26 Тамыз 2013, 05:01
Македония Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1991). Македония - Балқан жарты аралында ораласқан мемлекет болып табылады. Солтүстігінде Сербиямен, шығысында Болгариямен, оңтүстігінде Грекиямен, батысында Албаниямен шектеседі. Астанасы - Скопье қаласы. Мемлекеттік тілі - македон тілі. Ақша бірлігі - македон динары. Тәуелсіздік күні макидониялықтар үшін орны ерекше мерекелердің бірі болып отыр. Ол күн жыл сайын салатантты түрде өткізіледі.
Гомеопатия күні. Гомеопат дәрігерлерінің ұсынысы бойынша бүгінде Ресейде өткізіліп келеді. Аталған мереке 2004 жылдан бастап Ресейде жыл сайын аталып өтіледі.
1998 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысы қабылданды.
2007 жылы Семейдегі Невзоровтар отбасы атындағы Бейнелеу өнері мұражайы жаңа жәдігермен толықты. Абай ауданының тұрғыны Жәнібек Молдахан мұражайға тастан қашалған жауынгердің мүсінін тарту етті. Тасмүсін табылған жерге аттанған өлкетанушы-ғалымдар, бұл осыдан 1 мың жылдай бұрын қашалған түркі жауынгерінің бейнесі деген пайымдау жасап отыр. Өлкетанушылар: тас мүсін көне түркілердің әдетте зират басына қоятын дәстүрлі ескерткіші болып табылады және оның көмегімен байырғы көшпелілер дүниенің төрт бұрышын бағдарлаған деген пайымдауды ұсынып отыр.
2009 жылы Астанада Елбасының қатысуымен Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіштің ашылу рәсімі өтті.
Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіш Астана қаласының Ташенов көшесінің бойындағы жасыл саябақта орналасқан. Ескерткіш қоладан, ал тұғыры - граниттен жасалған. Биіктігі - 4,4 метр, салмағы - 5,5 тонна. Оның құрлысына 0,0625 гектар жер телімі берілді.
2009 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми-зерттеу орталығы базасында «Ядролық технологиялар және қайтарымды энергетика технологиясы» ұлттық ғылыми зертханасының таныстырылымы өтті.
Ұлттық ғылыми зертхананың құрылымына ядролық-магнитті резонансты-спектроскопия зертханасы, қолданбалы және радиациялық физика зертханасы, математикалық модельдеу зертханасы кірді. Ядролық технологиялар және орны толатын энергетика технологиясы зертханасы - мұндай жалғыз зертхана. Елімізде осындай бес Ұлттық зертхана бар, солардың ішінде тек осы зертхана ғана аймақтық университеттің құрылымына кіреді. Себебі, университет аймақтың ірі кәсіпорындарымен, ҚР Ұлттық ядролық орталықпен бірлескен жобалар атқарады. Зертхана ядролық физика, қайтарымды энергетика, конденсатты жағдай физикасы және материалтану, химия, медицина, фармакология, экология салаларында ғылыми зерттеулер өткізу үшін құрылып отыр.