Кенжесариев есін жия бастады

26 Тамыз 2013, 04:59

«Ақтөбе» футбол клубының жартылай қорғаушысы Эмель Кенжесариев есін жия бастады. Дәрігерлердің айтуынша, қазір спортшы жасанды тыныс алу аппаратынсыз өз бетімен тыныстап жатыр. Бұл туралы Vesti.kz  сайты СТВ телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлады. «Бүгінгі таңда футболшының жағдайы бір қалыпты. Қазір спортшы жасанды тыныс алу аппаратынсыз өз бетімен тыныс алуда. Эмельдің алған жарақаты тым ауыр болғандықтан әлі де есін толық жиған жоқ. Алайда, оның ертерек сауығып кету үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаудамыз. Бір сөзбен айтқанда, оның жағдайы күн санап жақсарып келеді»,-дейді Алматы қаласы ЖЖА-ның бас дәрігерінің орынбасары Рүстем Қадырбаев. Естеріңізде болса, 11 тамыз күні Эмель Кенжесариев ауыр соққыға жығылып, ауруханаға жеткізілген еді. Оған алматылық дәрігерлер екі рет ота жасаған болатын. Соңыра белгілі болғандай, футболшыны соққыға жықты деген күдікпен Алматыдағы караоке-бардың күзетшісі қолға түсті. Айыпталушының айтуынша, Эмель екеуінің арасында төбелес орын алған. Алайда, спортшы өз бетімен таксиге отырып кеткен.

«Ақтөбе» футбол клубының жартылай қорғаушысы Эмель Кенжесариев есін жия бастады. Дәрігерлердің айтуынша, қазір спортшы жасанды тыныс алу аппаратынсыз өз бетімен тыныстап жатыр. Бұл туралы Vesti.kz  сайты СТВ телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлады.

«Бүгінгі таңда футболшының жағдайы бір қалыпты. Қазір спортшы жасанды тыныс алу аппаратынсыз өз бетімен тыныс алуда. Эмельдің алған жарақаты тым ауыр болғандықтан әлі де есін толық жиған жоқ. Алайда, оның ертерек сауығып кету үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаудамыз. Бір сөзбен айтқанда, оның жағдайы күн санап жақсарып келеді»,-дейді Алматы қаласы ЖЖА-ның бас дәрігерінің орынбасары Рүстем Қадырбаев.

Естеріңізде болса, 11 тамыз күні Эмель Кенжесариев ауыр соққыға жығылып, ауруханаға жеткізілген еді. Оған алматылық дәрігерлер екі рет ота жасаған болатын. Соңыра белгілі болғандай, футболшыны соққыға жықты деген күдікпен Алматыдағы караоке-бардың күзетшісі қолға түсті. Айыпталушының айтуынша, Эмель екеуінің арасында төбелес орын алған. Алайда, спортшы өз бетімен таксиге отырып кеткен.

Бөлісу: