29-қараша

23 Тамыз 2013, 09:54

Халықаралық Палестина халқымен ынтымақ күні. 1947 жылдың осы күні БҰҰ Бас ассамблеясы Палестинаны бөлу туралы қарар қабылдады. 1977 жылы БҰҰ-ның Бас ассамблеясы жыл сайын 29 қарашаны «Халықаралық Палестина халқымен ынтымақ күні» ретінде атап өтуге қаулы қабылдайды. Албания азаттығы күні. Елдің фашист басқыншыларынан азат етілуі құрметіне атап өтіледі. Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында Албанияны фашистік Италия әскерлері жаулап алады. 1944 жылғы 11 қыркүйекте оларға фашистік Германия әскерлері қосылады. Осылайша, немістер одақтастарға Грекия аумағынан Югославияға өтіп кетуге кедергі жасаймыз деп үміттенді. Коммунистер көсемі Э.Ходжа бастаған партизандар армиясы 1944 жылғы 28 қарашада Шкодер қаласын азат етеді, ал елдің бүкіл аумағы басқыншылардан ертеңгі күні толықтай тазартылады. 1994 жылы Алматыда Қазақстандағы үнді әдебиетінің күндері басталды. 1995 жылы  Алматы сауда-қаржы банкі құрылды. 2004 жылы  Жамбыл облысында байытылған белокты азықтық өнім өндіретін зауыт ашылды. Ол қазіргі заманғы технология бойынша салынған және әлемдік алдыңғы қатарлы өндірушілердің автоматтандырылған жабдықтарымен жарақтанған. Зауыт өнімінің құрамына дымқыл протеин, азотсыз экстрабелсенді заттар, май, клетчатка, күл, дәрумендер мен микробөлшектер кіреді. Мұндай азық құс-жануарларға мол қуатты қорек беріп, мүйізді ірі қараның салмақ қосуына тиімді әсерін тигізеді, сүт сауынын 10-18 пайызға, тауықтардың жұмыртқалауын - 15 пайызға арттырады. 2006 жылы Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Қазақстандағы Пушкин жылына орай «Сөйлейді Пушкин қазақша» атты республикалық конференция болып өтті. Шараны ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті. Онда ұлы орыс ақынының қазақ әдебиетінің классиктері Абай, Шәкәрім, І.Жансүгіров, Ә.Тәжібаев пен Қ. Бекхожиннің аударма туындыларымен қатар жас-ақын жазушылардың А.С.Пушкинге арналған  шығармалары қойылды. 2005 жылы  Ақтөбе облысында кәсіпкерлікті қолдаудың аймақтық бағдарламасы аясында «СМЕДА орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі агенттіктің» қоғамдық қоры кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің тапсырысы бойынша ww.smeda.kz. веб-сайтын ашты. Сайттың ашылуы кәсіпкерлікті қолдау құрылымдарын дамыту бағдарламасының екінші сатысы болып табылады. Бұл бағдарламаның бастапқы сатысы - облыстың барлық аудандарында бюжеттік қаражаттардың есебінен бизнес инкубаторлар жасау жолымен табысты игерілген болатын. 2005 жылы Көкшетау қаласында құрылған бірлескен Ресей-Қазақстан кәсіпорнында, дәлірек айтқанда «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында аса қысқа мерзім ішінде жаңа үлгідегі «КамАЗ» автокөліктерінің 100-і пайдалануға берілді. Кәсіпорынның жылына 200 автобус, 1500 «КамАЗ» автомашиналарын шығаруға мүмкіндігі бар. Бүгінде бірлескен кәсіпорын ауласынан шыққан жүк көліктері Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды өндірістік аймақтарында үлкен сұранысқа ие.

Халықаралық Палестина халқымен ынтымақ күні. 1947 жылдың осы күні БҰҰ Бас ассамблеясы Палестинаны бөлу туралы қарар қабылдады. 1977 жылы БҰҰ-ның Бас ассамблеясы жыл сайын 29 қарашаны «Халықаралық Палестина халқымен ынтымақ күні» ретінде атап өтуге қаулы қабылдайды.

Албания азаттығы күні. Елдің фашист басқыншыларынан азат етілуі құрметіне атап өтіледі. Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында Албанияны фашистік Италия әскерлері жаулап алады. 1944 жылғы 11 қыркүйекте оларға фашистік Германия әскерлері қосылады. Осылайша, немістер одақтастарға Грекия аумағынан Югославияға өтіп кетуге кедергі жасаймыз деп үміттенді. Коммунистер көсемі Э.Ходжа бастаған партизандар армиясы 1944 жылғы 28 қарашада Шкодер қаласын азат етеді, ал елдің бүкіл аумағы басқыншылардан ертеңгі күні толықтай тазартылады.

1994 жылы Алматыда Қазақстандағы үнді әдебиетінің күндері басталды.

1995 жылы  Алматы сауда-қаржы банкі құрылды.

2004 жылы  Жамбыл облысында байытылған белокты азықтық өнім өндіретін зауыт ашылды. Ол қазіргі заманғы технология бойынша салынған және әлемдік алдыңғы қатарлы өндірушілердің автоматтандырылған жабдықтарымен жарақтанған. Зауыт өнімінің құрамына дымқыл протеин, азотсыз экстрабелсенді заттар, май, клетчатка, күл, дәрумендер мен микробөлшектер кіреді. Мұндай азық құс-жануарларға мол қуатты қорек беріп, мүйізді ірі қараның салмақ қосуына тиімді әсерін тигізеді, сүт сауынын 10-18 пайызға, тауықтардың жұмыртқалауын - 15 пайызға арттырады.

2006 жылы Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Қазақстандағы Пушкин жылына орай «Сөйлейді Пушкин қазақша» атты республикалық конференция болып өтті. Шараны ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті. Онда ұлы орыс ақынының қазақ әдебиетінің классиктері Абай, Шәкәрім, І.Жансүгіров, Ә.Тәжібаев пен Қ. Бекхожиннің аударма туындыларымен қатар жас-ақын жазушылардың А.С.Пушкинге арналған  шығармалары қойылды.

2005 жылы  Ақтөбе облысында кәсіпкерлікті қолдаудың аймақтық бағдарламасы аясында «СМЕДА орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі агенттіктің» қоғамдық қоры кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің тапсырысы бойынша ww.smeda.kz. веб-сайтын ашты.

Сайттың ашылуы кәсіпкерлікті қолдау құрылымдарын дамыту бағдарламасының екінші сатысы болып табылады. Бұл бағдарламаның бастапқы сатысы - облыстың барлық аудандарында бюжеттік қаражаттардың есебінен бизнес инкубаторлар жасау жолымен табысты игерілген болатын.

2005 жылы Көкшетау қаласында құрылған бірлескен Ресей-Қазақстан кәсіпорнында, дәлірек айтқанда «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында аса қысқа мерзім ішінде жаңа үлгідегі «КамАЗ» автокөліктерінің 100-і пайдалануға берілді.

Кәсіпорынның жылына 200 автобус, 1500 «КамАЗ» автомашиналарын шығаруға мүмкіндігі бар. Бүгінде бірлескен кәсіпорын ауласынан шыққан жүк көліктері Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды өндірістік аймақтарында үлкен сұранысқа ие.

Бөлісу: