«Шахтердің» бас бапкері Виктор Кумыков: «Селтикпен» төбелессек те жеңіске же

25 Тамыз 2013, 13:36

«Шахтердің» бас бапкері Виктор Кумыков «Селтикке» қарсы жауапты матч алдында «Sports.kz» тілшісінің сұрақтарына жауап берді. — Виктор Балютович, команданы Чемпиондар Лигасы ойындарынан кейін Қазақстан Чемпионатына қалай дайындау керек? — Оларды жақсылап дайындауға тырысып жатырмыз. Себебі бізді алда «Селтикке» қарсы жауапты матч күтіп тұр. Одан әрі жеңіске жеткіміз келеді. Біздің барлық ойымыз алдағы уақытта «Селтикпен» өтетін матчта. — «Ертіспен» өткен матчтың нәтижесіне көңіліңіз тола ма? — Әрине, толмайды. Біз аралас құраммен ойнап та жеңуіміз мүмкін еді. Біздің салған бір голымызды төреші есептеген жоқ. Матчтың видеотаспасын көріп, голдың неліктен есептелмегенін түсінген жоқпыз. Ештеңе белгісіз. — «Скендербеу» өткеннен кейін Еуропа Лигасында ойнаған дұрыс деп едіңіз. Елімізде «Селтикті» жеңгеннен кейін, пікіріңіз өзгерді ме? — Бізге қай турнирге қатыссақ та айырмашылық жоқ. Бірақ, егер бізде Чемпиондар Лигасында ойнау мүмкіндігі болса, одан неге бас тартуымыз керек. Жанкүйерлер Чемпиондар Лигасына қатысқанымызды қалайды, сондықтан біз қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. — Команда Глазгоға қандай көңіл-күймен бара жатыр? Жауапты ойыннан не күтуге болады? «Біз ойнаймыз, төбелесеміз, қысқасы жеңіске жету үшін бәріне барамыз. Басқа ештеңе айтып, уәде бере алмаймын. Кеше «Шахтер» футбол клубына арналған аллея ашылды. Облыс және қала басшылығына үлкен алғысымды білдіремін. Сондай-ақ, біздің басты жанкүйерлеріміз – шахтерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Оларға мықты денсаулық, отбасыларына бақыт, жақсылық тілеймін. bnews.kz

«Шахтердің» бас бапкері Виктор Кумыков «Селтикке» қарсы жауапты матч алдында «Sports.kz» тілшісінің сұрақтарына жауап берді.

— Виктор Балютович, команданы Чемпиондар Лигасы ойындарынан кейін Қазақстан Чемпионатына қалай дайындау керек?

— Оларды жақсылап дайындауға тырысып жатырмыз. Себебі бізді алда «Селтикке» қарсы жауапты матч күтіп тұр. Одан әрі жеңіске жеткіміз келеді. Біздің барлық ойымыз алдағы уақытта «Селтикпен» өтетін матчта.

— «Ертіспен» өткен матчтың нәтижесіне көңіліңіз тола ма?

— Әрине, толмайды. Біз аралас құраммен ойнап та жеңуіміз мүмкін еді. Біздің салған бір голымызды төреші есептеген жоқ. Матчтың видеотаспасын көріп, голдың неліктен есептелмегенін түсінген жоқпыз. Ештеңе белгісіз.

— «Скендербеу» өткеннен кейін Еуропа Лигасында ойнаған дұрыс деп едіңіз. Елімізде «Селтикті» жеңгеннен кейін, пікіріңіз өзгерді ме?

— Бізге қай турнирге қатыссақ та айырмашылық жоқ. Бірақ, егер бізде Чемпиондар Лигасында ойнау мүмкіндігі болса, одан неге бас тартуымыз керек. Жанкүйерлер Чемпиондар Лигасына қатысқанымызды қалайды, сондықтан біз қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз.

— Команда Глазгоға қандай көңіл-күймен бара жатыр? Жауапты ойыннан не күтуге болады?

«Біз ойнаймыз, төбелесеміз, қысқасы жеңіске жету үшін бәріне барамыз. Басқа ештеңе айтып, уәде бере алмаймын. Кеше «Шахтер» футбол клубына арналған аллея ашылды. Облыс және қала басшылығына үлкен алғысымды білдіремін. Сондай-ақ, біздің басты жанкүйерлеріміз – шахтерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Оларға мықты денсаулық, отбасыларына бақыт, жақсылық тілеймін.

bnews.kz

Бөлісу: