10-қараша

23 Тамыз 2013, 09:41

Жастардың дүниежүзілік күні. 1945 жылы БҰҰ бекіткен. Бұл күні Дүниежүзілік жастар федерациясы құрылды. Мұстафа Кемал Ататүрікті (1881-1938) еске алу күні. РФ-ның милиция күні. Индонезиядағы батырлар күні. 1945 жылы қарашаның 10-ында шетел басқыншыларына қарсы күресте қаза болған индонезиялық патриоттарды еске алу мақсатында атап өтіледі. Панама тәуелсіздігінің алғашқы жарияланған күні. 1821 жылдың 10 қарашасында қазіргі Панаманың аумағында орналасқан, ірі екі қаланың бірі - Лос-Сантостың тұрғындары испандық билеушілерден тәуілсіздіктерін жариялады. Панаманың мерекелік күнтізбесінде бұл күн - Панама тәуілсіздігінің алғашқы жарияланған күні деп аталады. Қырғызстанның ғылым күні. Қырғыз Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 қаңтардағы Қаулысымен бекітілген. Жыл сайын 10 қарашада аталып өтеді. Сәулетші, сәулет өнері ғылымының профессоры, КСРО құрылыс және сәулет академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі Малбағар Меңдіқұловтың (1909-1986) туғанына – 101 жыл. Көптеген ғимарат жобаларының авторы, Алматыда Неке сарайын, шарап зауыты үйі мен Батыс Қазақстандағы мемориалды мешіт-ғимараттарды жобалады. Қазақстанда сәулет өнерін бір жүйеге келтіріп, ғылыми тұрғыда зерттеудің негізін калады. 1910-1982 жылдары  домбырашы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артисі Бақтияр Құбайжанов дүниеге келді.   1910-1970 жылдары  қоғам қайраткері Құрман Дияров дүниеге келді. 1930-1985 жылдары  түркітанушы ғалым, филология ғылымының кандидаты Құлмат Өмірәлиев дүниеге келді. 2009 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заң «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға және Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес процессуалдық заңнамаға келтірілген, елімізде үш буынды сот жүйесін қалыптастыруға бағытталған. 2005 жылы «Қазпошта» АҚ-ы жаңа жылға арналған пошта маркасын айналымға енгізді. Онда «Бәйтерек» сәулет ескерткіші, шырша және жаңа жыл сағаты бейнеленген. Марка Бейжіңдегі (ҚХР) пошталық төлем белгілері фабрикасында, 50 мың данамен басылып шықты. Марканы безендірген суретші - Ринат Жапалов. 2004 жылы  Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдары «электрондық үкімет» Мемлекеттік бағдарламасын ұйымдастыру туралы» Жарлыққа қол қойды. 2004 жылы  Павлодар көркемөнер мұражайында Қазақстандағы Британ Кеңесі ұсынған ағылшын суретші-көркемдеушілерінің «Көңілді қарындаш» балалар кітаптарының және «Шығыс-Батыс-Шығыс» плакаттар көрмесі болып өтті. «Көңілді қарындаш» көрмеге келушілерді ағылшынның 13 атақты балалар кітаптарын көркемдеушінің шығармаларымен таныстырды. Картиналарда ертегілердің, әжуа суреттердің кейіпкерлері, коллаждар бейнеленген. Көрмені құрастырған - атақты балалар жазушысы және көркемдеуші Квентин Блэйк. «Шығыс-Батыс-Шығыс» көрмесі Ұлыбритания мен Қазақстанның төрт ғасыр бойғы мәдени және экономикалық байланыстарына арналған. Фотосуреттер, қаламмен салынған суреттер және мәтіндер арқылы жеткізілген 13 плакатта Қазақстанда 1552 жылы болған тұңғыш ағылшындық көпес-жиһанкез Энтони Дженкинсон туралы, ізгі ниет пен өзара құрметке негізделген көпжылдық техникалық, экономикалық және мәдени ынтымақтастық жайында әңгімеленеді.

Жастардың дүниежүзілік күні. 1945 жылы БҰҰ бекіткен. Бұл күні Дүниежүзілік жастар федерациясы құрылды.

Мұстафа Кемал Ататүрікті (1881-1938) еске алу күні.

РФ-ның милиция күні.

Индонезиядағы батырлар күні. 1945 жылы қарашаның 10-ында шетел басқыншыларына қарсы күресте қаза болған индонезиялық патриоттарды еске алу мақсатында атап өтіледі.

Панама тәуелсіздігінің алғашқы жарияланған күні. 1821 жылдың 10 қарашасында қазіргі Панаманың аумағында орналасқан, ірі екі қаланың бірі - Лос-Сантостың тұрғындары испандық билеушілерден тәуілсіздіктерін жариялады. Панаманың мерекелік күнтізбесінде бұл күн - Панама тәуілсіздігінің алғашқы жарияланған күні деп аталады.

Қырғызстанның ғылым күні. Қырғыз Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 қаңтардағы Қаулысымен бекітілген. Жыл сайын 10 қарашада аталып өтеді.

Сәулетші, сәулет өнері ғылымының профессоры, КСРО құрылыс және сәулет академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі Малбағар Меңдіқұловтың (1909-1986) туғанына – 101 жыл. Көптеген ғимарат жобаларының авторы, Алматыда Неке сарайын, шарап зауыты үйі мен Батыс Қазақстандағы мемориалды мешіт-ғимараттарды жобалады. Қазақстанда сәулет өнерін бір жүйеге келтіріп, ғылыми тұрғыда зерттеудің негізін калады.

1910-1982 жылдары  домбырашы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артисі Бақтияр Құбайжанов дүниеге келді.
 

1910-1970 жылдары  қоғам қайраткері Құрман Дияров дүниеге келді.

1930-1985 жылдары  түркітанушы ғалым, филология ғылымының кандидаты Құлмат Өмірәлиев дүниеге келді.

2009 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заң «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға және Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес процессуалдық заңнамаға келтірілген, елімізде үш буынды сот жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

2005 жылы «Қазпошта» АҚ-ы жаңа жылға арналған пошта маркасын айналымға енгізді. Онда «Бәйтерек» сәулет ескерткіші, шырша және жаңа жыл сағаты бейнеленген. Марка Бейжіңдегі (ҚХР) пошталық төлем белгілері фабрикасында, 50 мың данамен басылып шықты. Марканы безендірген суретші - Ринат Жапалов.

2004 жылы  Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдары «электрондық үкімет» Мемлекеттік бағдарламасын ұйымдастыру туралы» Жарлыққа қол қойды.

2004 жылы  Павлодар көркемөнер мұражайында Қазақстандағы Британ Кеңесі ұсынған ағылшын суретші-көркемдеушілерінің «Көңілді қарындаш» балалар кітаптарының және «Шығыс-Батыс-Шығыс» плакаттар көрмесі болып өтті.

«Көңілді қарындаш» көрмеге келушілерді ағылшынның 13 атақты балалар кітаптарын көркемдеушінің шығармаларымен таныстырды. Картиналарда ертегілердің, әжуа суреттердің кейіпкерлері, коллаждар бейнеленген. Көрмені құрастырған - атақты балалар жазушысы және көркемдеуші Квентин Блэйк.

«Шығыс-Батыс-Шығыс» көрмесі Ұлыбритания мен Қазақстанның төрт ғасыр бойғы мәдени және экономикалық байланыстарына арналған. Фотосуреттер, қаламмен салынған суреттер және мәтіндер арқылы жеткізілген 13 плакатта Қазақстанда 1552 жылы болған тұңғыш ағылшындық көпес-жиһанкез Энтони Дженкинсон туралы, ізгі ниет пен өзара құрметке негізделген көпжылдық техникалық, экономикалық және мәдени ынтымақтастық жайында әңгімеленеді.

Бөлісу: