23-қараша

23 Тамыз 2013, 09:54

Қазақстан Жол полициясының құрылған күні. Дәл осы күні Қазақстанның Мемлекеттік автоинспекция туралы бірінші ережесі ҚР Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы қарашаның 23-індегі Қаулысымен бекітілген. Ал 1996 жылы қаңтардың 3-інде Мемлекеттік автоинспекцияның атауы Жол полициясы болып ауыстырылып, олардың қызметтеріндегі басымдықтар да өзгертілді. Қазіргі жол полицейлерінің бірінші кезектегі міндеті - қоғамдық тәртіпті қорғау, қылмыспен күрес, азаматтарды жолдардағы қылмыстық әрекеттерден қорғау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазіргі жол инспекторлары тек жол қозғалысы ережесін ғана емес, заңнамаларды, психология негіздерін, заманауи техникаларды және тағы да басқа көптеген жәйттерді егжей-тегжейлі білуге міндетті. Жапонияда еңбекке алғыс күні. Мейрам 1948 жылы бекітілген, ал тарихи негізде бұл күн «Жаңа өнім мейрамы» деп аталған және ауыл шаруашылығы жұмыстары аяқталуының мерекесі ретінде бекіген. Литва әскерлерінің күні. 1918 жылғы 23 қарашада Литва Үкіметінің Жарлығымен бекітілген.. 2005 жылы  негізгі бетіне киіз үй бейнеленген сыбырлардың (сібір татарлары) алғашқы сайты ашылды. Редакторы - Бөріхан (Пурехан) Сібір. «Сібір татары» этнонимі Сібірдің жергілікті халқын Көшім хан жаулап алған тұста жасанды түрде телінген. Сібір татарлары Түмен, Омбы, Новосібір, Омск облыстарының аборигендері саналады. Бөріхан Рашитұлы Сібір біраз жыл бұрын Равиль Рашитович Лукманов болған. Кейін өз халқының тарихын оқығаннан кейін жаңа есім (Бөріхан -  түркілердің төтемдік символы «бөрі» сөзінен алынған) алып, төлқұжатын өзгерткен. 2004 жылы  Бернде Қазақстан Республикасының Елшісі Швейцария Конфедерациясының Президентіне сенім грамоталарын тапсырған. 1995 жылы  Астанадағы Мемлекеттік мұрағатының негізі қаланды. Астанадағы Мұрағатының қызметі мұрағат және құжаттар басқармасынан, сонымен қатар «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарының мұрағаттарынан тұрады. Егер 2001 жылы елордалық мемлекеттік мұрағатта 23649 құжат сақталса, қазіргі уақытта 234803 бірлік есептеліп отыр. Сонымен қатар қорлардың да саны - қырықтан бес жүз жиырма үшке дейін жетті. Ереже бойынша аудандық маңызы бар мекемелер бес жыл сайын құжаттарды тапсыру керек, ал қалалық маңызы бар мекемелер - он жыл сайын. Астананың Мемлекеттік мұрағаты Ресейдің, Башқұртстанның мұрағаттарымен өзара әрекеттеседі. Мұрағатта - қазақтың тарихи қайраткері Мұстафа Шоқайдың хаттары сақтаулы. Мемлекеттік мұрағатта 1915 жылы жарық көрген Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ тілі» кітабы сақталып тұр. Мұрағат қызметкерлері жарты жылда бір рет мұрағат жаршысын шығарады. Астананың он жылдығына бірнеше көркем жинақтар шығарылды. Мұрағат қызметкерлері қызықты әдебиет шығарады, және жетекші тарихшы-ғалымдармен қызметтеседі. Елордалық мемлекеттік мұрағатта №430-шы қор құрылған, онда Омбы, Новосібір, Екатеринбор, Уфа және Қазан қалаларынан табылған үш жүздей құжат сақталады. 2005 жылы  Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң орта және шағын бизнесті, бәсекеге қабілетті экспорттауға бағдарланған өндірісті, жеке тұлғалар мен шағын бизнес субъектілерінің мүлігін ресмилендіру процесін жандандыру мақсатында салық заңнамасын жетілдіруге бағытталған.

Қазақстан Жол полициясының құрылған күні. Дәл осы күні Қазақстанның Мемлекеттік автоинспекция туралы бірінші ережесі ҚР Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы қарашаның 23-індегі Қаулысымен бекітілген. Ал 1996 жылы қаңтардың 3-інде Мемлекеттік автоинспекцияның атауы Жол полициясы болып ауыстырылып, олардың қызметтеріндегі басымдықтар да өзгертілді. Қазіргі жол полицейлерінің бірінші кезектегі міндеті - қоғамдық тәртіпті қорғау, қылмыспен күрес, азаматтарды жолдардағы қылмыстық әрекеттерден қорғау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазіргі жол инспекторлары тек жол қозғалысы ережесін ғана емес, заңнамаларды, психология негіздерін, заманауи техникаларды және тағы да басқа көптеген жәйттерді егжей-тегжейлі білуге міндетті.

Жапонияда еңбекке алғыс күні. Мейрам 1948 жылы бекітілген, ал тарихи негізде бұл күн «Жаңа өнім мейрамы» деп аталған және ауыл шаруашылығы жұмыстары аяқталуының мерекесі ретінде бекіген.

Литва әскерлерінің күні. 1918 жылғы 23 қарашада Литва Үкіметінің Жарлығымен бекітілген..

2005 жылы  негізгі бетіне киіз үй бейнеленген сыбырлардың (сібір татарлары) алғашқы сайты ашылды. Редакторы - Бөріхан (Пурехан) Сібір. «Сібір татары» этнонимі Сібірдің жергілікті халқын Көшім хан жаулап алған тұста жасанды түрде телінген. Сібір татарлары Түмен, Омбы, Новосібір, Омск облыстарының аборигендері саналады. Бөріхан Рашитұлы Сібір біраз жыл бұрын Равиль Рашитович Лукманов болған. Кейін өз халқының тарихын оқығаннан кейін жаңа есім (Бөріхан -  түркілердің төтемдік символы «бөрі» сөзінен алынған) алып, төлқұжатын өзгерткен.

2004 жылы  Бернде Қазақстан Республикасының Елшісі Швейцария Конфедерациясының Президентіне сенім грамоталарын тапсырған.

1995 жылы  Астанадағы Мемлекеттік мұрағатының негізі қаланды.

Астанадағы Мұрағатының қызметі мұрағат және құжаттар басқармасынан, сонымен қатар «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарының мұрағаттарынан тұрады. Егер 2001 жылы елордалық мемлекеттік мұрағатта 23649 құжат сақталса, қазіргі уақытта 234803 бірлік есептеліп отыр. Сонымен қатар қорлардың да саны - қырықтан бес жүз жиырма үшке дейін жетті.

Ереже бойынша аудандық маңызы бар мекемелер бес жыл сайын құжаттарды тапсыру керек, ал қалалық маңызы бар мекемелер - он жыл сайын.

Астананың Мемлекеттік мұрағаты Ресейдің, Башқұртстанның мұрағаттарымен өзара әрекеттеседі. Мұрағатта - қазақтың тарихи қайраткері Мұстафа Шоқайдың хаттары сақтаулы. Мемлекеттік мұрағатта 1915 жылы жарық көрген Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ тілі» кітабы сақталып тұр.

Мұрағат қызметкерлері жарты жылда бір рет мұрағат жаршысын шығарады. Астананың он жылдығына бірнеше көркем жинақтар шығарылды. Мұрағат қызметкерлері қызықты әдебиет шығарады, және жетекші тарихшы-ғалымдармен қызметтеседі. Елордалық мемлекеттік мұрағатта №430-шы қор құрылған, онда Омбы, Новосібір, Екатеринбор, Уфа және Қазан қалаларынан табылған үш жүздей құжат сақталады.

2005 жылы  Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Заң орта және шағын бизнесті, бәсекеге қабілетті экспорттауға бағдарланған өндірісті, жеке тұлғалар мен шағын бизнес субъектілерінің мүлігін ресмилендіру процесін жандандыру мақсатында салық заңнамасын жетілдіруге бағытталған.

Бөлісу: