23 Тамыз 2013, 09:31
2001 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы ашылды. Мұражайдың басты мақсаты қуғын-сүргін құрбандары болған қоғам және мемлекет қайраткерлерінің өмірбаяндарын, суреттерін жинастыру.
2006 жылы Қазақстан алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесіне (ЭӘК) мүше болып сайланды. 54 мүше мемлекеттен тұратын ЭӘК БҰҰ-ның 14 мамандандырылған мекемесінің, 10 функционалдық және 5 өңірлік комиссиясының жұмысын үйлестіреді, БҰҰ жүйесінің ұйымдарына және мүше-мемлекеттерге ұсыныс береді. БҰҰ Жарғысына сәйкес ЭӘК халықтың тұрмыс деңгейін көтеруге көмектесу үшін, адамдардың еңбекпен толық қамтылуына, экономикалық және әлеуметтік прогреске жауап береді.
2004 жылы Жамбыл облысы Амангелді газ кен орнында реттік саны 114-інші болған 14-інші бұрғылау орны іске қосылды.
2005 жылы Қырғызстанда Қазақстандық инвесторлар мен кәсіпкерлер қауымдастығы құрылды. Бұл Қауымдастық олардың заңды мүдделерін қорғап, Қырғызстандағы Қазақстан бизнесін ілгерілетуге үлес қосатын болады Қырғызстан экономикасына кеңінен таныстырылған қазақстандық кәсіпкерлердің кездесуін Бішектегі Қазақстан елшілігі ұйымдастырып отыр. Қазақстан елшілігінде өткен кездесуде Қауымдастықтың кеңесі сайланды.
2007 жылы Алматы облысы Қарасай ауданының Ұлан ауылында жаңа мешіт ашылды. Мешіт «Кремлевский» қызыл кірпішінен көтерілген және 220 адамға есептелген. Күмбездері тот баспайтын құрыштан жасалған.
2009 жылы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласында Словакия Республикасының Құрмет елшілігі ашылды. Қазақстан мен Словакия елдерінің арасындағы қарым-қатынас екі он жылдық бойы жалғасып келеді. Екі ел арасындығы ынтымақтастықтың себебінің бірі - атомдық энергетиканың дамуы.
Курчатов қаласынның таңдалуы бекер емес, өйткені онда атомды бейбіт мақсатында зерттеу және өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Курчатов қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы ашылды. Шығыс және Солтүстік Қазақстан арасында Курчатов қаласының орналасуы өте ыңғайлы, ол екі облыстың байланыстырып тұрған түйіні болып табылады. Бұл елшілік өңірге Шығыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары кіреді.
2009 жылы Перта қаласында (Батыс Австралия штаты, Австралия) Қазақстан Республикасының Австралиядағы Құрмет елшілігі ресми түрде ашылды. Ашылу рәсіміне ресми тұлғалар және Батыс Австралия штатының іскерлік орталарының өкілдері қатысты.
Шара аясында ресми тұлғалардың және іскерлік орталық өкілдерінің қатысуымен, еліміздің инвестициялық климатының даму мәселелері мен потенциалды салалардың түсау кесеріне австралиялық инвестицияларды тарту барысында «дөңгелек үстел» өткізілді. Батыс Австралия ең ірі австралиялық штаттардың бірі болып саналады, жасыл континенттың үштен бір бөлігін алады, ол Қазақстанның жер көлеміне сәйкес. Штаттың экономикалық қызметінің ең басты бағыттары: кен өндіру, мұнай газ өнеркәсібі және аграрлық сектор болып табылады.