Microsoft-тың қазіргі басшысы Стив Балмер өзінің қызметін бір жылдың ішінде босатады деген ақпарат тарағаннан кейін, америкалық компанияның акциялары жұма күнгі сауданың нәтижесі бойынша 7,3 пайызға артқан. Бұл туралы ВВС хабарлады.
Сауданың жабылуы кезінде компьютерлерге операциялық жүйені өндіруші әлемдегі ірі компанияның нарықтық капиталдандыруы 289 млрд. АҚШ долларын құрады. Ал Apple Inc. компаниясының капиталдандыруы 455 млрд. долларға тең.
Қазіргі кезде Microsoft мобильді құрылғылар нарығында қалыс келуде және осы кемшілігін қиыншылықпен еңсеруде. Алайда, Windows бұрынғысынша компьютерлер нарығында басымдыққа ие болып отыр. Дегенмен де Microsoft смартфондар мен планшеттердің нарығында осындай табысқа қол жеткізе алмауда.
ҚазАқпарат.