3-қараша

23 Тамыз 2013, 09:32

Панама Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1903). Панама - Орталық Америкада орналасқан мемлекет. Шығысында және оңтүстік-шығысында Колумбиямен, батысында Коста-Рикамен, солтүстігінде Кариб теңізімен, оңтүстігінде Тынық мұхитымен шектеседі. Астанасы - Панама қаласы. Мемлекеттік тілі - испан тілі. Ақша бірлігі - бальбоа. Доминика Достастығының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1978). Доминика - Кіші Антиль аралдар тобындағы өзі аттас аралда орналасқан мемлекет. Астанасы - Розо қаласы. Ресми тілі - ағылшын тілі және француз тілі негізінде пайда болған жергілікті креол тілі. Ақша бірлігі - шығыс кариб доллары.  Жапониядағы мәдениет күні. Мәдениет күні - жапондықтарға уақыттарын ақыл-есі мен жан-тәні үшін ыңғайлы өткізуге мүмкіндік беретін бүкілхалықтық демалыс күні. Әдетте Мәдениет күні әдебиеттегі, поэзиядағы, бейнелеу өнеріндегі сіңірген еңбектері үшін марапаттау мен сыйлық тапсыру салтанаттары өтеді. Әсіресе жас жазушылардың жетістіктері айрықша аталып өтеді, сөйтіп, жастар арасында әдебиетті бағалау әдетін дамытуға және дәріптеуге мүмкіндік береді. 1994 жылы  Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Жезді кентінде және Қарсақпай ауылында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Тау-кен және балқыту ісінің тарихы мұражайы мен академик Қ.И.Сәтбаевтың Мұражай-үйінің ашылу салтанаты болып өтті. Республика Президенті мұражайдың ұйымдастырылуына жоғары баға беріп, мыс қорытпасынан құйылып, бабалар әдісі бойынша жасалған көне балқыту пешінің істеп тұрған кішігірім нұсқасында экспонат құйып тарту етті. Мұражай үш бөлімнен тұрады - тау-кен және балқыту ісінің тарихы, тарих және экскурсиялық жұмыс бөлімі, мұрағаттар сақталған, көркемөнер шеберханасы, кітапханасы бар қорлар бөлімі. Қ.И.Сәтбаевтың мұражай-үйінде академиктің өмір жолын және Қарсақпай зауытының тарихын зерттеуге арналған бөлім бар. 2004 жылы  Қазақстанда тұңғыш рет екі жарналық инвестициялық қор «Compass Портфельдік Инвестициялар» және «Compass Тікелей Инвестициялар» қорлары құрылды. Бірінші қор инвестицияларының мерзімі бес жылды құрайды. «Compass Тікелей Инвестициялар» қорын құрудағы мақсат - бірлестіктердегі, жер учаскелерін, Қазақстандағы және шет елдердегі жылжымайтын мүлік пен құрылыс нысандарын қоса есептегендегі тартымды қаржылық құралдарды инвестициялау. Бұл қор инвестицияларының мерзімі - жеті жыл.

Панама Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1903). Панама - Орталық Америкада орналасқан мемлекет. Шығысында және оңтүстік-шығысында Колумбиямен, батысында Коста-Рикамен, солтүстігінде Кариб теңізімен, оңтүстігінде Тынық мұхитымен шектеседі. Астанасы - Панама қаласы. Мемлекеттік тілі - испан тілі. Ақша бірлігі - бальбоа.

Доминика Достастығының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1978). Доминика - Кіші Антиль аралдар тобындағы өзі аттас аралда орналасқан мемлекет. Астанасы - Розо қаласы. Ресми тілі - ағылшын тілі және француз тілі негізінде пайда болған жергілікті креол тілі. Ақша бірлігі - шығыс кариб доллары.

 Жапониядағы мәдениет күні. Мәдениет күні - жапондықтарға уақыттарын ақыл-есі мен жан-тәні үшін ыңғайлы өткізуге мүмкіндік беретін бүкілхалықтық демалыс күні. Әдетте Мәдениет күні әдебиеттегі, поэзиядағы, бейнелеу өнеріндегі сіңірген еңбектері үшін марапаттау мен сыйлық тапсыру салтанаттары өтеді. Әсіресе жас жазушылардың жетістіктері айрықша аталып өтеді, сөйтіп, жастар арасында әдебиетті бағалау әдетін дамытуға және дәріптеуге мүмкіндік береді.

1994 жылы  Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Жезді кентінде және Қарсақпай ауылында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Тау-кен және балқыту ісінің тарихы мұражайы мен академик Қ.И.Сәтбаевтың Мұражай-үйінің ашылу салтанаты болып өтті.

Республика Президенті мұражайдың ұйымдастырылуына жоғары баға беріп, мыс қорытпасынан құйылып, бабалар әдісі бойынша жасалған көне балқыту пешінің істеп тұрған кішігірім нұсқасында экспонат құйып тарту етті.

Мұражай үш бөлімнен тұрады - тау-кен және балқыту ісінің тарихы, тарих және экскурсиялық жұмыс бөлімі, мұрағаттар сақталған, көркемөнер шеберханасы, кітапханасы бар қорлар бөлімі. Қ.И.Сәтбаевтың мұражай-үйінде академиктің өмір жолын және Қарсақпай зауытының тарихын зерттеуге арналған бөлім бар.

2004 жылы  Қазақстанда тұңғыш рет екі жарналық инвестициялық қор «Compass Портфельдік Инвестициялар» және «Compass Тікелей Инвестициялар» қорлары құрылды. Бірінші қор инвестицияларының мерзімі бес жылды құрайды. «Compass Тікелей Инвестициялар» қорын құрудағы мақсат - бірлестіктердегі, жер учаскелерін, Қазақстандағы және шет елдердегі жылжымайтын мүлік пен құрылыс нысандарын қоса есептегендегі тартымды қаржылық құралдарды инвестициялау. Бұл қор инвестицияларының мерзімі - жеті жыл.

Бөлісу: