26 Тамыз 2013, 05:02
Бүкіләлемдік азық-түлік күні. БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының құрылған күніне орай, ұйым шешімімен тойланады. Аталған шешім 1945 жылғы қазанның 16-ы күні қабылданған болатын.
Дүниежүзілік анестезиологтар күні
Анестезия - жүйке сезімталдығының жоғалуы. Жасанды анестезияны хирургиялық операцияны ауыртпау үшін қолданады.. Тарихтың айтуынша 1846 жылғы қазанның 16-ында тіс дәрігері Томас Мортон эфир наркозымен операция өткізді. Бұл күнді дүниежүзі Анестезиолог күні деп есептейді. Анестезия жалпы, жергілікті және жұлын-ми сұйықтығы анестезиясы болып бөлінеді.
Бастық күні (Босс күні)
1958 жылы американ хатшысы Патриция Хароски жаңа мейрам - Бастық күнін ұсынған болатын. Аталмыш күнді 1962 жылы Иллинойс штатының губернаторы бұл мейрамды ресми түрде бекітті. Бұл дәстүрді көптеген елдер қолдады және мейрам дүниежүзіне тез тарады. Біздің елімізде бұл атаулы күн өз орнын тауып келеді.
1934 жылы Ш.Уәлихановтың досы Ф.Достоевский атындағы Семей орыс драма театры құрылды.
1961 жылы Өскемен аспаптар зауыты өзінің алғашқы өнімдерін шығара бастады.
1991 жылы Қазақ КСР-інің Президентін сайлау туралы Заң қабылданды. Осы Заңға сәйкес ел көшбасшысын таңдау жолындағы бүкілхалықтық бірінші сайлау өтті.
2001 жылы Тараз қаласында «Жабағылы-Манас» тау клубы» республикалық қоғамдық бірлестігі тіркелді. Төрағасы - Рауф Сәбитов. Аталмыш бірлестіктің негізгі мақсаты әлеуметтік-экономикалық және экологиялық бағдарламаларды жүзеге асыру, туризм, альпинизм, парапланеризм, дельтапланеризм сияқты тау спорты түрлерін дамыту арқылы табиғи ресурстар мен биологиялық әралуандылықты сақтауға атсалысу болып табылады.
1923 жылы Уолт Диснейдің кино компаниясы құрылды. АҚШ-та ағалы-інілі Уолт және Рой Диснейлер «Дисней бразерс стьюдио» атты студиясын құрып, «Алисаның басынан кешкендері» деген ортақ атпен қысқа метражды мультфильмдердің сериясын дайындауға арналған шартқа қол қойды.
2008 жылы Астанада Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің ұсынысымен «Қазіргі жағдай және тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге Қазақстанның үлесі» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Форумға Бельгия, Чехия, Франция, Германия, Түркия және Моңғолия сияқты елдерден, сондай-ақ Ресейден саясаткерлер, сарапшылар, журналистер, әскери мамандар қатысты.
2007 жылы Шымкентте «Абай» деп аталатын ұлттық әдеби, мәдени, қоғамдық басылымның алғашқы нөмірі жарық көрді. Оны шығарған Халықаралық «Абай» клубы. «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай туралы сөз» деп аталатын мақаласымен ашылған жаңа басылым 20 бет көлемінде 10 күнде бір рет шығады. Онда қазақ ақын, жазушылары ғана емес әлем әдебиетінің көрнекті тұлғаларының шығармалары басылады. 30 мың данамен жарық көрген басылымдағы материалдар «Әлем поэзиясы», «Поэзия», «Сын», «Нобель сыйлығының лауреаттары», «Салт-дәстүр», «Дала кемеңгерлері», «Тұлға», «Біздің қонағымыз», «Отбасы», «Детектив», «Спорт», «Халықаралық Абай клубының кітапханасы» деген айдарлар бойынша жарық көріп отыр.
2009 жылы Оралда қазіргі қала жастарының өмірі туралы түсірілген «Хочу тепла» атты толық метражды көркем фильмнің таныстырылымы болды.
Продюсері Дәурен Сәтқанов - «NIDS» компаниясының жетекшісі. Фильмнің авторы - Идрис Ғалимуллин, режиссері - Аманат Рзағалив. Қазіргі жастардың өмірі туралы түсірілген кино идеясының авторлары - И. Ғалимуллин және А. Рзағалив, техникамен қамтамасыз еткен - Д.Сәтқанов.
Фильмнің сюжеті Асқар, Ләйлә, Роман және Фатима туралы. Махаббат және достық, сатқыншылық - жастар аталмыш тақырыптағы сұрақтарға жауап іздейді. Актерлер құрамасы - Құрманғазы атындағы музыкалық колледжнің және М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері.