7-қараша

23 Тамыз 2013, 09:32

Ғылым мен бейбітшіліктің халықаралық апталығы. БҰҰ БА Саяси комитетінің 1988 жылғы қарашаның 8-дегі 43-ші сессиясының бастамасы бойынша жыл сайын атап өтіледі. Африканың ақпарат күні. 1977 жылғы қарашаның 7-11-і аралығында Кампала (Уганда) қаласында өткен Африка бірлігі ұйымына (АБҰ) мүше елдердің ақпарат министрлері конференциясының шешімі бойынша атап өтіледі. Ресейде әскери даңқ күні - Мәскеудің Қызыл алаңында Ұлы Октябрь Социалистік революциясының жиырма төртінші жылдығы құрметіне әскери шеру өткізілген күн (1941). Қырғызстан ақпарат және баспасөз күні. 1924 жылдың 7 қарашасы - ұлттық газет «Эркин-тоо» (қазір «Кыргыз Туусу») бірінші санының жарық көрген күні Қырғыз Республикасы Үкіметінің 1993 жылғы 1 қарашадағы Қаулысымен кәсіби мейрам болып бекітілген. 1931 жылы  Қарағанды облысында алғашқы радио хабары эфирге шықты. Қазір облыста ондаған радио торабы, 400 мың радио және 500 мыңнан астам теледидар нүктелері бар. Барлық аудандар мен қалаларда жергілікті радио хабары жұмыс істейді. 1963 жылы Мәскеу жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақ жастарының «Жас тұлпар» мәдени-ағарту ұйымы құрылды. Ұйымдастырушылары Мұрат Әуезов, Алтай Қадыржанов, Болатхан Тайжанов болды. 2000 жылы  «Ислам және өркениет» газеті жарық көрді. 1929 жылы  Алматыда «Қызыл әскер» - қазақ тіліндегі тұңғыш әскери газет аптасына бір рет шығып тұрды. Газет Кеңес өкіметінің қорғаныс қуатын арттыру, қазақ жастарын әскери өнерге баулу, офицерлердің әскери білімдерін кеңейту, еңбекшілердің Қызыл әскермен байланысын нығайту жолында жұмыс жүргізді. Қазақ дивизионын, атты әскер полкін жасақтау ісіне белсене атсалысты. Газеттің жұмысына І.Жансүгіров, А.Лекеров, Ә.Көшімов, т.б. белсенділер қатысып тұрды. Оның бүгінгі мұрагері - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің орталық баспасөз органы - «Қазақстан сарбазы» басылымы. 1945 жылы Алматыдағы Н.Сац атындағы Мемлекеттік орыс академиялық жасөспірімдер театрынның негізі қаланды. Наталья Ильинична Сац - 1918 жылы әлемдегі алғашқы балалар театрын құрды. Содан кейін, бүкіләлем бойынша 60-тан астам театрларды құрды, соның ішінде Қазақтың балалар мен жасөспірімдер театры. Ол «халық жауының» әйелі болғандықтан айдалуға ұшырап Алматыға жер аударды. Оны опера және балет театрының режиссері етіп тағайындады. Ұлы Отан соғысы кезінде Алматыда көптеген ұлы актер тұрды. Наталья Ильинична оларды балаларға арнап ұйымдастырылған кешке қатысуларын сұрады. Осыдан кейін ол балалар мен жасөспірімдер театрын құру туралы ұсынысымен хат жаза бастады. Бірақ жазылған хаттардың біріне Қазақстанның ОК КП (б) екінші хатшысы Шаяхметов Жұмабай үн қатты. 1944 жылғы қыркүйектің 6-ында Алматы қаласында балалар мен жасөспірімдер театрын құру туралы Жарлық шықты. Бір жылдан аса уақыттан кейін 1945 жылғы қарашаның 7-інде балалар мен жасөспірімдер театрдың алғашқы «Қызыл Телпек» атты спектакліне келді. Әр жылдары балалар мен жасөспірімдер театрының спектаклдерін Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген қайраткерлері Евгений Прасолов, Абрам Мадиевский және басқа да дарынды режиссерлер қойды. Актерлер - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртістері Валерия Крымская, Татьяна Тарская, Сергей Печорин, Григорий Ефимов, Дмитрий Скирта, Виктор Ашанин, Ольга Коржева, тағы да Тахир Восилов, Владимир Крылов, Ирина Арнаутова және басқалары. 2005 жылы  Қостанайда «Здоровое поколение» атты жастар орталығы ашылды. Орталық жасөспірімдер мен жастар арасындағы салауатты өмір салтын белсенді түрде насихаттайды, және балаларды үйрететін әр түрлі шаралар өткізеді. «Здоровое поколение» орталығы «Сорос-Қазақстан» қорының қолдауымен құрылды. 2005 жылы  Батыс Қазақстан облысының Қазталов-Жәнібек автожолының 51-ші шақырымында жаңа көпір ашылды. Аймақтық жол құрылысы бағдарламасы бойынша салынған көпірге 264 млн. теңге инвестиция жұмсалды. Мердігері «Асфа» ЖШС-і болды. Көпірдің іске қосылуы көлік қозғалысының тоқтап қалуын болдырмайды.

Ғылым мен бейбітшіліктің халықаралық апталығы. БҰҰ БА Саяси комитетінің 1988 жылғы қарашаның 8-дегі 43-ші сессиясының бастамасы бойынша жыл сайын атап өтіледі.

Африканың ақпарат күні. 1977 жылғы қарашаның 7-11-і аралығында Кампала (Уганда) қаласында өткен Африка бірлігі ұйымына (АБҰ) мүше елдердің ақпарат министрлері конференциясының шешімі бойынша атап өтіледі.

Ресейде әскери даңқ күні - Мәскеудің Қызыл алаңында Ұлы Октябрь Социалистік революциясының жиырма төртінші жылдығы құрметіне әскери шеру өткізілген күн (1941).

Қырғызстан ақпарат және баспасөз күні. 1924 жылдың 7 қарашасы - ұлттық газет «Эркин-тоо» (қазір «Кыргыз Туусу») бірінші санының жарық көрген күні Қырғыз Республикасы Үкіметінің 1993 жылғы 1 қарашадағы Қаулысымен кәсіби мейрам болып бекітілген.

1931 жылы  Қарағанды облысында алғашқы радио хабары эфирге шықты. Қазір облыста ондаған радио торабы, 400 мың радио және 500 мыңнан астам теледидар нүктелері бар. Барлық аудандар мен қалаларда жергілікті радио хабары жұмыс істейді.

1963 жылы Мәскеу жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақ жастарының «Жас тұлпар» мәдени-ағарту ұйымы құрылды. Ұйымдастырушылары Мұрат Әуезов, Алтай Қадыржанов, Болатхан Тайжанов болды.

2000 жылы  «Ислам және өркениет» газеті жарық көрді.

1929 жылы  Алматыда «Қызыл әскер» - қазақ тіліндегі тұңғыш әскери газет аптасына бір рет шығып тұрды.

Газет Кеңес өкіметінің қорғаныс қуатын арттыру, қазақ жастарын әскери өнерге баулу, офицерлердің әскери білімдерін кеңейту, еңбекшілердің Қызыл әскермен байланысын нығайту жолында жұмыс жүргізді. Қазақ дивизионын, атты әскер полкін жасақтау ісіне белсене атсалысты. Газеттің жұмысына І.Жансүгіров, А.Лекеров, Ә.Көшімов, т.б. белсенділер қатысып тұрды. Оның бүгінгі мұрагері - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің орталық баспасөз органы - «Қазақстан сарбазы» басылымы.

1945 жылы Алматыдағы Н.Сац атындағы Мемлекеттік орыс академиялық жасөспірімдер театрынның негізі қаланды. Наталья Ильинична Сац - 1918 жылы әлемдегі алғашқы балалар театрын құрды. Содан кейін, бүкіләлем бойынша 60-тан астам театрларды құрды, соның ішінде Қазақтың балалар мен жасөспірімдер театры. Ол «халық жауының» әйелі болғандықтан айдалуға ұшырап Алматыға жер аударды. Оны опера және балет театрының режиссері етіп тағайындады. Ұлы Отан соғысы кезінде Алматыда көптеген ұлы актер тұрды. Наталья Ильинична оларды балаларға арнап ұйымдастырылған кешке қатысуларын сұрады. Осыдан кейін ол балалар мен жасөспірімдер театрын құру туралы ұсынысымен хат жаза бастады. Бірақ жазылған хаттардың біріне Қазақстанның ОК КП (б) екінші хатшысы Шаяхметов Жұмабай үн қатты. 1944 жылғы қыркүйектің 6-ында Алматы қаласында балалар мен жасөспірімдер театрын құру туралы Жарлық шықты. Бір жылдан аса уақыттан кейін 1945 жылғы қарашаның 7-інде балалар мен жасөспірімдер театрдың алғашқы «Қызыл Телпек» атты спектакліне келді. Әр жылдары балалар мен жасөспірімдер театрының спектаклдерін Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген қайраткерлері Евгений Прасолов, Абрам Мадиевский және басқа да дарынды режиссерлер қойды. Актерлер - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртістері Валерия Крымская, Татьяна Тарская, Сергей Печорин, Григорий Ефимов, Дмитрий Скирта, Виктор Ашанин, Ольга Коржева, тағы да Тахир Восилов, Владимир Крылов, Ирина Арнаутова және басқалары.

2005 жылы  Қостанайда «Здоровое поколение» атты жастар орталығы ашылды.

Орталық жасөспірімдер мен жастар арасындағы салауатты өмір салтын белсенді түрде насихаттайды, және балаларды үйрететін әр түрлі шаралар өткізеді. «Здоровое поколение» орталығы «Сорос-Қазақстан» қорының қолдауымен құрылды.

2005 жылы  Батыс Қазақстан облысының Қазталов-Жәнібек автожолының 51-ші шақырымында жаңа көпір ашылды. Аймақтық жол құрылысы бағдарламасы бойынша салынған көпірге 264 млн. теңге инвестиция жұмсалды. Мердігері «Асфа» ЖШС-і болды. Көпірдің іске қосылуы көлік қозғалысының тоқтап қалуын болдырмайды.

Бөлісу: