26 Тамыз 2013, 05:02
Стандарттаудың халықаралық күні. Халықаралық стандарттау ұйымын құру туралы шешім шықты. Бұл шешім 1946 жылғы қазанның 14-інде шықты.
Халықаралық апатты зілзалалардың қаупін азайту жөніндегі күні. Бұл Халықаралық күн 1990-1999 жылдарғы Апатты зілзалалардың қаупін азайту жөніндегі халықаралық онжылдық кезеңінде жыл сайын аталып отырды. 1989 жылғы 22 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 44/236 қарарымен қазанның екінші сәрсенбісін Апатты зілзалалардың қаупін азайту жөніндегі халықаралық күні деп жариялаған қаулы шығарылған болатын.
2000 жылы Астанада К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры өзінің алғашқы театрлық маусымын ашты. Театр сахнасында М.Төлебаевтың «Біржан мен Сара», Дж.Вердидің «Травиата», П.Чайковскийдің «Аққу көлі» опералары қойылды. Бүгінгі таңда театр репертуарында Л.Минкустың «Дон Кихот», А.Аданның «Жизель», Б.Астафьевтің «Бақшасарай бұрқағы», Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу» сияқты 20-дан астам қойылымдары бар еліміздегі ең жас театр сахнасында Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының, Қазақ ұлттық музыка академиясының, А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің түлектері және басқа да театрлардан шақырылған әртістер өнер көрсетеді.
2002 жылы Астана қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен, салтанатты жағдайда, жаңа халықаралық әуежайдың іргетасы қаланды.
1939 жылы Жамбыл облысы құрылды. Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Облыстың әкімшілік орталығы - Тараз қаласы.
Құрамына 10 аудан, 1 облыстық деңгейдегі, 3 аудандық деңгейдегі қалалар кіреді. Облыс түсті металдарға, баритке, көмірге, қаптайтын, төсейтін және техникалық мақсаттағы тастарға, құрылыс материалдарына бай.
Облыста қазақ және орыс драма театрлары, филармония, 5 мұрағат, кітапханалар, клубтар мен мәдениет үйлері бар. Тараз қаласының аумағында б.э.д. X-XI ғасырлардан сақталған Айша-Бибі және Бабажа қатын сағаналары, X-XIII ғасырлардан қалған Қарахан мен Дәуітбек сағаналары орналасқан.
1994 жылы Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның Шөлге айналумен күрес жөніндегі конвенциясына (БҰҰ ШКК) қол қойып, 1997 жылдың 7 шілдесінде бекітті. Сол жылғы 9 шілдеде Қазақстан Конвенция Тарапы болды.
1999 жылы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары құрылымын жетілдіру жөніндегі және олардың құзыреттерін анықтау шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығы басылым бетіне шықты.
2009 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев нормативтік құқықтық актілер жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндетті сараптаманы кезең-кезеңмен енгізуді көздейтін «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама өткізу мәселелері бойынша өзгертулер енгізу туралы» Заңға қол қойды.
2009 жылы Қазақстанда www.yandex.kz порталының іздестіру жүйесі ашылды. Яндекстің порталында қазақстандық пайдаланушыларға бағдарланған барлық негізгі қызметтері ұсынылған. Онда іздестіру қазақ және орыс тілдерінің морфологиясын ескереді, сондай-ақ пайдаланушылардың локалдық сұраныстарына жергілікті сайттарды көрсетумен жауап береді. Мысалы, «Конституция» деген сұраныс бойынша - Қазақстан Республикасы Ата заңының мәтінін береді. Пайдаланушылар іздестіру тілін қазақ және орыс тілдерінде қолдана алады. Сондай-ақ порталда Астана және Алматы қалаларының толық әрі дәл карталары, жергілікті пойыздар мен ұшақтардың қозғалыс кестесі пайда болды.
1851 жылы Англияда әлемдегі ең ірі ақпарат агенттіктерінің бірі Рейтер құрылды.