21-қараша

23 Тамыз 2013, 09:50

Бүкіләлемдік сәлемдесу күні. 1973 жылдан аталып өтеді. Бұл күнді өткізу идеясын Американың Небраска штатында тұратын ағайынды Майкл мен Брайан Маккормак «қырғиқабақ соғыс» өршіп тұрған кезде, халықаралық текетіресті күшейтуге қарсылық пен наразылық белгісі ретінде қабылдайды. «Қарапайым да тиімді амал табу қажет», - деп шешкен жігіттер ақжарқын көңілмен әлемнің түпкір-түпкіріне сәлем хаттар жөнелтеді. Олар бүкіл әлемде бейбітшілік орнатып, сол үшін жұрттың бәрін күреске шақыру идеяларын ешкімге тықпаламайды. Тек қана өздерінің сәлемдерін алғандар тағы біреулерге түзу сәлем берсе болғаны. Идея қолдау табады. Содан бастап жыл сайын 21 қарашада Бүкіләлемдік сәлемдесу, қуанышты сезімдер мен көтеріңкі көңіл-күйлер күні атап өтіледі. Дүниежүзілік телевидение күні. 1996 жылы 21 қарашада БҰҰ штаб-пәтерінде өткен тұңғыш Дүниежүзілік телевизиялық форум құрметіне сол жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жариялаған. Босния мен Герцеговинадағы бейбітшілік туралы ортақ келісім күні. 1995 жылғы 21 қарашада Огайо штатының Дейтон қаласы маңындағы Райт-Патерсон америкалық әскери базасында, Дейтон бейбітшілік келісімі ретінде кеңірек танымал - Босния мен Герцеговинадағы бейбітшілік туралы Ортақнегіздемелік келісім жасалды. Сөйтіп, 1991 жылы Босния мен Герцеговина арасында тұтанған азаматтық соғыс ресми түрде аяқталды. Бейбітшілік конференциясы 1995 жылғы қарашаның 1-інен 21-не дейін созылып, Босния мен Герцеговина президенті Алия Изетбегович, Югославия Одақтық Республикасының президенті Слободан Милошевич, Хорватияның президенті Франьо Туджман, сондай-ақ басты американдық бітістіруші Ричард Холбрук пен американдық генерал Уэсли Кларк келісімдердің басты кейіпкерлері болды. Ресми келісімдерге Парижде сол жылдың 14 желтоқсанында қол қойылды. Италияда Мадонна делла Салюте күні. Венециядағы үлкен канал жағасында храм тұрғызылған Мадонна делла Салюте құрметіне жыл сайын атап өтіледі. Шіркеу обадан құтылуды есте қалдыру мақсатында 1630 жылы салынған. 1988 жылы  Мәскеуде Арал теңізінің күндері ашылды. Теңіз аймағындағы экологиялық жағдай қоғамның алаңдаушылығын туғызды. 2005 жылы  қазақстандық «Қазақстан-Антарктида-2005» спорттық экспедициясының командасы Жердің ең суық құрлығындағы екінші шыңды бағындырып, оған Қазақстанның астанасы құрметіне «Астана» деген ат қойды. Экспедиция құрамында кәсіби альпинистермен қатар, әуесқойлар да болды. 2006 жылы  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбританияға ресми сапары барысында Ұлыбританияның патшайымы ІІ Елизаветамен, елдің Премьер-министрі Тони Блэрмен, қаржы министрі Гордон Браунмен және Англияның іскер топтары өкілдерімен кездесті. 2006 жылы  21-22 қарашада Алматыда «Иран және Орталық Азия халықтарының тарихы мен мәдениетіндегі кітап және жазба сөз» халықаралаық конференциясы өтті. Ұйымдастырушы - ҚР Ұлттық кітапханасы жанындағы Иран және Орталық Азия мәдениетін зерттеу жөніндегі орталық. Конференция жұмысына Қазақстан, Иран, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанның мамандары мен ғалымдары қатысып, тарих ғылымдарын дамытудағы жазу мен жазба көздердің рөлі қалыптасуының тарихы, сондай-ақ Қазақстанда, Иранда және де басқа елдерде қазіргі кездегі кітап басып шығару істеріндегі проблемалардың көкейкесті мәселелерін талқылады.

Бүкіләлемдік сәлемдесу күні. 1973 жылдан аталып өтеді. Бұл күнді өткізу идеясын Американың Небраска штатында тұратын ағайынды Майкл мен Брайан Маккормак «қырғиқабақ соғыс» өршіп тұрған кезде, халықаралық текетіресті күшейтуге қарсылық пен наразылық белгісі ретінде қабылдайды. «Қарапайым да тиімді амал табу қажет», - деп шешкен жігіттер ақжарқын көңілмен әлемнің түпкір-түпкіріне сәлем хаттар жөнелтеді. Олар бүкіл әлемде бейбітшілік орнатып, сол үшін жұрттың бәрін күреске шақыру идеяларын ешкімге тықпаламайды. Тек қана өздерінің сәлемдерін алғандар тағы біреулерге түзу сәлем берсе болғаны. Идея қолдау табады. Содан бастап жыл сайын 21 қарашада Бүкіләлемдік сәлемдесу, қуанышты сезімдер мен көтеріңкі көңіл-күйлер күні атап өтіледі.

Дүниежүзілік телевидение күні. 1996 жылы 21 қарашада БҰҰ штаб-пәтерінде өткен тұңғыш Дүниежүзілік телевизиялық форум құрметіне сол жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жариялаған.

Босния мен Герцеговинадағы бейбітшілік туралы ортақ келісім күні. 1995 жылғы 21 қарашада Огайо штатының Дейтон қаласы маңындағы Райт-Патерсон америкалық әскери базасында, Дейтон бейбітшілік келісімі ретінде кеңірек танымал - Босния мен Герцеговинадағы бейбітшілік туралы Ортақнегіздемелік келісім жасалды. Сөйтіп, 1991 жылы Босния мен Герцеговина арасында тұтанған азаматтық соғыс ресми түрде аяқталды. Бейбітшілік конференциясы 1995 жылғы қарашаның 1-інен 21-не дейін созылып, Босния мен Герцеговина президенті Алия Изетбегович, Югославия Одақтық Республикасының президенті Слободан Милошевич, Хорватияның президенті Франьо Туджман, сондай-ақ басты американдық бітістіруші Ричард Холбрук пен американдық генерал Уэсли Кларк келісімдердің басты кейіпкерлері болды. Ресми келісімдерге Парижде сол жылдың 14 желтоқсанында қол қойылды.

Италияда Мадонна делла Салюте күні. Венециядағы үлкен канал жағасында храм тұрғызылған Мадонна делла Салюте құрметіне жыл сайын атап өтіледі. Шіркеу обадан құтылуды есте қалдыру мақсатында 1630 жылы салынған.

1988 жылы  Мәскеуде Арал теңізінің күндері ашылды. Теңіз аймағындағы экологиялық жағдай қоғамның алаңдаушылығын туғызды.

2005 жылы  қазақстандық «Қазақстан-Антарктида-2005» спорттық экспедициясының командасы Жердің ең суық құрлығындағы екінші шыңды бағындырып, оған Қазақстанның астанасы құрметіне «Астана» деген ат қойды. Экспедиция құрамында кәсіби альпинистермен қатар, әуесқойлар да болды.

2006 жылы  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбританияға ресми сапары барысында Ұлыбританияның патшайымы ІІ Елизаветамен, елдің Премьер-министрі Тони Блэрмен, қаржы министрі Гордон Браунмен және Англияның іскер топтары өкілдерімен кездесті.

2006 жылы  21-22 қарашада Алматыда «Иран және Орталық Азия халықтарының тарихы мен мәдениетіндегі кітап және жазба сөз» халықаралаық конференциясы өтті. Ұйымдастырушы - ҚР Ұлттық кітапханасы жанындағы Иран және Орталық Азия мәдениетін зерттеу жөніндегі орталық. Конференция жұмысына Қазақстан, Иран, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанның мамандары мен ғалымдары қатысып, тарих ғылымдарын дамытудағы жазу мен жазба көздердің рөлі қалыптасуының тарихы, сондай-ақ Қазақстанда, Иранда және де басқа елдерде қазіргі кездегі кітап басып шығару істеріндегі проблемалардың көкейкесті мәселелерін талқылады.

Бөлісу: