2-қазан

23 Тамыз 2013, 09:38

Гвинея Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні (1958). Гвинея - Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Гвинея-Бисау, Сенегал және Малимен, шығысында және оңтүстік-шығысында Кот-д'Ивуармен, оңтүстігінде Либерия, Сьерра-Леонмен, батысында Атлант мұхитымен шектеседі. Астанасы - Конакри қаласы. Ресми тілі - француз тілі. Ақша бірлігі - сили. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы бір палаталы парламент. Қазақстан Республикасы мен Гвинея Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 6-ында орнатылды.  Бүкіләлемдік ауылшаруашылығы жануарларының күні. Бұл мереке 70 жылдан аса уақыттан бері аталып келеді. Көптеген елдерде табиғат қорғау ұйымдарының бастамасымен үй жануарларына қамқорлықпен қарау мәселесіне байланысты көптеген заңдар қабылданды. Содан бері өркениетті елдерде үй жануарлары отбасы мүшесі ретінде есептеледі. Олар да жақсы тамақ ішіп, медициналық көмекке құқығы бар, тіпті мейрамдары бар. 1991 жылы тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа аттанды.  1991 ж ғарышқа ұшпай тұрып-ақ Кеңес Одағының Батыры атанған жерлесіміз, тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров КСРО ғарышкер-ұшқышы Александр Волков, Австрия Республикасының азаматы Франц Фибек үшеуі «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Сонымен қатар осы күні Елбасы Н.Назарбаев Байқоңыр ғарыш айлағынан республиканың Ұлттық аэроғарыштық агенттігін құру туралы жария етті. 1941 жылы Мәскеуді жаулауға арналған гитлерлік жоспар - «Тайфун» операциясы басталды. Гитлер әскерлеріне «үш жарым айда, қыс түспей жатып, жауды жеңеміз. Барлық дайындық аяқталды. Бүгін бұл жылдың ең шешуші соғысы болады» деп хабарлаған болатын. Екі айдан соң Мәскеу түбінде кеңес әскерлерінің қарсы шабуылына ұшыраған ол, енді Мәскеуді жоюды емес, өз армиясын аман алып қалуды ойлады. 1980 жылы Целиноград қаласында тың және тыңайған жердің 25 жылдығына орай (қазіргі Астана) Қазіргі заманғы өнер мұражайы ашылды. Алғашқы 500 шығармалар топтамасын Алматы қаласында өткен «Жер және адам» атты Бүкілодақтық көрме сыйға тартты. Бүгінгі таңда, мұражайда Қазақстан, Ресей және ТМД елдері шеберлерінің 3 000-нан астам өнер туындылары бар. 2009 ж Қазақстан ашық дауыс беру жолымен 2 жыл мерзімге Стандарттау жөніндегі халықаралық кеңеске сайланды. Қазақстанның кандидатурасы ИСО Кеңесіне АҚШ, Жапония, Израиль, Австрия, Польша, Оңтүстік Африка Республикасы және тағы басқа елдердің аттарынан ұсынылды. «ИСО Кеңесінің жұмысына атсалысу біздің елімізге және орталықазиялық өңірдің барлық еліне халықаралық стандарттау саласындағы стратегияларды талдауға және қалыптастыруға, жаһандық мәселелерді шешуге қатысты өз идеяларын ұсынуға мүмкіндік береді». Ұйым 700-ден астам халықаралық ұйыммен ынтымақтастықта және әлемнің 162 елінің басын қосып отыр. Ал ИСО Кеңесіне 18 ел кіреді.

Гвинея Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні (1958). Гвинея - Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Гвинея-Бисау, Сенегал және Малимен, шығысында және оңтүстік-шығысында Кот-д'Ивуармен, оңтүстігінде Либерия, Сьерра-Леонмен, батысында Атлант мұхитымен шектеседі. Астанасы - Конакри қаласы. Ресми тілі - француз тілі. Ақша бірлігі - сили. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы бір палаталы парламент.

Қазақстан Республикасы мен Гвинея Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 6-ында орнатылды.

 Бүкіләлемдік ауылшаруашылығы жануарларының күні.

Бұл мереке 70 жылдан аса уақыттан бері аталып келеді. Көптеген елдерде табиғат қорғау ұйымдарының бастамасымен үй жануарларына қамқорлықпен қарау мәселесіне байланысты көптеген заңдар қабылданды. Содан бері өркениетті елдерде үй жануарлары отбасы мүшесі ретінде есептеледі. Олар да жақсы тамақ ішіп, медициналық көмекке құқығы бар, тіпті мейрамдары бар.

1991 жылы тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа аттанды.

 1991 ж ғарышқа ұшпай тұрып-ақ Кеңес Одағының Батыры атанған жерлесіміз, тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров КСРО ғарышкер-ұшқышы Александр Волков, Австрия Республикасының азаматы Франц Фибек үшеуі «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Сонымен қатар осы күні Елбасы Н.Назарбаев Байқоңыр ғарыш айлағынан республиканың Ұлттық аэроғарыштық агенттігін құру туралы жария етті.

1941 жылы Мәскеуді жаулауға арналған гитлерлік жоспар - «Тайфун» операциясы басталды. Гитлер әскерлеріне «үш жарым айда, қыс түспей жатып, жауды жеңеміз. Барлық дайындық аяқталды. Бүгін бұл жылдың ең шешуші соғысы болады» деп хабарлаған болатын. Екі айдан соң Мәскеу түбінде кеңес әскерлерінің қарсы шабуылына ұшыраған ол, енді Мәскеуді жоюды емес, өз армиясын аман алып қалуды ойлады.

1980 жылы Целиноград қаласында тың және тыңайған жердің 25 жылдығына орай (қазіргі Астана) Қазіргі заманғы өнер мұражайы ашылды. Алғашқы 500 шығармалар топтамасын Алматы қаласында өткен «Жер және адам» атты Бүкілодақтық көрме сыйға тартты. Бүгінгі таңда, мұражайда Қазақстан, Ресей және ТМД елдері шеберлерінің 3 000-нан астам өнер туындылары бар.

2009 ж Қазақстан ашық дауыс беру жолымен 2 жыл мерзімге Стандарттау жөніндегі халықаралық кеңеске сайланды.

Қазақстанның кандидатурасы ИСО Кеңесіне АҚШ, Жапония, Израиль, Австрия, Польша, Оңтүстік Африка Республикасы және тағы басқа елдердің аттарынан ұсынылды. «ИСО Кеңесінің жұмысына атсалысу біздің елімізге және орталықазиялық өңірдің барлық еліне халықаралық стандарттау саласындағы стратегияларды талдауға және қалыптастыруға, жаһандық мәселелерді шешуге қатысты өз идеяларын ұсынуға мүмкіндік береді».

Ұйым 700-ден астам халықаралық ұйыммен ынтымақтастықта және әлемнің 162 елінің басын қосып отыр. Ал ИСО Кеңесіне 18 ел кіреді.

Бөлісу: