француз қайырымдылық қозғалысының және БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Хавьер Перес де Куэльярдың бастамасымен атап өтіледі.

АҚШ-тағы негр нәсілділер поэзиясының күні. Америкада қара нәсілділер арасынан шыққан тұңғыш ақын Юпитер Хэммонды еске алу мақсатында жыл сайын атап өтіледі.

1992 жылы  Алматы облысының Күрті ауданында батыр, ғалым, Қазыбек бек Тауасарұлына ескерткіш орнатылды.

1992 жылы  Қызылорда облысының Қазалы ауданында қазақ халқының отаршылдық езгіге қарсы ұлт-азаттық күресінің көшбасшыларының бірі Жанқожа батырға ескерткіш орнатылды.

2005 жылы  Өскеменде «Менің қалам» қоғамдық қоры құрылды.

2004 жылы  17-18 қазанда Душанбеде «Орталық Азия Ынтымақтастығы» (ОАЫ) Ұйымына мүше Мемлекеттер басшыларының отырысы өтті.

2008 жылы  17-нен 19-шы қазан күндері Түркия Республикасы Ризе қаласының университетінде Махмуд Қашқаридың туғанына 1000-жыл толуына арналған «Ата сөздігіміз, рухани кенішіміз» халықаралық симпозиумі болып өтті.

2005 жылы  Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргізу жөніндегі Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Заң жер қойнауы саласы бойынша мемлекеттік реттеу тетіктерін жетілдіруге бағытталған.

2007 жылы  Қазақстанның футболдан құрама командасының www.sbornaya.kz. атты сайтының тұсаукесері өтті. Жобаның мақсаты - жас қазақстандық команда жайында ақпарат тарату, Қазақстанда футболды жұртшылыққа әйгілеу, жанкүйерлерді біріктіру. Сайт құрама команда жайындағы жаңалықтар және сараптама ақпараттарынан тұрады. Жоба ҚР Футбол федерациясының қолдауымен құрама команда жанкүйерлерінің бастамасы бойынша құрылды.

2007 жылы  ҚХР-ғы ҚР Елшілігі Бейжіңде Қытайдағы Қазақстанның Мәдениет күндерінің аясында шығарылған көркем иллюстрациялық журналдың тұсаукесері өтті.

Журналдың 4 бөлімінде Қазақстан тарихын баяндайтын суреттер мен материалдар бар, қазақ және қытай тілінде өзара қарым-қатынастар, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен екі ел арасындағы байланыстардың дамуы, қазақстандық мәдениеттің тарихы мен дәстүрі қамтылған. Арнайы бөлімде ежелгі және қазіргі заманғы қазақ халқының музыка аспаптары көрсетілген.

2009 жылы Қазақстанның Германиядағы жылының аясында Қазақстанның Берлиндегі Елшілігінің және Франкфурттегі Бас консульдықтың қолдауымен, Франкфурт кітап жәрмеңкесінде Олжас Сүлейменовтың «Жер шегіндегі бір минуттық үнсіздік» кітабы неміс басылымының таныстырылымы өтті.

«Жер шегіндегі бір минуттық үнсіздік» кітабының таныстырылымында автор Олжас Сүлейменов қауымды өз туындыларымен қысқаша таныстырып өтіп, өлеңдерінен үзінді оқыды.

Олжас Сүлейменовтың «Жер шегіндегі бір минуттық үнсіздік» кітабы Қазақстанның Германиядағы Елшілігі немістің «J&D Dagyeli Verlag», «Önel Verlag&Druck» және «Schiler Verlag» басылымдарымен бірлесіп жүзеге асырып отырған «Қазақ кітапханасы» жобасының аясында таныстырылып отыр. Осынау ынтымақтастықтың арқасында бүгінде неміс оқырмандарының кітап сөрелерінде Абай Құнанбаевтың, Мұхтар Әуезовтың, Әбдіжәміл Нұрпейісовтың, Әбіш Кекілбаевтың, Тахауи Ахтановтың неміс тіліне аударылған туындылары тұр.

2009 жылы  Атырауда украинаның ұлы ақыны Тарас Шевченкоға арналған ескерткіш тақта орнатылды.

Ескерткіш тақта Шевченко көшесіндегі үйдің алдыңғы жағында орналасқан. Бұл ғимарат Атырау (Гурьев) қаласының ескі орталығында орналасқан, онда 1850 жылы Тарас Шевченко Маңғышлақ түбегіне жер аудару кезінде осы көшеде болған.

1981 жылы  Алматыда Мәскеу және Алатау аудандары құрылды.

Бөлісу: