17-қараша

23 Тамыз 2013, 09:42

Халықаралық студенттер күні. Прагада 1939 жылғы 17 қарашада неміс-фашист басқыншылары атып өлтірген чех патриот-студенттерін мәңгі есте қалдыру құрметіне, Прагада 1946 жылы өткен Дүниежүзілік студенттер конгресінде бекітілді. Мемлекеттік мейрам - Чехияда азаттық пен демократия үшін күрес күні. 1939 жылы осы күні чех студенттері нацистік басқыншылыққа қарсы наразылық көрсетіп, ал 1989 жылы дәл осы күні - коммунистік режимге қарсы нарызылық танытқан. Әзірбайжанның ұлттық қайта жаңару күні. 1988 жылы бұл күні Бакудегі Ленин алаңында (қазір Азаттық алаңы) бұрынғы Кеңес Одағы орталық билігінің таулы-қарабақтық дау-жанжалға қатысты саясатына қарсы наразылық білдіріліп, Әзірбайжанның КСРО құрамынан шығарылуын талап еткен ұрандар айтылды. Арменияда әскери-медициналық қызметкерлер күні. 1992 жылдың 17 қарашасынан - Армения Қарулы күштерінің әскери-медициналық емханасын құруды аяқтаған күні атап өтіледі. 1917 жылы  Батыс Қазақстанда «Ішкі Ордалықты басқарушы облыстық кіндік комитетінің хабары» (қысқаша «Хабар») деген атпен екі тілде тұңғыш кеңестік газеттің алғашқы саны жарық көрді. Атауы бірнеше мәрте өзгерген басылым 1963 жылдан бері «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттері болып жарық көріп келеді. Газет 1968 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. 1998 жылы  Қазақстан Азаматтық партиясы құрылды. 2005 жылы қазақстандық «Қазақстан-Антарктида-2005» спорттық экспедициясының командасы Жердің ең суық құрлығындағы шыңды бағындырып, оған «Қазақстан» деген ат қойды. Бағлан Жүнісов бастаған альпинистер командасының мүшелері шың басына шығу үшін 40 метрлік 15 арқанды пайдаланған. 1837  жылы 17-24 қараша күндері Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер Жасқұста хан жасағымен шайқасты. 2007 жылы Алматыда сазгер Бақытжан Байқадамов шығармаларының мерейтойлық аудио -CD альбомының тұсаукесері болды. Ол «Асыл мұра» жобасы аясында жарық көрген 14-ші CD диск. Бақытжан Байқадамұлы (1917-1977) - қазақ ұлттық әндерін жинақтаушы хор композиторы ғана емес, хор сюитасының негізін салған ұлттық музыка ғылымының жаңашыл өкілі ретінде де тарихта қалды. 1957 жылы Бүкіләлемдік жастар фестивалінде алтын медалмен марапатталған Б. Байқадамов әйгілі «Айгүл» ән-би ансамблі мен ғылыми-эксперименталды музыкалық шеберхананы ұйымдастырды. Ұлттық музыка саласындағы сіңірген еңбегі үшін 1957 жылы «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген қайраткері» атанып, «Еңбек Қызыл ту» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталды. 1997 жылы оған Халық композиторы атағы берілді. 2009 жылы  Белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің төрайымы Ақұштап Бақтыгерееваның Оралдағы «Ағартушы» баспасынан «Гүлдесте» атты жаңа жинағы жарық көрді. Бұл - «Ақ Жайық қаламгерлерінің кітапханасы» сериясымен шығарылып отырған кезекті кітап. «Ақ Жайықтың ақ шағаласы» атанған ақынның «Гүлдестесіне» оның шығармашылығы туралы қаламдастарының әр жылдары жазған мақала, ой-пікірлері, арнау өлеңдері енгізілген. Сондай-ақ кітаптан ақынның өзінің де сұхбаттары мен мақалаларын, кейінгі кезде жазған жырларын да оқуға болады.

Халықаралық студенттер күні. Прагада 1939 жылғы 17 қарашада неміс-фашист басқыншылары атып өлтірген чех патриот-студенттерін мәңгі есте қалдыру құрметіне, Прагада 1946 жылы өткен Дүниежүзілік студенттер конгресінде бекітілді.

Мемлекеттік мейрам - Чехияда азаттық пен демократия үшін күрес күні. 1939 жылы осы күні чех студенттері нацистік басқыншылыққа қарсы наразылық көрсетіп, ал 1989 жылы дәл осы күні - коммунистік режимге қарсы нарызылық танытқан.

Әзірбайжанның ұлттық қайта жаңару күні. 1988 жылы бұл күні Бакудегі Ленин алаңында (қазір Азаттық алаңы) бұрынғы Кеңес Одағы орталық билігінің таулы-қарабақтық дау-жанжалға қатысты саясатына қарсы наразылық білдіріліп, Әзірбайжанның КСРО құрамынан шығарылуын талап еткен ұрандар айтылды.

Арменияда әскери-медициналық қызметкерлер күні. 1992 жылдың 17 қарашасынан - Армения Қарулы күштерінің әскери-медициналық емханасын құруды аяқтаған күні атап өтіледі.

1917 жылы  Батыс Қазақстанда «Ішкі Ордалықты басқарушы облыстық кіндік комитетінің хабары» (қысқаша «Хабар») деген атпен екі тілде тұңғыш кеңестік газеттің алғашқы саны жарық көрді. Атауы бірнеше мәрте өзгерген басылым 1963 жылдан бері «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттері болып жарық көріп келеді. Газет 1968 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

1998 жылы  Қазақстан Азаматтық партиясы құрылды.

2005 жылы қазақстандық «Қазақстан-Антарктида-2005» спорттық экспедициясының командасы Жердің ең суық құрлығындағы шыңды бағындырып, оған «Қазақстан» деген ат қойды. Бағлан Жүнісов бастаған альпинистер командасының мүшелері шың басына шығу үшін 40 метрлік 15 арқанды пайдаланған.

1837  жылы 17-24 қараша күндері Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер Жасқұста хан жасағымен шайқасты.

2007 жылы Алматыда сазгер Бақытжан Байқадамов шығармаларының мерейтойлық аудио -CD альбомының тұсаукесері болды. Ол «Асыл мұра» жобасы аясында жарық көрген 14-ші CD диск.

Бақытжан Байқадамұлы (1917-1977) - қазақ ұлттық әндерін жинақтаушы хор композиторы ғана емес, хор сюитасының негізін салған ұлттық музыка ғылымының жаңашыл өкілі ретінде де тарихта қалды. 1957 жылы Бүкіләлемдік жастар фестивалінде алтын медалмен марапатталған Б. Байқадамов әйгілі «Айгүл» ән-би ансамблі мен ғылыми-эксперименталды музыкалық шеберхананы ұйымдастырды. Ұлттық музыка саласындағы сіңірген еңбегі үшін 1957 жылы «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген қайраткері» атанып, «Еңбек Қызыл ту» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталды. 1997 жылы оған Халық композиторы атағы берілді.

2009 жылы  Белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің төрайымы Ақұштап Бақтыгерееваның Оралдағы «Ағартушы» баспасынан «Гүлдесте» атты жаңа жинағы жарық көрді.

Бұл - «Ақ Жайық қаламгерлерінің кітапханасы» сериясымен шығарылып отырған кезекті кітап. «Ақ Жайықтың ақ шағаласы» атанған ақынның «Гүлдестесіне» оның шығармашылығы туралы қаламдастарының әр жылдары жазған мақала, ой-пікірлері, арнау өлеңдері енгізілген. Сондай-ақ кітаптан ақынның өзінің де сұхбаттары мен мақалаларын, кейінгі кезде жазған жырларын да оқуға болады.

Бөлісу: