5-қазан

23 Тамыз 2013, 09:44

Халықаралық мұғалім күні. 1994 жылдан бастап ЮНЕСКО шешімі бойынша атап өтіледі. 1966 жылы қазанның 5-інде Парижде өткен ЮНЕСКО Бас конференциясында білім беру қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі туралы алғашқы халықаралық құжат қабылданды. Португалия Республикасы күні. 1910 жылы монархия құлаған күн құрметіне атап өтіледі. Португалия Республикасы — Оңтүстік-Батыс Еуропаның қиыр шетінде, Атлант мұхиты жағалауында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің батыс бөлігін және Азор, Мадейра аралдарын алып жатыр. Солтүстігі мен шығысында Испаниямен, ал оңтүстігі мен батысын Атлант мұхиты шайып жатыр. Ел аты Порту (лат. Portus Cale — «жылы кемежай») қаласы атынан бастау алады. Жер көлемі 92,1 мың км². Халқы 10,1 млн. (2000). Халқының 99%-ы португалдар, қалғанын испандықтар мен бразилиялықтар құрайды. 1943 жылы Шымкентте Қазақ химия-технология институты ашылды. Білім ордасының алдына қойған міндеті - Қазақстанның құрылыс материалдары өндірісін инженерлермен қамтамасыз ету болды. Бастапқы кезде институттың бір ғана факультеті, 17 оқытушысы, 238 студенті болды. 2005 жылы Павлодарда  Бижан мешіті ашылды. Бұл  мұсылмандардың мінәжат орны 1923-ші жылы салынған болатын. Кеңес өкіметінің заманында ол мүлде жабылып қалды. Осыдан бес жыл бұрын мұсылмандар қаржы жинап мешітті қалпына келтіруге кірісті. Ғимараттың ағаштан қиып салған қабырғалары кірпішпен алмастырылса да, оның бастапқы құрылысының сәулет ерекшеліктеріне нұқсан келген жоқ. Ашылу салтанатына ислам жолында жүргендер, қоғамдық бірлестік өкілдері, қала жұртшылығы қатысты. 2005 жылы Алматыда белгілі режиссер Қ. Омаровтың «Мұнай тамшысындағы тағдырлар» атты деректі фильмінің тұсаукесер рәсімі өтті. Республикамыздың мұнай саласындағы ардагерлеріне арналған фильм үш бөлімнен тұрады. Фильмде отандық мұнай саласының дамуы, ардагерлердің суық климаттық жағдайларда аянбай еңбек еткендері туралы көрсетілген. Фильм «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы тапсырысы бойынша түсірілген. 1921 жылы Лондонда жазушылардың халықаралық бірлестігінің (ПЕН-клуб) негізі қаланды. Ұйымның атауы ағылшынның poets - ақындар, essayists - очеркшілер, novelists - романшылар сөздерінің бастапқы әріптерінен құрылған. Сонымен қатар «pen» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «қаламсап» деген мағынаны береді. Ұйым атауы ағылшындық жазушы Кэтрин Эми Доусон-Скоттқа тиесілі. ПЕН-клубтың алғашқы президенті - Джон Голсуорси. 1923 жылы Лондонда ПЕН-клубтың алғашқы халықаралық конгресі өтті. Сол уақытта ПЕН-орталық әлемнің 11 елінде бар болатын. Ал қазір дүниенің 130 елінде, соның ішінде Қазақстанда да бар. ПЕН-клуб - халықаралық жазушылар бірлестігі, оның Хартиясында «әр елдің ішіндегі және барлық елдер арасындағы ақпарат бостандығы принциптерін қорғауға жақтасу» деп көрсетілген.

Халықаралық мұғалім күні. 1994 жылдан бастап ЮНЕСКО шешімі бойынша атап өтіледі. 1966 жылы қазанның 5-інде Парижде өткен ЮНЕСКО Бас конференциясында білім беру қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі туралы алғашқы халықаралық құжат қабылданды.

Португалия Республикасы күні. 1910 жылы монархия құлаған күн құрметіне атап өтіледі.

Португалия Республикасы — Оңтүстік-Батыс Еуропаның қиыр шетінде, Атлант мұхиты жағалауында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің батыс бөлігін және Азор, Мадейра аралдарын алып жатыр. Солтүстігі мен шығысында Испаниямен, ал оңтүстігі мен батысын Атлант мұхиты шайып жатыр. Ел аты Порту (лат. Portus Cale — «жылы кемежай») қаласы атынан бастау алады. Жер көлемі 92,1 мың км². Халқы 10,1 млн. (2000). Халқының 99%-ы португалдар, қалғанын испандықтар мен бразилиялықтар құрайды.

1943 жылы Шымкентте Қазақ химия-технология институты ашылды. Білім ордасының алдына қойған міндеті - Қазақстанның құрылыс материалдары өндірісін инженерлермен қамтамасыз ету болды. Бастапқы кезде институттың бір ғана факультеті, 17 оқытушысы, 238 студенті болды.

2005 жылы Павлодарда  Бижан мешіті ашылды.

Бұл  мұсылмандардың мінәжат орны 1923-ші жылы салынған болатын. Кеңес өкіметінің заманында ол мүлде жабылып қалды. Осыдан бес жыл бұрын мұсылмандар қаржы жинап мешітті қалпына келтіруге кірісті. Ғимараттың ағаштан қиып салған қабырғалары кірпішпен алмастырылса да, оның бастапқы құрылысының сәулет ерекшеліктеріне нұқсан келген жоқ. Ашылу салтанатына ислам жолында жүргендер, қоғамдық бірлестік өкілдері, қала жұртшылығы қатысты.

2005 жылы Алматыда белгілі режиссер Қ. Омаровтың «Мұнай тамшысындағы тағдырлар» атты деректі фильмінің тұсаукесер рәсімі өтті.

Республикамыздың мұнай саласындағы ардагерлеріне арналған фильм үш бөлімнен тұрады. Фильмде отандық мұнай саласының дамуы, ардагерлердің суық климаттық жағдайларда аянбай еңбек еткендері туралы көрсетілген.

Фильм «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы тапсырысы бойынша түсірілген.

1921 жылы Лондонда жазушылардың халықаралық бірлестігінің (ПЕН-клуб) негізі қаланды.

Ұйымның атауы ағылшынның poets - ақындар, essayists - очеркшілер, novelists - романшылар сөздерінің бастапқы әріптерінен құрылған. Сонымен қатар «pen» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «қаламсап» деген мағынаны береді. Ұйым атауы ағылшындық жазушы Кэтрин Эми Доусон-Скоттқа тиесілі. ПЕН-клубтың алғашқы президенті - Джон Голсуорси. 1923 жылы Лондонда ПЕН-клубтың алғашқы халықаралық конгресі өтті. Сол уақытта ПЕН-орталық әлемнің 11 елінде бар болатын. Ал қазір дүниенің 130 елінде, соның ішінде Қазақстанда да бар. ПЕН-клуб - халықаралық жазушылар бірлестігі, оның Хартиясында «әр елдің ішіндегі және барлық елдер арасындағы ақпарат бостандығы принциптерін қорғауға жақтасу» деп көрсетілген.

Бөлісу: