23 Тамыз 2013, 09:54
Теңіз жаяу әскерлері күні. Ресейде І Петр патшаның тұңғыш «теңіз солдаттары полкын» (1705 ж.) құру туралы жарлығын есте қалдыру мақсатымен 1995 жылғы 19 қарашада РФ Әскери-теңіз флоты Бас қолбасшысының бұйрығына сәйкес атап өтіледі.
Ресей бағалаушысы күні. 1996 жылғы Ресей Федерациясы Еңбек және әлеуметтік даму министрлігінің Қаулысымен «Бағалаушы» (мүлікті бағалау жөніндегі сарапшы) қызметі бойынша кәсіптік сипаттама бекітілген күннен бастап атап өтіледі.
1992 жылы Алматы облысының Жамбыл ауданында Қарасай батыр атындағы қор мен тарихи-этнографиялық қоғам құрылды.
1992 жылы Алматы облысының Нарынқол ауданы Қарасаз ауылында ақын Мұқағали Мақатаевтың мұражайы ашылды.
2004 жылы Таразда әйелдердің қоғамдық іс-шараларға қатысуы жөніндегі «Демократия іс жүзінде» халықаралық жобаның таныстырылымы өтті. Ұйымдастырушылар - АҚШ Мемлекеттік департаментінің қолдауымен Қазақстан қоғамдық бірлестігі, ЕҚЫҰ Демократия және адам құқықтары жөніндегі бюросы. Жобаны жүзеге асырудағы мақсат - тұрғындарды жергілікті деңгейде шешім қабылдау үдерісіне тарту, жергілікті өкілетті органдар жанындағы қоғамдық комитеттердегі әйелдер рөлін күшейту.
2006 жылы Ақтауда «Маңғыстау облысының инвестициялық ахуалы мен мүмкіндіктері» тақырыбында тұңғыш Каспий инвестициялық форумы болып өтті. Форумда әлемнің тоғыз елінен ірі еуропалық және азиялық қаржы институттарының топ-менеджерлері, жетекші рейтингілік агенттіктердің, инвестициялық қорлардың, құрылыс-инженерлік компаниялардың өкілдері қатысты. Олардың арасында Қазақстаннан, ТМД елдерінен
2007 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңдарға қол қойды.
Олардың біріншісі - «2008-2010 жылдарға арналған Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық мәні бар қалалардың, астананың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы» Заң республикалық және облыстық бюджеттер арасындағы қарым-қатынастарды реттейді. Екінші заңмен тауарларды импорттау үшін кеден рәсімдерін жеңілдететін Қазақстан Республикасының Кедендік кодексіне өзгертулер енгізілді. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуразиялық экономикалық қоғамдастық арасында Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Ықпалдастық комитетінің Қазақстан Республикасының аумағында болу шарттары жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойылды.
2009 жылы Алматыда жылу энергиясының орталық транзитті-бөлу нүктесі ашылды. Бұл нүкте Алматы қаласының 2005-2015 жылдарғы энергия кешенін дамыту негізінде ашылып отыр. Ол сонымен қатар бүгінгі күнннің талабына сай жұмыс істейтін болады. Ғимарат мемлекеттік бюджет пен жеке инвестиция арқылы салынды. Бұл жылу нүктесі қаладағы жылу энергиясын реттеумен қатар, «Орбита» қазандығының жұмысын жақсартып, қаланың оңтүстік бөлігін жылумен еш кідіріссіз қамтамасыз ететін болады.