Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 2012 жылғы желтоқсанда жариялаған Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығын ұлықтауға орай халықаралық форум өз жұмысын бастады. Форумның ашылу салтанатында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов сөз сөйледі.
«Осыдан бес жыл бұрын БҰҰ Бас Ассамблеясының алпыс екінші сессиясында Нұрсұлтан Назарбаев мәдениеттер жақындасуының халықаралық жылын жариялау туралы бастама көтерген болатын. Содан бері бүкіл әлем бойынша мыңдаған шаралар өтті. Енді міне, осынау игі бастаманың 2013-2022 жылдарға арналған онжылдығын рәсімдеу шарасы Қазақстанның бас қаласы Астанада өткізіліп отыр. Әлемде адами құндылықтар төмендеп, экстремизм мен терроризм белең алған шақта, күллі азамзатты бейбітшілікке шақыру маңызды», - деді форумды ашқан Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов.
Сондай-ақ, Иманғали Тасмағамбетов әлемдегі халықтардың мәдениетін ортақтаса отырып насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының атқарар рөлі зор екенін алға тартып, журналистерді осы мақсатта жұмыс жасауға шақырды.
«Форумның басты мақсаты - МЖХО бейбітшілік пен орнықтылық игілігі үшін ауқымында мәдениетаралық диалогты және мәдени әралуандықты одан әрі дамыту үшін жаңа жаһандық күн тәртібін қалыптастырумен байланысты мәселелерді талқылауға халықаралық саяси, академиялық және іскерлік топтар, сондай-ақ азаматтық қоғам мен ҮЕҰ өкілдерін біріктіру болмақ»-дейді ұйымдастырушылар.
Форумға ЮНЕСКО бас директоры Ирина Бокова, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-мұхаммед, ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, БҰҰ Өркениеттер альянсы жоғарғы өкілі Насыр Әбуәзиз әл Нассер, ИСЕСКО бас директоры Абдуләзиз Отман Альтуэйджри, ТҮРКІСОЙ бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, БҰҰ-ның білімге құқық жөніндегі арнайы баяндамашысы Кишоре Сингх, Латын мәдениеті академиясының бас хатшысы Кандидо Мендес, Әдебиет бойынша 1986 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, жазушы Воле Шойника, ЮНЕСКО-нің ізгілік елшісі, «Маймонида қауымдастығы» төрағасы Насер Давид Халили, ЮНЕСКО-ның ізгілік елшісі, танымал суретші және Эквадордың бұрынғы сыртқы сауда министрі Ивонн А-Баки қатысты.
Индира БАЙҚОНЫСОВА Фото: Азат ЕСЕМБЕКОВ