23 Тамыз 2013, 09:37
Халықаралық қарттар күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990 жылғы желтоқсанның 15-індегі № 45/106 қарары негізінде жыл сайын атап өтіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясында қарт адамдардың жалпы азаматтық және арнайы құқықтары мен мүдделері, оның ішінде жасы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру кепілдіктері бекітілген. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының жіктеуіне сәйкес қарт адамдарға 60 пен 74 жас, кәрілерге 75-89 жас аралығындағылар, ал ұзақ жасаушыларға жасы 90-нан асқандар кіреді. Бүгінгі таңда Қазақстанда 65 жастан асқандар халықтың 7,5 пайызын құраса, ал 2030 жылы 11,5 пайызын құрайтын болады. БҰҰ-ның бұл болжамы осы аумақтағы туудың төмендеуі мен ер адамдардың өлімінің жоғарылығына негізделген.
Кипр Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні (1960). Кипр - Жерорта теңізіндегі көлемі жағынан үшінші орындағы аралда орналасқан. Астанасы - Никосия қаласы. Мемлекеттік тілі - грек және түрік тілдері. Ақша бірлігі - кипр фунты. 1960 жылы Кипр тәуелсіздігін алды. Келісім бойынша Ұлыбританияның бірнеше әскери базасы Кипр жерінде қалып, әлі күнге дейін сонда. Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы сәуірдің 2-інде орнатылды.
Нигерия Федеративтік Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1960). Нигерия - Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде - Нигермен, шығысында Чад, Камерунмен, батысында Бенинмен, оңтүстігінде Гвинея шығанағымен шектеседі. Астанасы - Абуджа қаласы. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі. Ақша бірлігі - найра. Ел әкімшілік жағынан 36 штат пен федералдық аумаққа бөлінеді. Мемлекет басшысы - Президент. Жоғарғы заң шығарушы органы - Парламент.
Тувалудың Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1978). Тувалу - Тынық мұхитының батыс бөлігіндегі 9 атоллда орналасқан мемлекет. Басты аралы болып Фунафути атоллы есептелінеді. Астанасы - Фонгафале қаласы. Мемлекеттік тілі - тувалу және ағылшын тілдері. Ақша бірлігі - доллар. Мемлекеттік құрылысы конституциялық монархия. Мемлекет басшысы - Ұлыбритания королевасының өкілі генерал-губернатор. Үкімет басшысы - Премьер-Министр.
Палау Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1994). Палау - Тынық мұхитындағы Каролин аралдары тобындағы 200-ге жуық аралда орналасқан мемлекет. Астанасы - Корор қаласы. Ресми тілі - ағылшын тілі, сонымен қатар палау, каролин тілдері де кеңінен қолданылады. Ақша бірлігі - АҚШ доллары. Ел аумағы әкімшілік тұрғыдан 16 штатқа бөлінеді. Мемлекет пен үкімет басшысы - президент. Жоғары заң шығарушы органы қос палаталы парламент - Ұлттық конгресс (Сенат және депутаттар палатасы).
Палау аралдарын алғаш рет 1543 жылы испан теңізшісі Руи Лопес де Вильялобос ашқан. 16-17 ғасырларда испандықтар аралдарды толық отарлаған. 1910 жылы Германия аталмыш аралдарды сатып алған, ал 1914 жылы жапондар оккупациялаған. 1947 жылдан бастап Палау басқа Каролин аралдарымен бірге БҰҰ-ның қамқорлығына алынып, АҚШ басқаруындағы Тынық мұхиты аралдары құрамына кірген. БҰҰ-ның қамқорлық жөніндегі кеңесі 1986 жылы мамырдың 28-де қабылдаған 2183-ші резолюциясына сәйкес 1994 жылы қазанның 1-де ел өз тәуелсіздігін жариялады.
Бүкіләлемдік күлімсіреу күні
Жыл сайын қазанның бірінші жұмасында атап өтіледі. Бұл ғажайып мейрамның болуына әлем суретші Харви Бэллуға (Harvey Ball) борышты. 20 ғасырдың ортасында ол Америкада өмір сүрді. Оның шығармашылығы ешқандай қызығушылық танытпады. Бір күні сақтандыру компаниясының өкілдері келіп, есте тез сақталатын визитка карточкасын ойлап табуын сұрады. Харви көп ойланбастан тапсырыс берушілерге, қазір барлық интернет пайдаланушылар «смайлик» деп атайтын - күліп тұрған сары бетті ұсынды. Бұл 1963 жылы болатын. Тапсырыс берушілер оның ұсынған жұмысын қабылдап, компанияның жұмысшыларына таратып берді. Сосын бұл сүйкімді бет футболкаларда, бейсболкаларда, конверттерде, ашық хаттарда, сіріңке қораптарында пайда бола бастады. АҚШ-тың почтасы осы символмен маркалар шығарды.
Дүниежүзілік күлкі күні алғашқы рет 1999 жылы атап өтілді.