25-қараша

23 Тамыз 2013, 09:54

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрестің халықаралық күні БҰҰ Бас Ассамблеясы қарашаның 25-сін 1999 жылғы желтоқсанның 17-індегі 54/134 қарарымен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрестің халықаралық күні деп жариялады және мемлекеттерге, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік емес ұйымдарға бұл күні қоғам назарын осы мәселеге аударуға арналған шаралар өткізуді ұсынды. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық дүниежүзінің барлық жерінде таралған және барлық қоғамда кездесетін жағдай. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасау мәселесі тек нәсілдігін, әлеуметтік ортасын, шығу-тегін ғана қозғап қоймай, сонымен қатар басқа жағдайлардан туындайды. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселесін дамыған мемлекеттердің өзі жеңе алған жоқ. Бұл құбылысты тоқтату жолдарын қоғам шешуге тырысады. Бұл мәселе туралы тек қарашаның 25-інде ғана емес, барлық жерде көп айтылу керек. Суринам Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздігін жариялаған күні (1975). Суринам - Оңтүстік Американың солтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Астанасы - Парамарибо қаласы. Мемлекеттік тілі - голланд тілі. Ақша бірлігі - суринам гульдені. Босния мемлекеттігі күні. 1943 жылғы 25 қарашада Варцар Вакуф, Мрконич Град қалаларында әскери парламент дәрежесіндегі Босния мен Герцеговинаны халықтық азат етудің Мемлекеттік антифашистік вечасының (ЗАВНОБИХ) құрылтай мәжілісі өтті. ЗАВНОБИХ Қарары және Босния мен Герцеговинаны және олардың халқын тануда тек ЗАВНОБИХ пен АВНОЮ - Югославияны халықтық азат етудің Антифашистік вечасы ғана - уәкілдік ете алатынын бекіткен Босния мен Герцеговина халықтарына Мәлімдеме қабылданды. 1916 жылы  ерлі-зайыпты Көлбай, Мариям Төгісовтердің басшылығымен Семей қаласында демократиялық-ағартушылық бағыттағы алғашқы қазақ басылымдарының бірі «Алаш» газеті жарық көрді. Газетке қазақ зиялылары Н.Құлжанова, Ғ.Жанайдарова, Ж.Ақбаев, М.Әуезов, С.Торайғыров, т.б. белсене ат салысқан. «Алаш» газеті 1917 жылы мамырда 50 шақты саны шыққаннан кейін қаржы тапшылығына байланысты жабылып қалған. 1926 жылы  БКП (б) ОК Саяси кеңесінің «Түркістан-Сібір темір жолы құрылысы туралы» қаулысы қабылданды. 2004 жылы  Ақтөбеде тұңғыш қалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті. 2006 жылы  Алматыда Қазақстан ғалымдар одағының тұңғыш құрылтайы болып өтті. Оған парламенттік делегация және өзге де қоғам қайраткерлерінен құралған 350 делегат ғалымдар қатысты. Ғылыми-технологиялық дамуда экология, табиғи қазба байлықтарды тиімді пайдалану, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылық саласындағы зерттеулерге басымдылық беру жайы талқыланды. Жиын соңынан елдегі ғылымды дамыту турасында қарар қабылданды. 2008 жылы  Елбасы «Жоғары сот Кеңесін құру және оның құрамы туралы» жарлыққа қол қойды. 2005 жылы  Қарағандының мемлекеттік техникалық университетінде Жастар орталығы ашылды. Енді студенттердің мәдени-демалысының бәрі бір жерге шоғырландырылатын болып отыр. Орталықты салу жарты жылда аяқталды. Қаражатты оқу орны тауып берді. Студенттер құрылыс жұмыстарына қатысты.

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрестің халықаралық күні

БҰҰ Бас Ассамблеясы қарашаның 25-сін 1999 жылғы желтоқсанның 17-індегі 54/134 қарарымен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрестің халықаралық күні деп жариялады және мемлекеттерге, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік емес ұйымдарға бұл күні қоғам назарын осы мәселеге аударуға арналған шаралар өткізуді ұсынды.

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық дүниежүзінің барлық жерінде таралған және барлық қоғамда кездесетін жағдай. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасау мәселесі тек нәсілдігін, әлеуметтік ортасын, шығу-тегін ғана қозғап қоймай, сонымен қатар басқа жағдайлардан туындайды. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселесін дамыған мемлекеттердің өзі жеңе алған жоқ. Бұл құбылысты тоқтату жолдарын қоғам шешуге тырысады. Бұл мәселе туралы тек қарашаның 25-інде ғана емес, барлық жерде көп айтылу керек.

Суринам Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздігін жариялаған күні (1975). Суринам - Оңтүстік Американың солтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Астанасы - Парамарибо қаласы. Мемлекеттік тілі - голланд тілі. Ақша бірлігі - суринам гульдені.

Босния мемлекеттігі күні. 1943 жылғы 25 қарашада Варцар Вакуф, Мрконич Град қалаларында әскери парламент дәрежесіндегі Босния мен Герцеговинаны халықтық азат етудің Мемлекеттік антифашистік вечасының (ЗАВНОБИХ) құрылтай мәжілісі өтті. ЗАВНОБИХ Қарары және Босния мен Герцеговинаны және олардың халқын тануда тек ЗАВНОБИХ пен АВНОЮ - Югославияны халықтық азат етудің Антифашистік вечасы ғана - уәкілдік ете алатынын бекіткен Босния мен Герцеговина халықтарына Мәлімдеме қабылданды.

1916 жылы  ерлі-зайыпты Көлбай, Мариям Төгісовтердің басшылығымен Семей қаласында демократиялық-ағартушылық бағыттағы алғашқы қазақ басылымдарының бірі «Алаш» газеті жарық көрді. Газетке қазақ зиялылары Н.Құлжанова, Ғ.Жанайдарова, Ж.Ақбаев, М.Әуезов, С.Торайғыров, т.б. белсене ат салысқан. «Алаш» газеті 1917 жылы мамырда 50 шақты саны шыққаннан кейін қаржы тапшылығына байланысты жабылып қалған.

1926 жылы  БКП (б) ОК Саяси кеңесінің «Түркістан-Сібір темір жолы құрылысы туралы» қаулысы қабылданды.

2004 жылы  Ақтөбеде тұңғыш қалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті.

2006 жылы  Алматыда Қазақстан ғалымдар одағының тұңғыш құрылтайы болып өтті. Оған парламенттік делегация және өзге де қоғам қайраткерлерінен құралған 350 делегат ғалымдар қатысты. Ғылыми-технологиялық дамуда экология, табиғи қазба байлықтарды тиімді пайдалану, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылық саласындағы зерттеулерге басымдылық беру жайы талқыланды. Жиын соңынан елдегі ғылымды дамыту турасында қарар қабылданды.

2008 жылы  Елбасы «Жоғары сот Кеңесін құру және оның құрамы туралы» жарлыққа қол қойды.

2005 жылы  Қарағандының мемлекеттік техникалық университетінде Жастар орталығы ашылды. Енді студенттердің мәдени-демалысының бәрі бір жерге шоғырландырылатын болып отыр. Орталықты салу жарты жылда аяқталды. Қаражатты оқу орны тауып берді. Студенттер құрылыс жұмыстарына қатысты.

Бөлісу: