26 Тамыз 2013, 05:01
Халықаралық бокс федерациясының тамыз айындағы рейтингінің қорытындысы бойынша, біздің қос боксшы топ басында.Атап айталық, Лондон олимпиадасының чемпионы Серік Сапиев 69 келіде әліде болса көш басында келеді. Ал Сапиевтің ежелгі қарсыластары Тарас Шелестюк пен Андрей Замковой тиісінше екінші және үшінші орынға жайғасқан. Осы салмаққа енді ауысқан қазақтың тағы бір ұланы Даниар Елеусінов төртінші орынға тұрақтады.
Қазақстан бокс құрамасының көшбасшыларының бірі Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов 81 келіге дейінгі салмақта, олимпиада финалында ұтылып қалған Егор Мехонцевті және Хулио Ла Крузды басып озып осы салмақтың тізгінін ұстады.
Аса ауыр салмақта олимпиада қола жүлдегері Иван Дычко (91кг) екінші сатыда.Бұл салмақта әзірбайжандық Магомедрасул Меджидов бәрінен оқ бойы озық тұр.
Бокстан әйелдер құрамасының көшбасшыларының бірі Ләззат Күнгебаева (81кг) екінші сатыда. Бірінші орын қытайлық Ли Юнфейге тиесілі. Бір қызығы олимпиада қола жүлдегері Марина Вольнова үздіктер қатарына енбей қалған.